Жеңешемнің жауабы


Байзақ датқа мен Өгізбай датқа



Pdf көрінісі
бет39/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Бір кем дүние

Байзақ датқа мен Өгізбай датқа
Тəңіртау мен Қаратаудың арасында жатқан елді ол кезде Қоқан деген
билейді екен. Қоқан хандығының қол астындағы жергілікті басшыларды
датқа дейді екен.
Қазақияның Ресей билеген жағындағы жергілікті басшыларды аға
сұлтан дейді екен.


Біздің Мыңбұлақтың датқасы Байзақ деген кісі болады.
Ал Қаратау жағының датқасы Өгізбай деген екен. Екеуі бақталас па,
қалай...
Байзақ Қоқан хандығының шексіз зорлығы мен қорлығына шыдай
алмай, қарсылық көрсете берсе керек. Қоқан басында шашы жоқ таздарға
дейін салық салады екен.
Ойма тазға — он теңге.
Қырма тазға — қырық теңге...
Мал салығы, дүние-мүлік салығы, қыл аяғы «қыз салығы» деген
шығыпты. Кəмелетке толар-толмас қыздарды Қоқан шабармандары зорлап
алып кете беріпті.
Əне, сонда Қоқанның ханы өзінің Шымкенттегі орынбасарына пəрмен
береді:
– Байзақты жазала! — деп.
Шымкенттегі орынбасар Байзақты өзі емес, Қаратау датқасы Өгізбай
арқылы шақыртады. Өгізбай Байзаққа:
– Құрылтайға бірге барайық, деп амалын тауыпты.
Байзақ сеніп қалып, Шымкентке барғанда, қоқандық жендеттер оны
ұстап алып, зеңбіректің ұңғысына таңып қойып, атып жібереді.
Күл-талқан болған денеден жалғыз шынашақ саусағы ғана табылыпты.
Сол саусақ Əулие — Ата күмбезінің жанына көмілген.
Өгізбай датқаны Қоқан ханы шекпен кигізіп, марапаттаса керек. Қу
дүние деген сол. Күндестік, қызғаныш деген қызыл ит тіршілікте не
істетпейді.
Ұрпақтар Байзақты ұмытпайды. Қазір оның атында аудан бар.
Ал Өгізбайды ешкім білмейді.


Бір кем дүние.
Қисайғанды түзету
Хрущевтің дəурені еді. Қазақстанды қақ бөліп, солтүстігін «Целинный
край» деп атады. Крайком Соколов деген. Крайкомға қарайтын
Көкшетау облысын Қасым Тəукенов деген азамат басқарады.
Бір күні Қасым аэропортқа келе жатып, жол бойында қисайыңқырап
тұрған бағанды көреді. Қараса, «Кокчетав» деген жазуы бар.
Қасекем шоферге:
– Тоқта! — дейді дағы, машинадан түсіп барып, əлгі бағанды ырғап -
ырғап суырып алып, лақтырып тастайды.
Бұл əрекет үлкен бастықтарға жетеді. Қасым Тəукенов қызметінен
босатылады.
Оның бюрода айтқан түсіндірмесі бойынша: «Кокчетав» емес,
«Көкшетау» болып жазылуы керек екен.
Қазір, Құдайға шүкір, солай жазылады. Бірақ орысша болып, өзгертіліп
кеткен жер-су аттары бұрынғы «Целинный крайда» əлі тұнып тұр-ау, тұнып
тұр.
Бір кем дүние.
Түзететін Тəукеновтер жалғыз -жарым. Көпшілігі қорқады. Құлдық
психология...
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет