Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Дроссельді қалақша жағдайының сезгісі



бет72/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Лаб.жұмыс

Дроссельді қалақша жағдайының сезгісі


Сезгі 0280122001 немесе НРК1-8 дроссельді қалақшаның жағдайын анықтауға арналған. Қалақша жағдайын сезгіге түсетін кернеудің мӛлшері арқылы анықтап, басқару блогына ӛңдеуге береді. Дроссельді қалақша жағдайы туралы мәлімет (толық жабық, кішкене ашық, толық ашық) басқару блогына ӛте қажет. Осы мәлімет арқылы форсунканы басқаруға қажетті электр импульсінің ұзақтығын есептейді және оталудың озу бұрышын анықтайды. Сезгі дроссельді қалақшаның қаңқасында орнатылған және дроссельді қалақша осімен жалғастырылған. Сезгінің электр сызбасы мен құрылысы 7-суретте кӛрсетілген.



Сурет 7. Дроссельді қалақша жағдайының сезгісі. 1 – корпус; 2 – бұрылмалы тӛлке; 3 – жылжымалы
түйіспе; 4 – штекерлі қалып; 5 – штекер; 6 – плата; 7 – тірек; 8 – дроссельді қалақша R1, R2, R3, R4
– кедергілер.

Сезгі корпуста (1) плата (6), R1, R2, R3, R4 кедергілер жылжымалы түйіспе (3), бұралмалы тӛлке (2) орнатылған. Сезгі істен шыққанда басқару блогы резервтен жұмыс режиміне кӛшеді. Сезгінің ақаусыздығын омметрмен тексереді. 1 және 2 шығында кедергі 2 кОм болу керек. Ал 2 және 3 шығында – 700-1380 Ом, басқаларында – 2600 Ом. Ақауы бар сезгі міндетті түрде ауыстырылады.

Сурет 8. Дроссель қалақшасының жұмыс принціпі




    1. Детонация сезгісі


Сезгі 0261231046 немесе GT 305 мотор жұмыс істеп тұрған кезде детонацияны анықтайды. Детонация – мотор цилиндрлеріндегі жанармай қоспасының кенеттен ӛздігінен жануы немесе цилиндрдің ішінде болатын қопарылыс. Мотордың мұндай жұмыс режимінде ӛте үлкен діріл пайда
болады және мотор бӛлшектеріне термиялық жүктеме тудырады. Детонацияда жұмыс істеп тұрған мотордың бӛлшектері тез істен шығады. Детонация сезгісі цилиндр блогының оң жағында орнатылған. 9-суретте детонация сезгісінің пъезоэлектрлі құрылысы кӛрсетілген.


Сурет 9. Детонация сезгісі. 1 – штекер; 2 – изолятор; 3 – корпус; 4 – гайка; 5 – иілмелі
шайба; 6 – инерциялы шайба; 7 – пъезоэлемент; 8 – түйісу пластинасы.
Сезгінің негізгі элементтері – кварцты пьезоэлемент (7) және инерциялы масса (6). Мотор жұмыс істеп тұрғанда осы бӛлшектер дірілдейді. Сезгінің инерциялық массасы (6) діріл кезінде пьезоэлементке әсер етіп, электр дабылын тудырады. Осы дабылдың түріне қарай дірілді анықтайды. Детонация пайда болғанда діріл ұлғайып, электр дабылының кернеу амплитудасы ӛседі. Осы электр дабылы басқару блогына беріледі. Дабыл пайда болғанда басқару блогы детонация ӛшкенге дейін оталудың озу бұрышын реттейді. Сезгі мен оның электр тізбектері істен шықса, бақылау шамы жанып, жүргізушіге белгі береді. Сезгінің ақаусыздығын моторды іске қосып, DST-2 аспабымен тексереміз. Ақауы бар сезгіні ауыстыру керек.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет