Сабақ № 5 Тақырыбы : Жұқпалы -токсикалық шок
Мақсаты: жұқпалы -токсикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем шараларымен студенттерді таныстыру.
Оқыту міндеттері:
Жұқпалы -токсикалық шоктың этиологиясы, патогенезі, клиникасымен студенттерді таныстыру
Жұқпалы -токсикалық шоктың клиникалық жіктелуімен студенттерді таныстыру
3. Жұқпалы -токсикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
. Жұқпалы -токсикалық шоктың этиологиясы
. Жұқпалы -токсикалық шоктың патогенезі
. Жұқпалы -токсикалық шоктың клиникалық жіктелуі
4. Жұқпалы -токсикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикасы мен жедел жәрдем алгоритмі
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау:
Тестілер
1.Компенсацияланған инфекциялық токсикалық шоктың симптомдары, біреуінен басқа:
A. Терінің бозаруы
B. Гипертермия
C. Олигоурия
D. Қозғыштық
E. Тахикардия
2. Декомпенсацияланған инфекциялық токсикалық шоктың симптомдары, біреуінен басқа:
A. Акроцианоз
B. Гипертермия
C. Естің бұзылуы
D. Брадикардия
E. АҚ төмендеуі
3. Тағамдық токсикоинфекциядағы болатын дегидратациялық шокқа тән негізгі симптомды таңдаңыз:
A. тахикардия
B. гипотония
C. басішілік гипертензия
D. қол-аяқ бұлшықеттерінің тырысуы
E. ішектен қан кету
4. Тырысқақ шақырған гиповолемиялық шокқа мыналар тән, біреуінен басқасы:
A.Тахикардия, еңтігу, цианоз, гипотензия
B. Көп рет, көп мөлшердегі іш өту
C. Анурия
D. Айналымдағы қан мен плазманың массасының төмендеуі, қанның қоюлануы
E. Артериалды қанның гипоксиясы, веналық қанның гипероксиясы
5. Менингококкцемияға тән белгі:
A. аз интоксикация
B. айқын интоксикация
C. ауруының басталғанының 1 тәулігінде геморрагиялық бөртпелер пайда болуы
D. ауруының басталғанының 1 аптасының соңында геморрагиялық пайда болуы
E. оң менингеальды симптомдар
6. Сібір жарасының өкпелік формасына және плевропневмонияға келтірілген симптомдардың бәрі ортақ, біреуінен басқасы:
A. Кеуде қуысындағы ауру сезімімен жедел басталуы
B. Тахипное
C. “Тот басқан” қақырық, қан түкіру
D. Айқын физикальды көріністер – перкуторлы дыбыстың күрт қысқаруы, ылғалды сырылдар
E. Токсикалық шоктың дамуы
7. Ерте жастағы балалардағы 2-ші дәрежелі токсикозға бәрі жатады, мынадан басқасы:
A. Шырышты қабаттардың құрғауы
B. Олигурия
C. Үлкен еңбегінің төмен түсуі
D. Қалыпты диурез
E. Тіндер тургорының төмендеуі
8. Нейротоксикозға мыналар тән,мынадан басқасы:
A. Тырысу
B. Естің бұзылуы
C. Гипертермия
D. Шырышты қабаттардың құрғауы
E. Гиперпноэ
9. Тұмау кезіндегі токсикоинфекциялық шокқа бәрі тін, мынадан басқасы:
A. лоқсу, құсу, диарея
B. артериалды қан қысымының төмендеуі
C.ентігу
D. анурия
Е.тахикардия
10.Тұмау кезіндегі мидың ісінуінде болатын клиникалық симптомға бәрі кіреді, БІРЕУІНЕН БАСҚА:
А.Есінің бұзылуы,басының күрт ауруы
В.Клонико-тоникалық тырысу,психомоторлық қозу
С.Көпреттік құсу
D.Тыныстың бұзылуы
Е.Стенотикалыық тыныс
11. Менингеалді синдром қандай вирусты инфекцияға нақты тән:
A. Тұмау
B. Аденовирусты инфекция
C. Парагрипп
D. Риновирусты инфекция
E. Коронаровирусты инфекция
12. Оба індетінің бубонды түрінің жиі асқынуы болып табылады:
А. Септицемия
В. Пневмония
С. Менингит
D. Флегмона
Е. Тілмелі қабыну
13. Геморрагиялық қызбаның нәтижесі болуы мүмкін, біреуінен басқа:
A. Инфекциядан кейінгі анемия
B. Созылмалы тубулоинтерстициальды нефропатия
C. Инфекциядан кейінгі миокариодистрофия
D. Созылмалы пиелонефрит
E. Инфекционды токсикалық шок
Достарыңызбен бөлісу: |