Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет40/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Бір кем дүние

Отарлау озбырлығы
Басқыншылардың қорқау тəсілі — басып алған жер-судың ежелгі атын
лезде өзгертіп, ел-жұрттың есінен шығарып жіберу.
Сондай мысалдың бірі — Медео.
Алматыны Верный дегенін əрең өзгерткенде, Медеу шатқалын көпке


дейін түзете алмай -ақ қойдық.
Марқұм Тельман Жанұзақов «Правда» газетінің меншікті тілшісі бола
салысымен ең үлкен газеттің бетінде осы оспадарсыздықты əшкереледі.
Сөйтіп, Медеу қалпына келтірілді. Бұл ретте Тельман Қасым бауырының
батылдығын қайталады.
Енді қазір Астанадан аттап шықсаң, айнала -төңіректе колонизатордан
қалған атаулар əлі қаптап тұр.
Соның
біреуі
Сталин
заманында
АЛЖИР
атанған,
«Халық
жауларының» əйелдері отырған мекен — аудан орталығы Малиновка. «Не
жизнь, а малина» деп тұтқындар кекетіп қойған атау.
Бір кем дүние.
Шошқа тікен
Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы
сирек жұлдыздардай жыламсырап əрең-əрең көрінеді.
Сонда бұл дүние, өзің бес-ақ күн қонақ болсаң, несі қызық?
Қызық ету, сірə, аса дарынды сирек адамдардың ғана қолынан келетін
болар.
Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден.
Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін
көрген шығар. Оған мойымаған, қайғыны да, мұңды да көріп-біліп жүріп
бүгілмеген адамнан анандай сұрапыл да сұлу күйлер, əдемі əуендер
төгілер.
Олар – Құдай сүйген құлдар.
Таланттар раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашады, көңіл
ашады. Тікені, азабы өзіне.
Талантсыз топастар тікен сияқты. Гүлдемейді. Сүйкімсіз. Азабы өзгеге.
Жамандық солардан.


Мұндайлар біздің əдебиетте бар ғой.
Бір кем дүние.
Жүген алып жүгірген бала
Ұлы Абайдың 150 жылдық тойы еді. Тойдың ең бір сүбелі тұсы ат
жарыс қой. Республиканың түкпір-түкпірінен небір сəйгүліктер жиналған.
Бəйге басталды. Жарыс жолының ең арғы шетінде будка сияқты бірдеңе
қараяды...
Əне, əне! Соңғы айналым. Қарагер тұлпар қара нөпірден оқ бойы озып
шығып, алда келеді, жануар. Кенет тіп-тік шаншылған құйрығы сылқ етіп
салбырап, дəл қалың халық отырған тұсқа жете бере Қарагер омақаса
жығылды. Үстіндегі бала оның басынан аса ұшып түсіп, тез түрегелді де,
аттың басындағы жүгенді сыпыра бастап еді, ауыздығы шықпай, əлгі бала
тізгінді жұлқып-жұлқып əрең шығарды да, мəреге қарай тұра жүгірді. Бұл
кезде оның тұсынан қылаң боз зу етіп өте шықты. Оның соңынан бала да
мəреге жете бере жығылды-ау... Өзі сəл-пəл жетпеген мəреге жүгенді
лақтырды. Жүген дəл мəре сызығының үстіне барып түсті. Бұл кезде қылаң
боз да сызықты кесіп өтіп еді.
Артынша дүрмек қаптап кетті де, бала көрінбей қалды.
Жарыстың аяғы дауға, тіпті жанжалға айнала жаздады.
Озып келген қылаң боздың иесі мен оның жақтастары мəре сызығына
лақтырылған жүгенді есепке алмау керек деп кергіді.
Зорығып құлаған Қарагердің жанашырлары мəреге жүйріктің орнына
жүген барғанын ата-баба салты деген уəж айтып қасарысты.
Сөйткенше, бəйге жарыстың бас бақылаушысы микрофон арқылы,
қылаң боз жарысқа сонау будканың тасасынан соңғы айналымда
қосылғанын айтып, не керек, бірінші бəйге жүген лақтырған балаға
берілсін деп жариялады.
Бұл кезде ерен жүйрік Қарагердің өлі денесі жол үстінде əлі теңкиіп
жатыр еді.


Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет