Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет55/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Бір кем дүние

Ақшадағы алақан
Жаман ырым. Алақан жайған жақсы емес. Игі тілек болса, бір жөн.
Мемлекетте теңге əлсін-əлсін өзгеріп жататыны белгілі жай.
Ақшасының өңі өзгермейтін, мен білсем, тек АҚШ па деп ойлаймын.
Кешегі Кеңес дəуірінде біздің елде жалпақ қағаз ақшада Лениннің
суреті болушы еді.
Еліміз егемен болған кезеңде теңгеміздің өңі өзгеріп, əл-Фарабидің,
Абылай ханның, Əбілқайыр ханның, Абайдың, Жамбылдың, т.б. ұлы
қайраткерлердің суреттері басылып шығып жүруші еді.
Енді сол теңгеге көз үйреніп болмай жатып, ақшаның өңі өзгеріп шыға


келді.
Ақшаға жаюлы алақан пайда болды. Не тілейді? Ненің нышаны? Бұл не
құбылыс? Кімнің қиялы? Теңгеден суреттері алынып тасталған ұлы
əруақтардан кешірімді не деп сұраймыз? Не бетімізбен?
Бір кем дүние.
Полигон
Арманшыл ақын Ақтанберді:
– Бетбақтың ен бір шөлінен төтелеп жүріп жол салып, шөлең бір жерді
көл қылсам... – деп еді...
Бұл қай заман? Сірə, зар заман.
Қайраткер оқымысты Кəрім Мыңбаев:
– Бетбақ даланы Бақ далаға айналдырайық! – деп еді...
Бұл қай заман? Сəрі, тар заман.
Академик Уфа Ахметсафин:
Бетбақтың асты телегей теңіз, – деп еді.
Бұл қай заман? Сөзі жетім қор заман.
***
Ақтанберді ақын айтса, айтатындай жөні бар. Оның жырлары өн бойы,
тұла бойы тұнып тұрған арман.
Бетбақтың шөлін көл қылсам дейді. Жағалай жайлау, ақбоз үйлер
тігілсе дейді. Түгел тоқшылық, ит басына іркіт төгілген жұмақ заман.
Иə, бұл арман. Бұл тұрғыдан Ақтанберді ақын сонау бір қиырдағы
Махамбет ақынмен үндесіп жатыр.
Кəрім Мыңбай кешегі Кеңес дəуірінің ғалымы. Ол баяғы революция


кезінде-ақ Нұра бойынан үдере көшіп, Бетбақты төтелей кесіп, Шу бойына
жеткен кезде елдің көшін бала күнінде көрген. Сол бала дəуірдің көрінісі
өскенде де есінен кетпей, Бетбақтың ажарын өзгертуді армандаған азамат.
Осы арманды республика басшыларының алдына арқалай барса... о
басында Кəрімді қуаттап, қолдаған басшылар мүлде өзгеріп қалыпты.
Мəскеуге Бетбақ басқа мақсат үшін керек екен.
Ал Уфа Ахметсафин болса, үлкен ғалым. Көп зерттеудің нəтижесінде
Бетбақтың асты телегей теңіз деп кетті.
Шіркін, сол теңізді зор насоспен тартып, жер бетіне шығарса... О, сонда
Ақтанбердінің де, Кəрім Мыңбайдың да армандары орындалар еді...
Бірақ анау Балқаштан бастап, алыстағы Азғырға дейін мыңдаған
шақырымдарға созылған Полигон жатыр. Соның улы зардабынан мың-
мыңдап жайылған ақбөкен там-тұм ғана қалды. Тіпті, Кəрім Мыңбай
ақбөкенге айналып, полигонның оғынан өртеніп кетті.
Түптің түбінде Бетбақ Бақ далаға айналар. Оған дейін құрбандар...
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет