Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет34/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Бір кем дүние

Наполеон мақтаншақ па
«Құдай қанша жасаса, менің есімім де сонша жасайды», – депті
Наполеон І.
Наполеон үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп, даңқы
əлемді тітірентіп тұрғанда, қыз құрып қалғандай, Жозефина деген жесір
əйелге үйленіпті. Бұрынғы байынан туған Евгений деген ер жетіп қалған ұл


бар екен. Өгей баланы Наполеон өзі бағындырып алған бір мемлекетке
патша қылып жіберіпті. Өгей бала: «Əке, мені қоластымдағылар тегіс
жақсы көреді», – деп Наполеонға хат жазыпты.
Сонда Наполеон:
– Е, балақай, онда патшалығынның жолы болмаған екен, – депті дейді.
Сөйткен Бонапарт Ватерлоо деген жерде ағылшындардан күйрей
жеңіліп, қолға түсіп, Қасиетті Елена атты аралда тұтқында тұрып, рак
ауруына ұшырайды. Сонда айтты дейді.
– Рак – менің ішіме түсіп кеткен Ватерлоо, – деп.
Наполеонның табыты Парижде, «Мүгедектер үйінде» жатыр.
Оны көру үшін еңкейіп, құдықтың түбіне үңілуің керек.
Өлгеннен кейін де адамдарға бас идіріп қойғаны ғой...
«Құдай қанша жасаса, менің есімім де сонша жасайды» дегені осы ма?
Сірə, данышпан шығар?..
Қайтсе де, бір кем дүние.
Ағару
Самайға ақ кіріп еді, мұрт та ағара бастады. Ұялған ұрыдай болып
қастың бір талы да ағарыпты.
Сөйте -сөйте... Сүйек те ағарады-ау...
Несіне тырбаңдаймыз.
Бəрі де өтеді.
Өтпейтін тек уақыт қана.
Адамдар: «Уақыт өтіп барады», – деп өкінеді. Шынында өтіп бара
жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады.


Ал уақыттың басы да жоқ, аяғы да жоқ.
Уақытты жылға, айға, сағатқа, минөтке, секөнтке, ғасырға бөліп жүрген
адамдар ғой.
Уақыт – мəңгілік. Мəңгілік басталмайды да, аяқталмайды да.
Бəрін бір Алла біледі.
Алла білімі шексіз.
Білімі шектеулі адамдар.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет