– Аты жоқ, – деп күлді Жеңіс бажа. Жақсы ырымға баладым да:
– Мұның аты Багира болады, – дедім
– Сол Багира сегіз жыл жасады. Үш рет балалады.
Багира – ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің «Маугли» деген
романындағы қара қабыланның аты.
Көне Египеттегі перғауындар пирамидасындағы суреті салынған
мысық.
Хазреті
Мұхаммед пайғамбар алдына алып, арқасынан сипаған мысық.
Мұхаммед пайғамбардың шекпенінің етегіне мысығы жатып ұйықтап
қалыпты. Хазреті пайғамбар намазға тұрайын десе,
мысықты оятуға қимай,
шекпенінің етегін қайшымен қиып тастап, түрегеліпті. Аса қадірлегені ғой.
***
Түсімде вокзал басы екен деймін. Жүк пойызы кетіп барады. Соңғы
ашық вагонда – Багира! Шақырсам, қарамайды. Жүгірсем, жете алмаймын.
Багира неге қарамайды? Өкпелі ме деп ойлаймын.
Бұл түсім еді.
Біраз күн өткенде Багира қатты ауырып өлді.
Ақылды мысық еді. Менің ауру жүрегімді
жазбақшы болып кеудеме
жатып алушы еді. Алдыңғы екі аяғымен ішіме массаж жасауды оған кім
үйретті?! Өзіне туасы біткен қасиет.
Қайдағы бір мысықты жазғаны несі деп қалмаңдар.
Ол – Пайғамбардың сүйіктісі.
Қабылан əулетінің жұрнағы.
Бар еді – жоқ болды.
Бір кем дүние.