ТҚ м жұмыстардың кӛлемі, олардың орындалу мерзімділігі мен еңбекті қажет етуі бойынша шартты түрде үш сатыға бӛлінеді: бірінші техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - ТҚ-1), екінші техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - ТҚ-2) және маусымдық техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - МҚ) операциялары.
ТҚ к сатыларын қамтитын негізгі операциялар міндетті жұмыстардың тізбесіне кіреді және 2-қосымшада аталып ӛткен. Негізгі операциялар пайдалану жӛніндегі басшылыққа немесе автокӛлік құралының сервистік кітапшасына сәйкес орындалуы және 2-
қосымшаның деректерін ескере отырып ӛңделуі мүмкін.
Автокӛлік құралын жасаушы кәсіпорын жүріс аралықтарының нормалары мен ТҚ к операцияларының тізбесін белгілемеген немесе олар толық болмаған жағдайда, 2, 3-қосымшалар басшылыққа алынады.
Жол жамылғысының үлгісімен және жер рельефімен сипатталатын автокӛлік құралдарын пайдалану шарттарын сыныптау 4-қосымшаға сәйкес санаттарға бӛлінеді.
МҚ автокӛлік құралын кӛктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жӛніндегі жұмыстарды орындай отырып жылына екі рет (кӛктемде және күзде) жүргізіледі.
МҚ кезінде орындалатын жұмыстардың жалпы кӛлеміне ТҚ-2 міндетті жұмыстары және МҚ тікелей операциялары (2-қосымша) кіреді.
. Тӛменгі температуралар кезінде қозғалтқыштың іске қосылуын, автокӛлік құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын қамтамасыз етумен байланысты МҚ қосымша жұмыстары күзгі кезеңде орындалады.
МҚ негізгі жұмыстарына:
қоректендіру жүйесінің герметиктігін, қозғалтқыштың майлануы
мен салқындатылуы;
от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бӛлгіштің және тұтандыру оттықтарының жай-күйін) тексеру;
электролит тығыздығының деңгейін бақылау мен пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру және аккумулятор батареясының
бақылау-жаттығу циклін жүргізу;
қозғалтқыштағы майды және алқындатқыш сұйықтықты
ауыстыру (қажет болғанда) жатады.
СО жұмыстары қажетті жабдықпен жабдықталған, қоршаған ортаның автокӛлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бӛлшектерінің тозу ӛнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады.
айтыңыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |