«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет33/124
Дата12.09.2023
өлшемі1.97 Mb.
#477307
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124
силлабус-каз2012-2013

Ситуациялық есептер
1. Науқаста «жыбырлақ» және жүректің мұздауы, жүректің қатты қағуы сезімі пайда болған. ЭКГ: ритмі дұрыс емес, жеке қарыншалық кешен 0,12 сек дейін кеңейген, деформацияланған,оның алдында R-R аралығы қысқарған, содан кейін ұзарған пауза, алдында Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай жүрек ырғағы бұзылыстары болуы мүмкін?
А. атриовентрикулярлы экстрасистолия;
В. қарыншалық экстрасистолия;
С. пароксизмальды тахикардия;
D. жүрекшелік экстрасистолия;
E. жүрекше жыбыры.

2. Науқас 42 жаста, 2 жыл бұрын миокард инфарктін алған, физикалық күштемеден кейін жүректің қатты соғуы, ол ентігумен, ауа жетіспеуімен, жалпы әлсіздікпен қосарланғанына шағымданады. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардия. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардияның ең негізгі белгісін атап көрсетіңіз:


А. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, әрбір QRS кешені алдында Р тісшесі;
В. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, QRS кешені өзгермеген, Р тісшесі жоқ;
С. ЖСЖ 120 рет минутына,ырғағы дұрыс, Р тісшесі QRS кешені алдында;
D. Р тісшесі жоқ, II, III, AVF, V1-V2 әкетілерінде F толқыны;
E. ЖСЖ 140-220, кеңейген, деформацияланған 0,12 сек ұзақ QRS кешені.

3. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болған. Жүрек тондары қатты, ритм дұрыс емес. Жүрек түрткісінде қысқарған систолалық шу. ЖСЖ – 1мин 108 рет, пульс - 1мин 78 рет, аритмді. ЭКГ да: R-R- әртүрлі, f толқыны II,III av F, V1; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ритмдік бұзылыс бар?


А. пароксизмальды тахикардия AV-түйінде;
В. қарыншалық экстрасистолия;
С. жүрекшенің экстрасистолиясы;
D. жүрекшенің тыпыры;
E. жүрекшенің жыбыры.

4. 52 жаста ер адам 3 апта бойы жіті миокард инфарктімен бөлімшеде емделуде. ЭКГ QRS кешенінің жиі түсіп қалуымен жүретін, біртіндеп ұзарған P-Q интервалы пайда болған. ЭКГ қандай ырғақ бұзылысы ең маңызды:


А. синоаурикулярлы блокада II сатысы;
В. АV блокада II дәрежесі. Мобица I;
С. АV блокада II дәрежесі. Мобица II;
D. АV блокада III дәрежесі.
E. АV блокада I дәрежесі.

5. Науқас 60 жаста диагнозы: ЖИА инфарктан кейінгі кардиосклероз кенеттен есін жоғалтқан. Эпилепсиялық тырысулармен, еріксіз дефекация, зәр шығару жалғасқан. ЭКГ-да АV-блокаданың II дәрежесі, Мобитц II. Қандай өзгерістер ЭКГ да патологияны анық көрсетеді?


А. Р-Q біркелкі ұзаруы QRS әр 2 комплекстен кейін түсіп қалуы;
В. Р-Q интервалының біртіндеп ұзаруы, QRS комплексінің түсіп қалуы;
С. Р-Q интервалның 0,12" қысқаруы, дельта толқын;
D. Р-Q интервалның 0,20" ұзаруы;
E. QRS V5-V6 комплексінің кеңеюі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет