«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет69/124
Дата12.09.2023
өлшемі1.97 Mb.
#477307
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
силлабус-каз2012-2013

Сабақ № 4 Тақырыбы : Тағамдық токсикоинфекция
Мақсаты: тағамдық токсикоинфекциялар, ішек инфекцияларының ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем шаралары алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Оқыту міндеттері:

  1. Тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиясы, патогенезі, клиникасымен студенттерді таныстыру

2. Тағамдық токсикоинфекциялардың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
3. Жіті ішек инфекцияларының ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру
4. Эксикоздың диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиясы, патогенезі

  2. Тағамдық токсикоинфекциялардың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмі

  3. Жіті ішек инфекцияларының ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем і

  4. Эксикоздың диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмі



Оқыту әдістері: ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.

  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М. Михайловича, 2004. -704 с.


Бақылау:
Тестілер
1. Тағамдық токсикоифекцияға тән негізгі симптом:
A. Ұзаққа созылатын қызба
B. Диарея
C. Құсу
D. Сигма тәрізді ішектің спазмы мен ауру сезімі
E. Эпигастрийдегі толғақ тәрізді ауру сезімі

2. Тағамдық токсикоинфекциядағы дегидратационды шогқа тән негізгі симптом:


A. Тахикардия
B. Гипотония
C. Бассүйек ішілік гипертензия
D. Аяқ бұлшықетінің тырысуы
E. Ішектік қан кету

3.Ауыз арқылы регидратацияда қандай ерітінді қолданылады:


A. Глюкоза
B. Рингер ерітіндісі
C. Натрий гидрокарбонаты
D. Регидрон
E. Дисоль

4. Әдетте тағамдық токсикоинфекциядағы инкубациялық кезең ұзақтығы:


А. 6 сағаттан кем
B. 6 сағаттан 24 сағатқа дейін
С.25 сағаттан 48 сағатқа дейін
D. 48 сағаттан 96 сағатқа дейін
Е. 96 сағаттан артық

5. Улы саңырауқұлақтармен уланумен тағамдық токсикоинфекцияны ажырату диагностикасын жүргізуге болады:


А. Жүрек айну, құсу, жиі сұйық нәжіс.
B. Су – электролиттік бұзылыстар
С. Іштің ауруы
D. бауырдың ерте ұлғаюы және ауру сезімі, сарғаю
Е. Бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, гипотония

6. Іш сүзегіне тән патоморфологиялық өзгерістер:


A. Ащ ішектегі серозды – геморрагиялық қабыну
B. Ащ ішектегі жаралы –некроздық процесс
C. Ащ ішектің сегментарлы флегмонасы
D. Тоқ ішектегі жаралы процесс
E. Ішектегі тоталді жаралы процесс

7. Іш сүзегі бар науқастың ішін пальпациялағанда байқалады:


A. Илеоцекальді аймақтың ауру сезімі
B. Ішектердің спазмы
C. Бұлшықеттік дефанс
D. Құрсақ қабырғасының қатаюы
E. Сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі

8. Іш сүзегі бар науқасты қарау кезінде анықталады:


A. Беттің гиперемиясы, склера тамырының инъекциясы
B. Тері жамылғымының бозаруы, бетінің ісінуі
C. Беттің гиперемиясы, конъюктивит
D. Тері жамылғысының бозаруы, лимфаденопатия
E. Тері жамылғысының бозаруы, цианоз, акроцианоз
9. Сальмонеллездік инфекцияны гастроинтестинальді формасының патогенезінің негізгі факторы:
A. Катаральді гастроэнтерит
B. Өткінші бактеремия және токсинемия
C. Токсикалық энцефалит
D. Жаралы проктосигмоидит
E. Дегидратация

10. Сальмонеллездің генерализацияланған формасының патогенезінің негізгі факторы:


A. Ұзаққа созылған бактеремия және токсинемя
B. Дегидратациялық шоктың дамуы
C. Аденилциклазаның активациясы
D. Функциональді адаптивті процесстің бұзылысы
E. Гранулематозды колит

11. Сальмонеллез кезінде асөазан ішек жолдары жағынан қандай симптом тән:


A. Падалка симптомы
B. Көп реттік құсу
C. Сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі
D. Гипотония, брадикардия
E.Энтериттің симптомы

12. Қандай ішек инфекциясында айқын гемоколит кездеседі?


A. Дизентерия
B. Тырысқақ
C. Ротавирусты инфекция
D. Оба
E. Эшерихоз

13. Сальмонеллездік инфекцияны гастроинтестинальді формасының патогенезінің негізгі факторы:


A. Катаральді гастроэнтерит
B. Өткінші бактеремия және токсинемия
C. Токсикалық энцефалит
D. Жаралы проктосигмоидит
E. Дегидратация

14. Аталғандардың ішінен тағамдық токсикоинфекцияға ТӘН ЕМЕС белгіні таңдаңыз:


A. гастроэнтерит
B. жарамсыз тағамды қабылдау
C. қысқа инкубационды кезең
D. жағдайының тез жақсаруы
E. «кофе қою» ытәрізді құсық

15.Ауыз арқылы регидратацияда қандай ерітінді қолданылады:


A. Глюкоза
B. Рингер ерітіндісі
C. Натрий гидрокарбонаты
D. Регидрон
E. Дисоль




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет