Автокөлік құралдарын сату алдындағы техникалық қызмет көрсету
ТҚ са автокӛлік құралдарын сату алдында, олардың пайдалануға енгізу кезіндегі толық жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.
Сауда желісі арқылы сатылатын пайдалануда болған автокӛлік құралдарына ТҚ са -ны сауда ұйымы техникалық қызмет кӛрсету станцияларында немесе ӛз күштерімен ӛндірістік үй-жайлар мен қажетті жабдық болған кезде орындайды.
ТҚ са орындау кезіндегі жұмыстардың тізбесі:
КҚ бойынша жұмыстардың толық кӛлемін;
автокӛлік құралын консервациядан алу жӛніндегі операцияларды, жинақталуын және жарамды күйін тексеруді қамтиды.
Бұдан басқа, ТҚ са операцияларының тізбесі нақтыланады және автокӛлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған сервистік кітапша бойынша ӛңделеді.
Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңінде техникалық қызмет көрсету
Жаңа автокӛлік құралдарын сыннан ӛткізу кезеңі бӛлшектердің, тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.
ТҚ сӛ бойынша жұмыстарды орындау автокӛлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бӛлшектерінің ең аз тозуымен қосымша жұмыс істеуін, босаған бекіткіштер мен қосылған жерлерді бақылауды және қатайтып тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.
Сыннан ӛткізу кезеңін жасаушы кәсіпорын автокӛлік құралының
нақты маркасы (моделі) үшін белгілейді және ол құрылымы мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейін құрауы мүмкін.
Автокӛлік құралын сыннан ӛткізу кезеңінің соңында орындалатын негізгі жұмыстарға:
қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру;
майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру;
агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру;
газ болу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары;
басқару тетіктері мен тежегіш жүйесі бойынша бақылау- диагностикалық жұмыстар;
қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне қатысты тексеру жатады.
Автокӛлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған ТҚ сӛ операцияларының толық тізбесін жасаушы кәсіпорын белгілейді және пайдалану жӛніндегі басшылықта (сервистік кітапшада) келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |