Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Таратқыш білік жағдайының сезгісі



бет71/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Лаб.жұмыс

Таратқыш білік жағдайының сезгісі


Сезгі 0232103006 сығу тактісінде бірінші цилиндрдің поршенінің жоғарғы шекті нүктесіндегі таратқыш білік фазасының жағдайын анықтауға арналған.



Сурет 2. Таратқыш білік жағдайының сезгісін тексеретін электрлі сызба. 1 – сезгі; 2 – сезгінің штекерлі қалыбы; 3 – кедергі 0,5-0,6 кОм; 4 – аккумуляторлы батарея; 5 – светодиод АЛЗ07; 6 – металл пластина.

Сезгі цилиндрлер қақпағының сол жақ бӛлігінде орналасқан (тӛртінші цилиндр). Сезгі Холма эффектісі бойынша жұмыс істейтін электронды құрылғыдан тұрады. Таратқыш білікте орналасқан металл пластина сезгі ұшының жанынан ӛткенде сезгідегі магниттік ӛрісі ӛзгереді. Бұл сезгіде электрлі дабыл тудырып, басқару блогына беріледі.


Таратқыш білік жағдайының сезгісі берген дабыл басқару блогында ӛңделіп, сығылу тактісінде цилиндрге форсунка арқылы жанармайдың бүркілуін қадағалайды. Таратқыш білік жағдайының сезгісі істен шыққанда немесе оның тізбектері істен шыққанда басқару блогындағы бақылау шамы жанып резервті жұмыс режиміне кӛшеді.


    1. Ауа шығынының сезгісі


Сезгі (расходомер) (ДМРВ) ИВКШ407282000 термометр типті, мотор жұмыс істеп тұрғанда цилиндрді толтыруға кететін ауа шығынын анықтайды.

Сурет 3. Массалы ауа шығынының сезгісі. 1 – сақина; 2 – пластиналы жіп; 3 – термокомпенсационды кернеу; 4 – сақинаны бекітетін кронштейін; 5 – электронды модуль корпусы; 6 – сақтандырғыш тор; 7 –
сақина; 8 – сезгі корпусы; 9 – СО-реттергіш винт; 10 – қақпақ; 11 – электрлі ажыратқыш қалыбы; 12 – штекер; 13 – нығыздауыш; 14 – электронды модуль

Сурет 4. Микромеханикалық массалы ауа ӛлшемі HFM5


Сезгі ауа сүзгісінен кейін енгізу жүйесінде орналасқан. Сезгінің құрылысы 5-суретте кӛрсетілген. Корпуста, сақина орнатылған, оның ішінде диаметрі 0,07-0,1 мм пластиналы жіптен тұратын сезгіш элемент орнатылған және термокомпенсоционды резистор, сезгідегі электронды модуль схемасына жалғанған. Электронды модуль 14 схемасы, пластиналы жіптің температурасын 1500С-та ұстап тұрады. Мотор жұмыс істегенде цилиндрге енгізілген ауа корпус және сақина арқылы пластиналы жіпті салқындатып ӛтеді.

Сурет 5. HFM5 ӛлшеу элементтің модулі: 1 – Ӛлшеу элементтің ауа желдету; 2 – Сенсор; 3 – Сенсердың монтаж алаңы; 4 – Сигнал ӛзгеру арналған платасы; 5 – Преобразователь напряжения; 6 – Разъем; 7 –
Нығыздау сақинасы; 8 – терморезистор.

Сурет 6. Массалы ауа шығынының сезгісін тексеретін электр сызбасы. 1 – сезгінің штекерлі ажыратқышы; 2 – кедергі МЛТ 0,25-2,5 кОм; 3 – ажыратқыш; 4 – аккумуляторлы батарея; 5 – вольтметр.
Пластиналы жіптің температурасын ұстап тұруға кететін электр қуаты сезгі арқылы ӛтетін ауа құрылымының мӛлшерін анықтайды. Сезгі дабылы басқару блогына түсіп онда ӛңделіп, форсунканың ашылуына қажетті электр импульсінің ұзақтығын ұстап тұрады. Электронды модульдегі пластиналы жіптің бұлғануына байланысты кернеуді жоғарылатып, температураны 10000С қыздырады. Осындай температурада кірленген жіптің кірлері жанып кетеді. Электронды модульде айнымалы резистр бар, соның кӛмегімен сыртқа шығатын газдың құрамындағы кӛміртегін реттеуге болады.
Сезгі немесе сезгі тізбектері істен шыққан кезде басқару блогы резервті жұмыс режиміне кӛшеді. Сезгіде ақау пайда болған жағдайда басқару блогы белгі бергіш арқылы жүргізушіге білдіреді. Сезгінің жұмысқа жарамдылығын 15-суреттегі сызбаның кӛмегімен тексеруге болады. Сезгіні іске қосқанда вольтметр (5) панельде 1,3-1,4 В кернеуді кӛрсету керек. Ал қысқа уақытқа қосқанда (3) вольтметр (5) 8 В кернеуді кӛрсету керек. Бұл кезде пластиналы жіп (2) қызару керек. Сезгіні сапалы тексеру үшін мотор жұмыс істеп тұрғанда DST-2 аспабымен тексереміз. Жұмысқа жарамсыз сезгі ауыстырылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет