Ситуациялық есептер
1. Бала 2 жаста, жедел ауырды, температура 39ºC, сирек тыныс алады, тұншығу, жіптәрізді пульс, брадикардия, тырысу. Болжам диагноз:
-
ЖРВИ, обструктивті бронхит
-
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІІ дәрежеде
-
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәрежеде
-
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІҮ дәрежеде*
-
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
2. Бір жасар бала кенеттен ауырып қалды, температурасы 38,9°С, қозғыштық, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 мин., тынысы шулы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен. Болжам диагнозыңыз:
-
ЖРВИ, обструктивті бронхит
-
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының II дәрежесі*
-
ЖРВИ, бронхопневмония
-
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының I дәрежесі
-
жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат
3. ЖРВИ ауырған 5 жасар баланың жағдайы күрт нашарлап кетті, жоғары қызба (39°С. фонында тырысулар пайда болды
Оған тырысуға қарсы дәрі енгізу керек:
-
хлоралгидрат
-
кальций глюконаты
-
седуксен
-
магний сульфаты
-
люминал
4. Науқас К., 15 жаста. Аз шырышты қақырықты жөтелге, ентігуге, діріл кеуде клеткасында ауыру сезіміне шағымданады. Суық тиіп, жіті ауырған. Температурасы 38,7 С. ТЖ – 22 минутына. Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды орташа және майдакөпіршікті сырылдар. Болжам диагнозыңыз:
-
оң жақтық төменгі бөлікті пневмония
-
жіті бронхит
-
жіті плеврит
-
өкпе туберкулезі
-
бронх демікпесі
5. Бала 2 жаста. ЖРВИ ауырған. 5-күні кешке жағдайы нашарлай бастаған: «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу, дауысының қарлығуы пайда болған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Аталған препараттың қайсысын енгізген жөн?
-
седуксен
-
димедрол
-
преднизолон
-
сальбутамол
-
парацетамол
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ.
Тақырыбы: Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясының диагностикасы және жедел жәрдем дағыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
-
Студенттерді жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін негізгі факторлармен таныстыру.
-
Студенттерді жоғарғы тыныс жолдары стенозының клиникалық көрінісімен таныстыру.
-
Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері диагностикасымен таныстыру.
-
жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде жедел жәрдем көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін патологиялық жағдайлар.
-
Жоғарғы тыныс жолдары стенозының дәрежелері.
-
Жоғарғы тыныс жолдарына бөгде денелер түскенде тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы
-
Ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы және емінің тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
Бақылау:
Тестілер
1. Жоғары тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту үшін қолданылатын әдістер:
-
Селлик
-
Мендельсон
-
Сафар
-
Геймлих
-
Бобров
2. Геймлих әдісі нәтижесіз болғанда сіздің іс-әрекетіңіз ?
-
кеңірдек интубациясын орындау
-
ӨЖЖ жүргізуді бастау
-
жүректің сыртқы массажын жасауға кірісу
-
коникопункцию
-
мұрындық ауаүрлегішті енгізу
3. Тыныс жолдары обструкциясы кезінде бөгде заттар көбіне қай жерде тұрып қалады?
-
жұтқыншақта
-
кеңірдекте
-
көмейде
-
бронхтарда
-
мұрын қуысында
4. Heimlich әдісін орындау кезде жыртылып кетуі мүмкін анатомиялық құрылым
-
жүрек
-
асқазан
-
өкпе
-
бүйрек
-
қуық
5. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат кездескенде жасауға болмайтын әдіс:
-
жауырын аралық аймақты ұрғылау
-
ауа үрлегіш түтікті енгізу
-
коникотомия
-
трахеостомия
-
Heimlich әдісі
6. Көмейге бөгде зат түскен жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде қандай емдік іс-шара ең алдымен орындалу қажет:
-
ларингоскоп көмегімен бөгде затты алып тастау
-
профильді стационарға жедел госпитализациялау
-
жедел трахеостомия
-
Геймлих әдісі
-
оттегі ингаляциясы
7. Комада жатқан науқастарда жоғары тыныс жолдарының обструкциясының ең таралған себебі:
-
көмей –жұтқыншақтың бөгде заты
-
тіл түбірінің түсіп кетуі
-
ларингоспазм
-
ауыз жұтқыншақта трахеобронхиальды секреттің жиналуы
-
эпиглоттит
8. Кеңірдек интубациясы мына жағдайдың БІРЕУІНДЕ ғана жүргізіледі:
-
бассүйек негізінің сынығында
-
омыртқаның мойын бөлімінің сынығында
-
тахипное 40 аса
-
көмей –жұтқыншақтың бөгде затпен обструкциясы
-
көмей ісінуінде
9. Бөгде затпен шақырылған жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде патогномды симптом:
-
тұншығу
-
ентігу
-
ұстамалы жөтел
-
дене температурасының жоғарлауы
-
кеуде торындағы ауыру сезімі
10. Жіті стенозды ларинготрахеит дамыған кезде балаларда жоғарғы тыныс жолдарының стенозына тән емес клиникалық белгі:
-
инспираторлы ентігу
-
тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы
-
жоғары қызба
-
цианоз
-
тахикардия
11. Мұрын қуысындағы бөгде заттың болуын анықтайтын ең аз белгі
А. ауаның жетіспеуі
В. түшкіру
С. көз жасының ағуы
D. жағымсыз иісті бір жақты іріңді мұрынның бітелуі
Е. бір жақты мұрынмен демалудың қиындауы
12. Тұншығу белгілері бар бала дем алғанда шапалақ соққандай шулы дыбыс естіледі. Бұл шулық феномен неге байланысты?
А. бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасының арасынан шыққан ауаға
В. дем алғанда таңдай пердесінің қимылдауымен
С. түсіп кеткен тілдің қимылымен
D. таңдайға бөгде заттың соғылуына
Е. кеңірдекте бөгде заттың қимылдауына
13. Кеңірдекте бөгде заттың аспирациясы кезінде ең жағымсыз болжамды белгісі:
А. дыбыс байламдарының спазмы
В. ұстамалы ентігу
С. қан қақырықты жөтел
D. жұтқанда ауыру сезімі
Е. мойынның ауыруы
14. Балаларда жоғарғы тыныс жолдары (ЖТЖ.обструкциясының ең жиі себебі :
А. ЖТЖ күйіктері
В. ЖТЖ қабыну үрдістері
С. тыныс жолдарына қан кету
D. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі
Е. тыныс жолдарының жарақаты
15. Кеңірдекте бөгде затты сипаттайтын негізгі симптом:
А. ұстамалы, көкжөтел тәрізді жөтел
В. кеңірдекте бөгде заттың қозғалуы
С. ентігу
D. кеңірдекте бөгде заттың симптомсыз орналасуы
Е. ауа жетіспеу сезімі
Жағдайлық есептер
1. 1,5 жасар балада денсаулығының қалыпты фонында , кенет ойнап жүріп тырыспалы жөтел ұстамасы басталды. Мазасызданғанда күшейетін және ұйықтағанда жойылатын ентігу пайда болды. Рентгенограммада: бір жақты эмфизема. Болжам диагнозыңыз:
-
жалған круп ұстамасы
-
жіті бронхит
-
пневмония
-
тыныс жолдарының бөгде заты
-
БД ұстамасы
2. 3 жасар баланы тұншығу сезімі, «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу мазалайды. Анамнезінде: жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
-
Жедел бронхит
-
СӨОА өршуі
-
демікпелік статус
-
пневмония
-
көмей стенозы, компенсацияның толық емес сатысы
3. 3 жасар бала жағдайының ауырлығына байланысты шағымданбайды. Анамнезінде: ата-анасының айтуы бойынша бала жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала тежелген, қоршағандарға мән бермейді. Қарашықтарының кеңеюі анықталады. Тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы сұр бозғылт. Алыстан естілетін беткей, үзілісті тыныс. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 140 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
A. жедел бронхит
B. СӨОА өршуі
C. демікпелік статус
D. пневмония
E. көмей стенозы, терминальды сатысы (асфиксия.
4. 2 жастағы бала тамақ ішіп отырып қақалып, көгере бастады. Тынысы шулы, стенозды.Науқас есін жоғалта бастады. ЖЖБ дәрігері тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалуына күмәнданды. Ауруханаға дейінгі кезеңде баланың кеңірдегіне бөгде заттың тұрып қалуына қандай көмек көрсеткіш болады.
-
ларингоскоп көмегімен бөгде затты алу
-
бронходилятаторды қолдану, асқазан зондын енгізу.
-
асфиксия жағдайында тез арада кониктомия немесе трахеостомия, оксигенотерапия.
-
гормональды дәрілік заттарды және антиоксидантарды бұлшық етке немесе көктамырға енгізу.
-
ӨЖЖ, тыныстық антиоксидантарды тағайындау.
5. 4 жастағы бала ЖРВИ ауырғанан кейін жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қарап тексергенде инспираторлы ентігу, үргендей жөтел, дауысының қарлығуы анықталды.Бала қозулы, тынымсыз,тыныс алу актісінде мойын және кеуде торшасының бұлшық етттері қатысады. айқын аздаған физикалық күштемеден кейін тыныс шығару кезінде эпигастрия аймағы қабырға аралық, яремни ойық, бұғана асты және үсті кеңістіктің вытяж байқалады.Алыстан естілетін шулы тыныс. Болжам диагноз қойылды: ЖРВИ, ларинготрахеит, 2 дәрежелі көмекей стенозы.
Дұрыс емді таңдаңыз.
-
преднизолон,седуксен, оксигенотерпия
-
жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, оксигенотерпия
-
седуксен, эуфиллин,оксигенотерапия
-
жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, преднизолон
-
седуксен, жылы сілтілі сұйықтық, оксигенотерпия
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№5 сабақ.
Тақырыбы: Демікпелік статус.
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың диагноз қою және емдеу дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді демікпелік статус түсінігімен таныстыру.
2.Студенттерді демікпелік жағдайдың жіктелуімен таныстыру.
3. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың І дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру.
4. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың ІІ дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру .
5. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың ІІІ дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру .
6. Студенттерді кеңірдек интубациясы, ӨЖЖ және ауруханаға жатқызуға көрсеткіштермен таныстыру.
7. Студенттерді балалардағы демікпелік статустың ағым ерекшелігімен таныстыру.
Основные вопросы темы:
-
Демікпелік статустың анықтамасы, жіктелуі
2. Демікпелік статустың І дәрежесі. Ауруханаға дейінгі сатыда диагностикасы және жедел жәрдемі.
3. Демікпелік статустың ІІ дәрежесі, ауруханаға дейінгі сатыда диагностика және емінің тізбегі.
4. Демікпелік статустың ІІІ дәрежесі, ауруханаға дейінгі сатыда диагностика және емінің тізбегі.
5. Демікпелік статустың балалардағы ағым ерекшелігі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60с.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60с.
Бақылау:
Тестілер
1. Төменде аталғандардың қайсысы демікпе статусының 2 сатысына тән:
-
симпатомиметиктерге тұрақтылық сатысы
-
гипоксиялық кома сатысы
-
гиперкапниялық кома
-
салыстырмалы компенсация сатысы
-
«мылқау өкпе» сатысы
2. Демікпе статусының II сатысына тән ең негізгі белгіні атаңыз:
-
цианоздың айқындылығы
-
мойын көктамырларының пульсациясы
-
тахикардия
-
қатаң тыныс
-
өкпеде тыныс шуларының болмауы
3. Демікпе статусында бронх өтімділігінің нашарлауы мүмкін:
-
атропин енгізгеннен кейін
-
гормондар енгізгеннен кейін
-
симпатомиметиктерді қайта қабылдағаннан соң
-
гормондарды қайта енгізгеннен кейін
-
оттегі терапиясынан кейін
4. Демікпе статусында қолданылатын таңдаулы препарат:
-
атропин
-
-блокаторлар
-
кортикостероидтар
-
-стимуляторлар
-
димедрол
5. Демікпе статусы жағдайындағы науқасқа көрсетілетін жедел жәрдем:
-
содалық ингаляция, гормондар
-
ерітінділерді көктамырға инфузиялау, симпатомиметиктер
-
оттегі ингаляциясы, ерітінділерді көктамырға инфузиялау, симпатомиметиктер
-
оттегі ингаляциясы, ерітінділерді көктамырға инфузиялау, гормондар
-
содалық ингаляция, ерітінділерді көктамырға инфузиялау
6. Төменде көрсетілген бронхолитикалық дәрілердің қайсысы ингаляциялық глюкокортикостероидтарға жатады:
-
интал
-
будесонид
-
преднизолон
-
аколат
-
задитен
7. Төменде аталған препараттың қайсысын демікпе статусында қолданбаған жөн:
-
преднизолон
-
беродуал
-
димедрол
-
эуфиллин
-
оттегі
8. Демікпе статусының III сатысында ауруханаға дейінгі кезенде жүргізілетін дұрыс әрекет:
-
тыныс аналептиктерін енгізу
-
кальций антагонисттерін көктамырға енгізу
-
реанимация бөлімшесіне шұғыл жатқызу
-
b-блокаторлар енгізу
-
стероидты емес қабынуға қарсы дәріні енгізу
9. Бронхдемікпелік статусты басу үшін қолданылмайды:
-
эуфиллин
-
преднизолон
-
оксигенотерапия
-
бронхоскопиялық санация
-
антибиотиктер
10. Демікпе стасусында аталғандар асқынулардың қайсысы болмайды:
-
жіті оңқарыншылақ жетіспеушілік
-
жіті тыныс жеткіліксіздігі
-
пневмоторакс
-
жіті өкпетекті жүрек
-
ларингоспазм
11. Демікпе статусын бронх демікпесінің ауыр дәрежесінен айыратын белгі:
-
тахипноэ
-
тахикардия
-
цианоздың пайда болуы
-
өкпеде тыныс шуларының болмауы
-
жүрек тондарының тұйықталуы
12. Демікпе статусының дамуына әсер ететін факторлар:
-
десенсибилизациялық дәрілерді қабылдау
-
көп мөлшерде сұйықтық қабылдау
-
эуфиллинді көп қабылдау
-
жіті ішек инфекциясы
-
жіті респираторлы вирусты инфекция
13. Ауруханаға дейінгі кезеңде төменде аталған жағдайлардың қай түрінде в-адреноблокаторларды қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады:
-
өкпе ісінуімен асқынған артериальная гипертензивтікриз
-
ЖИА. Спонтанды стенокардия
-
бронх демікпесі
-
пароксизмалды қарыншалық тахикардия
-
артериальной гипертензиямен декомпенсацияланған қант диабеті
14. Демікпелік статус кезінде науқастарға қолданылмайды:
-
жүйкелік глюкокортикостероидтар
-
метилксантиндер
-
b2-адреномиметиктер
-
холинолитиктер
-
муколитиктер
15. Психоэмоционалды қозу бар бронхдемікпелік статус жағдайдағы науқасқа қай препаратты енгізуге болады:
-
морфин
-
промедол
-
дроперидол
-
каптоприл
-
конкор
Жағдайлық есептер
1. 60 жасар науқас Н., ұзақтығы бір тәуліктен асқан тұншығу ұстамасына, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде: ұзақ уақыт бойында БД ауырады, тұрақты беротек (түнде., беклазон, теоатард ингаляциясын қолданады. Соңғы апта ішінде беротек препаратының жиілігін өздігінен жоғарлатқан. Объективті : мәжбүр қалып ортопноэ, тері және көзге көрінетін шырышты қабаттардың диффузды цианозы анықталады. ТЖ 30 рет/ мин. Жоғарғы иықтық бөлік фиксацияланған, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе перкуссиясында қораптық тыныс, өкпе аускультациясында құрғақ шашыранды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 94 мин, ААҚ 130/80 мм.сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?
-
БД орташа ауырлық ұстамасы
-
СӨОА өршуі
-
Демікпелік статус 1 сатысы
-
Демікпелік статус 2 сатысы
-
Демікпелік статус 3 сатысы
2. Науқас К., 58 жаста, ұзақтығы бір тәуліктен асқан тұншығу ұстамасына, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, айқын әлсіздікке шағымданады. Ұзақ уақыт бойы БД ауырады, үнемі салбутамол, серетид ингаляциясын қолданады. Соңғы ай көлемінде салбутамол қабылдау жиілігін 10 ретке дейін жоғарлатқан, нәтижесіз. Объективті: науқас қозулы. Қимылы және сөйлеуі қиындықпен. Науқас мәжбүр қалпында, қолдарымен диванның жиегіне сүйеніп отыр. Тері жамылғысы ылғалды. Терісінде және көзге көрінетін шырышты қабаттарында диффузды цианоз анықталады. ТЖ 35 рет минутына. Жоғарғы иықтық бөлік фиксацияланған, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе перкуссиясында қораптық тыныс, өкпе аускультациясында әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс шулары мүлдем естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Парадоксальды пульс. ЖСЖ 115 рет минутына., АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
-
БД орташа ауырлық ұстамасы
-
СӨОА өршуі
-
Демікпелік статус 1 сатысы
-
Демікпелік статус 2 сатысы
-
Демікпелік статус 3 сатысы
3. 48 жасар науқас .,көп сағатқа созылатын, кейде ұзақтығы 1 тәуліктен асатын тұншығуға,Объективті: тырысулар мәжбүр қалпында отыр. Терісінде және көзге көрінетін шырышты қабаттарында сұр диффузды цианоз анықталады . ТЖ 35 рет минутына . Жоғарғы иықтық бөлік фиксацияланған, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Тыныс сирек беткейлі. Жіп тәрізді пульс ЖСЖ 115 рет минутына., АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз?
-
БД орташа ауырлық ұстамасы
-
СӨОА өршуі
-
Демікпелік статус 1 сатысы
-
Демікпелік статус 2 сатысы
-
Демікпелік статус 3 сатысы
4. 58 жастағы науқас жағдайының ауырлығына байланысты шағымдана алмайды. Ұзақтығы 1 тәуліктен асатын тұншығуға, қақырық бөлінудің тоқтауына, айқын әлсіздікке шағымданады. Ұзақ уақыт бойы БД ауырады . Үнемі салбутамол, серетид ингаляциясын қолданады.Объективті: науқас қозған, бұлшықеттерінде тонико-клоникалық тырысулар. Науқас жағдайы пассивті. Тері жамылғысы ылғалдыжәне диффузды цианоз анықталады . ТЖ 35 рет минутына. Өкпе перкуссиясында қораптық тыныс, өкпе аускультациясында әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс шулары мүлдем естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Жіп тәрізді пульс.., АҚҚ140/90 мм.сын.бағ. Дұрыс емдеу тактикасын анықтаңыз
-
салбутамол , эуфиллин, оттегі
-
преднизолон, эуфиллин, оттегі
-
сальбутамол, преднизолон, оттегі
-
беродуал, оттегі, преднизолон
-
беротек ,оттегі, эуфиллин
5.Науқас А. 53 жаста. 10 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. «Жедел жәрдем» бригадасын шақыртқан. Дәрігердің болжам диагнозы: Демікпелік статустың 1 сатысы
Тұншығу ұстамасын басқаннан соң науқастың артериалды қан қысымы күрт АД до 180/100 мм.сын.бағ дейін көтерілді. Қандай препаратпен емдеу барысында аталған асқыну дамыды:
A.Преднизолон
B.Эуфиллин
C.Гепарин
D.Салбутамол
E.Амбросан
Блок № 4 Аллергиялық реакциялар және жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар Сабақ № 1 Тақырыбы : Дәрілік аллергия. Анафилаксия
Мақсаты: аллергиялық реакциялардың ауруханаға дейінгі кезеңдегі диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Оқыту міндеттері:
-
Әртүрлі аллергиялық реакциялардың патогенезімен студенттерді таныстыру.
2.Дәрілік аллергияның ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
3. Анафилактикалық шоктың этиологиясы, патогенезі, клиникасымен студенттерді таныстыру
4. Анафилактикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |