«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет10/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#124693
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Ситуациялық есептер

1. Спонтанды пневмотораксы бар науқаста жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болды,ортаралық ағзалар қарама-қарсы жаққа қарай ығысты,сау өкпенің желденуі азайды. Қандай асқыну болуы мүмкін?



  1. пневмония

  2. жіті бронхит

  3. кернелген пневмоторакстың дамуы

  4. теріастылық эмфизема

  5. тыныс жолдарында бөгде зат

2.Кеуде жарақатымен науқаста кенеттен беті ісінді, мойны және басы көлемі жағынан ұлғайды. Пальпацияда крепитация (қар сықыры. анықталады. Қандай патологияны ойлауға болады?



  1. Ашық пневмоторакс

  2. Жабық пневмоторакс

  3. Кернелген пневмоторакс

  4. Гемоторакс

  5. Кеуде аралық эмфиземасы

3. Жоғары қызбамен және қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелмен 60- жасар науқас мас күйінде табылды. Шағымдары: ентігу, айқын үдемелі әлсіздік, кеуде торындағы ауру сезімі, қалтырау. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, оң өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар. ТЖ 24, ААҚ 90/60, ЖСЖ минутына 120 рет.

Болжам диагноз:



  1. Өкпе абсцесі

  2. Эксудативты плеврит

  3. Оң жақтық крупозды пневмония

  4. Аспирациялық пневмония

  5. Жедел респираторлы синдром.

4. 62- жасар ер кісі дене температурасының жоғарлауына, қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінен: жедел ауырған. Объективті: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің тығыздануының клиникалық белгілері. Болжама диагноз:



  1. Пневмококкты пневмония

  2. Фридлендер пневмониясы

  3. Аспирациялық пневмония

  4. Паракарциноидты пневмония

  5. Интерстициалды пневмония

5.Терапиялық бөлімшеге 80 жасар науқас түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасының 39,3 С жоғарлауы, басының ауруы, әлсіздік. Жедел ауырған , бір күн бұрын тағам қалдығымен шашалып, қатты жөтелу мазалаған. Лор-дәрігер кеңесі: патология анықталмаған. Кеуде ағзаларының рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация. Бұл науқаста пневмонияның қай түрі дамыған:



  1. Пневмококкты пневмония

  2. Стафилококкты пневмония

  3. Фридлендер пневмониясы

  4. Аспирационды пневмония

  5. Паракарциноидты пневмония

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

2 сабақ. Тақырыбы: Ларингоспазм, бронхоспазм.



Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда ларинго-бронхоспастикалық жағдайлардың диагностикасы мен жедел жәрдемі көрсету дағдыларын студенттерде дамыту

Оқыту міндеттері:

1.Студенттерді ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлармен таныстыру

2. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде жедел стеноздық ларингиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.

3. Студенттерді жедел бронхиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.

4. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде бронх демікпесі ұстамасының клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.

5. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.

6. Студенттерді бронхолитикалық, муколитикалық дәрілердің клиникалық фармакологиясымен таныыстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлар.

2. Жоғарғы тыныс жолдарының бөгде дене түсуімен, аллергиялық реакциялармен шақырылған бронхоспазм, ларингоспазм кезінде жедел жәрдем көрсету.

3.Жіті стеноздық ларингит, диагностикасы, күлдің салыстырмалы диагностикасы



4. Созылмалы обструктивті бронхит, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, клиникасы және жедел жәрдем

5. Бронх демікпесі, жіктелуі, асқынулары

6. Бронх демікпесі ұстамасының ауырлығын бағалау денгейі, ауруханаға дейінгі сатыда бронх демікпесінің тұншығу ұстамасын басу.

7. ЖМЖ жағдайында ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды басу үшін небулайзер қолдану.


Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2007. =704.

3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б

4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.

5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.

6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:
Тесттер

1. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы ларингостенозға тән:



  1. экспираторлы ентігу, қақырық аралас жөтел

  2. инспираторлы ентігу, үрген жөтел

  3. шулы, ысқырықты, дистанционды құрғақ сырыл

  4. құрғақ жөтел , тері жамылғысының бозаруы

  5. құрғақ жөтел , тырысулар

2.14 жас аралығындағы балаларда небулайзер арқылы бронхолитиктердің бір реттік мөлшері:



  1. 5-20 тамшы

  2. 20-40 тамшы

  3. 40-60 тамшы

  4. 60-80 тамшы

  5. 80 және оданда жоғары тамшы

3. Комбинирленген препарат беродуал құрамы:



  1. пульмикорт және атровент

  2. беротек және интал

  3. изопреналин және будесонид

  4. астмопент және беротек

  5. фенотерол және ипратропиум бромид

4. Нәрестелерде ларингостеноздың дамуына мына себеп басым болады:



  1. бронх шырышының ісінуі

  2. бронх тегіс бұлшықеттерінің спазм

  3. альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысы

  4. тыныс орталығының жетілмеуі

  5. кеңірдектің кең болуы

5. Ларинготрахеит, стеноздың I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем



  1. глюкокортикоидтар

  2. эуфиллин

  3. оттегі

  4. сілтілі ингаляция

  5. кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

6. Ларинготрахеит, көмекей стенозының I I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем:



  1. эуфиллин

  2. -стимуляторлар

  3. глюкокортикоидтар

  4. өкпені жасанды желдендіру

  5. гипотензивті дәрілер

7. Бронх демікпесі клиникасына тән:



  1. тот басқан қақырықты жөтел

  2. өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар

  3. өкпеде ысқырықты сырылдар

  4. инспираторлы ентігу

  5. перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу

8. Аталған дәрілердің қай тобында бронхкеңейткіш әсері бар?



  1. b2-адреномиметиктер

  2. М-холиномиметиктер

  3. ганглиоблокаторлар

  4. a-адреноблокаторлар

  5. нитраттар

9. Шынайы дифтериялық крупқа мына белгілер тән:



  1. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

  2. дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

  3. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

  4. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

  5. стеноз кенеттен пайда болады, әсіресе түн мезгілінде

10. Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі ұстамасымен науқастарға жедел көмек көрсетудің дұрыс ретін көрсетіңіз:



  1. сальбутамол, эуфиллин, преднизолон

  2. интал, эуфиллин, преднизолон

  3. пульмикорт, оттегі, эуфиллин

  4. преднизолон, эуфиллин, оттегі

  5. эуфиллин, преднизолон, задитен

11. БД ұстамасымен науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер:



  1. БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

  2. 1-2 сағат көлемінде бронх кеңейткіш препараттар нәтижесінің болмауы

  3. БД жеңіл ұстамасы

  4. БД гормонға тәуелді формасымен барлық науқастар

  5. Қосымша аурулардың болуы

12. Төменде аталған препараттардың қайсысы селективті b2-адреномиметик болып табылады ?



  1. адреналин

  2. преднизолон

  3. эуфиллин

  4. атровент

  5. беротек

13. b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну дамиды?



  1. анафилактикалық шок

  2. өкпенің ісінуі

  3. кененттен өлім

  4. демікпелік статус

  5. гипертензивті криз

14. БД ұстамасының жедел терапиясында таңдаулы препарат болып табылады:



  1. ұзақ әсер ететін b2-агонисттер

  2. қысқа әсер ететін b2-агонисттер

  3. b1 және b2 агонисттер

  4. антихолинергиялық препараттар

  5. ИГКС

15. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы (ПСВ. төмендегі әдістің көмегімен анықталады:



  1. пульсоксиметр

  2. спирометр

  3. глюкометр

  4. пикфлоуметр

  5. пневмотахометр


Ситуациялық есептер

1. 63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады. Науқасқа қандай препаратты енгізу қажет?



  1. интал

  2. алупент

  3. теофиллин

  4. +преднизолон

  5. тербуталин

2. 13 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, тамағында жыбырлау сезімі. Дене температурасы 37,5°С. 3 күн бері ауырады, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында дем шығаруы ұзарған везикулярлы тыныс, құрғақ сырыл. Сіздің болжам диагнозыңыз:



  1. бронх демікпесі

  2. созылмалы бронхит

  3. жедел бронхит

  4. құрғақ плеврит

  5. пневмония

3. Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

Сіздің болжам диагнозыңыз:


  1. . Өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы

  2. Бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I

  3. Екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I

  4. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі .

  5. Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.

4. Науқас 24 жаста. Құрғақ, қатаң, «үрген» тәрізді жөтел, тұншығу мазалайды. Анамнезінде: қатты суық тиіп апта бойы ауырған. Қарап-тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Мойын бездері екі жағынан ұлғайған, басқанда шамалы ауырады. Бездердің айналасындағы тіндер ісінген, дауысының қарлығуы үдеп, тұрақты афонияға ауысқан. Аңқасын қарағанда: ақ сұр түсті қиын алынатын жабындылармен жабылған. Тынысы шулы. Өкпесінде а везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?



  1. шынайы дифтериялық круп фонында жітілеу көмей стенозы

  2. жіті фарингит

  3. демікпе статусы

  4. созылмалы фарингиттің өршуі

  5. кеңірдекте бөгде зат

5. Науқас Д., 55 жаста. Кәсібі көлік жүргізушісі. Шырышты– іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Аталған шағымдар бүгін күндіз басталған. Суықта тұрып ұзақ уақыт көлігін жөндеген. Ешқайда қаралмаған, ем қабылдамаған. Бұрын 10-15 жылдан бері таңертіңгісін құрғақ жөтел мазалап жүрген. дене температурасы 37,5 С. ТЖ – 23 минутына. Өкпе аускультациясы: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірікөпіршікті сырылдар. Өкпе перкуссиясында қорап тәрізді дыбыс. Болжам диагнозыңыз:

  1. пневмония

  2. бронхэктаз ауруы

  3. созылмалы обструктивті бронхит

  4. өкпе туберкулезі

  5. жіті плеврит

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

3 сабақ. Тақырыбы: Өкпеден қан кету
Мақсаты: өкпеден қан кетудің диагностикасы мен емдеу дағдыларын студенттерде дамыту.

Оқыту міндеттері:


  • Студенттерді өкпеден қан кетудің себептерімен, клиникасымен таныстыру.

  • Студенттерді өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасымен таныстыру

  • Студенттерге ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикасына және жедел жәрдеміне үйрету.




  • Ознакомить студента с особенностями ОДН у детей.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өкпеден қан кетудің себептері.

2.Өкпеден қан кетудің клиникасы.

3. Өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасы.

4. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикалық тізбегі.

5. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің жедел жәрдем тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2004. =704.


Бақылау:

Тестілер
1. Өкпеден қан кетуге күмән тудырады:

  1. қан аралас құсық

  2. зәрде қанның болуы

  3. қақырықта қанның болуы

  4. нәжісте қанның болуы

  5. кеуде клеткасындағы ауру сезімі

2. Төменде аталған аурулардың қайсысы өкпеден қан кетумен асқынуы мүмкін :



  1. ауруханадан тыс пневмония

  2. бронхоэктаз ауруы

  3. бронх демікпесі

  4. өкпе поликистозы

  5. созылмалы бронхит

3.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпеден қан кету және гемодинамика тұрақты болса, емдеудің қай әдісі тиімді:



  1. седативты препараттар

  2. тыныс аналептиктері

  3. эуфиллин енгізу

  4. дицинон енгізу

  5. жүрек гликозидтері

4. Өкпеден қан кетуге төменде келтірілген белгілердің қайсысы тән:



  1. қара-қоңыр түсті қанның бөлінуі

  2. қан алқызыл түсті, көпіршікті

  3. «тот басқан» қақырық

  4. анамнезінде темекі өте көп шегетіндігі ескерілген

  5. қан дене қалпын өзгерткен жағдайда пайда болады

5. Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақыт қан түкіру ең алдымен қандай сырқатқа күмәндандырады?



  1. бронхтың қатерлі ісігі

  2. бронхоэктаз ауруы

  3. созылмалы қбструктивті бронхит

  4. туберкулездің инфильтративті түрі

  5. пневмокониоз

6. Өкпеден қан кетудің көзін диагностикалау үшін негіз болып табылады :

  1. науқасты физикалық зерттеу

  2. спирография

  3. өкпе рентгенографиясы

  4. бронхоскопия

  5. бронхография

7. Өкпеден қан кету кезінде аталған емдік шаралардың бәрі жүргізіліді, БІРЕУІНЕН БАСҚА :



  1. кіші қанайналым шеңберінде қысымның төмендеуі

  2. қантамырлар өткізгіштігінің төмендеуі

  3. тромболитикалық терапия

  4. Қанайналымдағы қан көлемінің қалпына келуі

  5. Қанның ұю қабілетінің жоғарлауы

8. Өкпеден қан кетуде көрсетілетін жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекеті :



  1. науқасты тыныштандыру, күрт қимылдардан сақтандыру, сөйлеуге тиым салу, дицинон енгізу

  2. тыныс аналептиктері, кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

  3. кеуде клеткасына суық басу, жүрек гликозидтері

  4. реанимация бөліміне шұғыл жеткізу

  5. гормоналды дәрілерді енгізу, антиоксиданттар

9. Өкпеден қан кетудің дамуына ықпал етеді:



  1. артериалды гипертензия

  2. кіші қанайналым гипертензиясы

  3. бассүйек ішілік гипертензия

  4. артериалды гипотензия

  5. порталды гипертензия

10. Аталғандардың ішінде өкпелік қан кетумен асқынбайды:



  1. бронхоэктаз ауруы

  2. бронх демікпесі

  3. өкпенің қатерлі ісігі

  4. өкпе туберкулезі

  5. өкпе артерияларының эмболиясы

11. Өкпеден қан кету кезінде қантамырлар өткізгіштігін төмендету үшін қолданылады





  1. кальций глюконаты

  2. натрий хлориді

  3. калий хлориді

  4. магний сульфаты

  5. глюкоза еріт

12. Өкпеден қан кету емдік шаралар алдымен мынаған бағытталған :



  1. жоғалтқан қанды толтыру

  2. тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету

  3. тромбоздар мен эмболиялардың алдын алу

  4. бронхтардың ұйыған қанмен бітелуінің алдын алу

  5. қанды сорып алу

\

13. Өкпеден қан кету кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету үшін қолданылады:



  1. эуфиллин

  2. преднизолон

  3. контрикал

  4. атропин

  5. коргликон

14.Тасымалдау кезінде өкпеден қан кеткен науқастың дұрыс қалпы :

  1. горизонталды

  2. отырған

  3. бір бүйірімен

  4. аяқтарын көтеріп

  5. ішімен

15. Егер өкпеден қан кеткен науқастың бронхтық өтімділігі жөтелгенде қалпына келмесе, онда қажет:

  1. кеңірдек интубациясы

  2. трахеостомия

  3. катетер арқылы қанды сорып алу

  4. коникотомия

  5. ӨЖЖ


Жағдайлық есеп

1. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшедег табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?



  1. Асқазан-ішектен қан кету

  2. Өкпеден қан кету

  3. Кеуде клеткасына енген жарақат

  4. ӨАТЭ

  5. өкпе ісінуі

2. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?



  1. Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған

  2. асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған

  3. Кеуде клеткасына енген жарақат

  4. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

  5. ӨАТЭ

3.70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?



  1. викасол

  2. аминокапрон қышқылы

  3. дицинон

  4. Кальций хлорид

  5. гепарин

4. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт .Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?



  1. ӨАТЭ

  2. өкпеден қан кету

  3. Кеуде клеткасына енген жарақат

  4. Асқазан-ішектен қан кету

  5. өкпе ісінуі

5. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?



  1. Бөліктік пневмония

  2. Бронх демікпесі

  3. Өкпе рагы

  4. ӨАТЭ

  5. СӨОА

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

4 сабақ. Тақырыбы: ЖРВИ

Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жедел респираторлы вирустық инфекциялардың диагностика және жедел жәрдем дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді ЖРВИ этиологиясымен таныстыру

2. Студенттерді ЖРВИ клиникасымен және диагностикасымен таныстыру

3. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ емдеу тізбегімен таныстыру

4. студенттерді ЖРВИ асқынуларымен таныстыру

5. Студенттерді балалардағы ЖРВИ ағым ерекшеліктерімен таныстыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ЖРВИ этиологиясы, жіктелуі

2. жедел респираторлы вирустық инфекциялардың клиникасы.

3. Тұмаудың және тағы басқа да ЖРВИ салыстырмалы диагностикалық сипаты

4.ЖРВИ асқынулары

5. Ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ диагностикалық және емдік тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2007. =704.

3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б

4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.

5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.

6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:

Тестілер

1.ЖРВИ ең жиі кездесетін таралу жолы :



  1. алиментарлы

  2. ауа-тамшылы

  3. контактты

  4. жыныстық

  5. қан құю кезінде

2. Балаларда ЖРВИ абдоминальды түріне тән:

  1. жөтел

  2. интоксикация

  3. тамақтың ауыру

  4. ентігу

  5. іштің ауыру

3. Төменде аталған аурулардың қайсысы нейротоксикозбен асқынбайды:



  1. тұмау

  2. ЖРВИ

  3. сальмонеллез

  4. менингит

  5. көк жөтел

4. Нейротоксикоздың ең айқын клиникалық көрінісі қандай жастағы балаларда кездеседі?



  1. 5-7 жас

  2. 3 жасқа дейін

  3. 10-15 жас

  4. 7 жастан жоғары

  5. 1 айға дейінгі балаларда

5. ЖРВИ ауырған балаларда гипертермиямен күресу үшін қолдануға болады:



  1. кестин

  2. эуфиллин

  3. дроперидол

  4. парацетамол

  5. дибазол

6. ЖРВИ ауырған балаларда тырысу синдромын жою үшін қолданылады:



  1. димедрол

  2. преднизолон

  3. седуксен

  4. парацетамол

  5. дибазол

7. Нейротоксикоз бұл төмендегілердің қосылысы:



  1. ОЖЖ инфекциялық және токсикалық зақымдалуы

  2. ОЖЖ токсикалық және механикалық зақымдалуы

  3. ОЖЖ токсикалық және метаболикалық зақымдалуы

  4. ОЖЖ инфекциялық және механикалық зақымдалуы

  5. ОЖЖ инфекциялық және гидродинамикалық зақымдалуы

8. Сәбилерде кездесетін тырысудың ең жиі себебі - бұл

A. іріңді менингит

B. эпилепсия

C. жедел улану

D. вирусты инфекциялар кезінде энцефаликалық реакция

E. ОЖЖ жарақаты
9. Балаларда гипертермияны жоюға бағытталған терапияны неден бастау қажет

A .қызбаны түсіретін препараттарды енгізуден

B.суытудың физикалық әдістерінен

C. аминазин және пипольфен енгізуден

D. дроперидол енгізуден

E. азот қышқыл тотығын ингаляциялаудан

10.Тұмау кезінде инфекция көзі болып табылады


  1. Науқас адам

  2. Реконвалесцент

  3. Жануарлар

  4. Құстар

  5. Кеміргіштер

11. ОРВИ кезінде кездеспейтін симптомды көрсетіңіз:



  1. бас ауруы

  2. гипертермия

  3. мұрыннан су ағу

  4. полиурия

  5. тырысулар

12. Төменде аталғандардың ішінде нейротоксикозда жүргізілмейтін емді атаңыз



  1. тырысуға қарсы

  2. десенсибилизациялық еме

  3. дегидратациялық ем

  4. дезинтоксикациялық ем

  5. нейропротекция

13. Нейротоксикозбен науқастың жүрек қызметі күрт нашарлап немесе күрт тахикардия басталса, қандай дәріні енгізген жөн:



  1. преднизолон

  2. фуросемид

  3. строфантин

  4. изоптин

  5. лидокаин

14. Нейротоксикоздың синонимы болып табылады:



  1. жұқпалы токсикалық шок

  2. токсикалық энцефалопатия

  3. менинго энцефалит

  4. энцефалды реакция

  5. септицемия

15. ОРВИ кезінде асқынуларға жатпайды:



  1. гипертермиялық синдром

  2. эксикоз

  3. нейротоксикоз

  4. фебрильді тырысулар

  5. көмей стенозы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет