Бақылау сұрақтары:
1. Тізбек басының конструкциясына қандай талаптар қойылады?
2. Фонтанды арматураның қандай түрлері бар?
3. Штуцердің негізгі қызметі қандай?
4. Манифольдтың атқаратын қызметі қандай ?
5. Манифольдтың жұмыс жасау принципі қалай анықталады?
6. Тізбек бойында парафин қатпауы үшін қандай тəсіл қолданады ?
33
2. 5. Фонтанды ұңғыманың жұмысын реттеу
Кен орнын игерудің бастапқы сатыларында фонтанды ұңғымалар
мен жоғары шығымды ұңғымалар мұнай өндіру мекемесінің
мүмкіндіктерін анықтайды. Сондықтан олардың жұмысын зерттеу, реттеу
жəне бақылауға үлкен көңіл аударылады. Сонымен қатар, фонтанды
қондырғы тереңдік зеттеулерді жүргізуге, тереңдік зерттеу мəліметтерін
алу, құйылу профилін түсіру жəне басқа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік
береді. Фонтанды ұңғыманың дəлелді пайдалану режимін анықтау үшін, əр
түрлі тəжірибелі режимдердің жұмыс нəтижелерін білу маңызды болып
табылады.
Тəжірибе жүзінде мұнай жəне газ өндіруші ұңғымалардың жұмыс
мерзімін жоғарылатуда басқа əдістермен салыстырғанда фонтанды
əдістіқолдану тиімді болып табылады, себебі шығын аз жұмсалады.
Ұңғыманың фонтандауын ұзартудың негізгі əдістеріне:
1) Ұңғыманың өнімділік коэффициентін жоғарылату. Өнімді
қабаттың геолого-литологиялық сипаттамасына жəне оны қанықтырушы
флюидтерге, кенішті игеру сатыларына жəне басқа да жағдайларға тəуелді
болуына байланысты ұңғымалардың түп аймағының сүзілу сипатын
жоғарылату үшін əртүрлі əдістер қолданылады (қышқылмен өңдеу,
гидравликалық жару, жылумен өңдеу, кешенді термохимиялық жəне
механикалық əсер ету жəне т.б.).
2) Қабаттан ұңғымаға келетін мұнайдың сулану дəрежесін
төмендету. Ұңғыма өнімінің сулануын төмендету іс-шараларына: қабатқа
айдалатын су ағынының қозғалысын реттеу жəне бақылау; ұңғыма түбіне
қабат суларының келуін болдырмау жəне саңылаусыздандыру;
ығыстырылатын мұнай мен ығыстыратын судың салыстырмалы
тұтқырлығын реттеу жəне т.б.
3) Мүмкін болса, ұңғыма сағасындағы қысымды төмендету керек.
Бұл қысымның мəні қандай жағдайда болмасын мұнай-газ-су жинау
жүйесіндегі қысымнан төмен болмау керек.
4) Көтергіш құбырдың диаметрін кішірейту, егер экономикалық
жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда ұңғыманың өнімі азаяды.
5) Егер, фонтанды əдіс басқа əдістерге қарағанда экономикалық
жағынан тиімді екені дəлелденсе, онда қабат қысымын ұңғыманың
фонтандауын қамтамасыз ететін деңгейде ұстау керек.
6) Түптік штуцерді қолдану.
Кейбір жағдайларда ұңғыманың фонтандауын ұзарту үшін түптік
штуцер қолданылады, ол көтергіш құбыр тізбегінің төменгі бөлігінде
немесе сағада шығу желісінде орналасады.
Фонтанды ұңғыманың жұмыс режимін штуцерді алмастыру арқылы
өзгертеді (яғни оның өту саңылауының диаметрін өзгертеді). Штуцерді
ауыстыру кезінде аздаған уақыт ұңғыманың жұмысын тоқтатуға тура
34
келеді жəне соған байланысты оның шығымы жəне түптік қысымы өзгеруі
нəтижесінде болатын шығын жоғалтудан кейін, қабаттың жəне ұңғыманың
қалыптасқан режимге көшу ұзақтығы əртүрлі болуы мүмкін. Ол қабаттың
гидроөткізгіштігіне жəне пьезоөткізгіштігіне, сонымен қатар шығымның
салыстырмалы өзгеруіне байланысты болады.
Ұңғыманың қалыптасқан режим белгілеріне - шығым тұрақтылығы
жəне ұңғыма буферіне немесе құбыраралық кеңістікке жалғасқан
манометр көрсеткіштерінің тұрақтылығы жатады. Əдетте, бұл уақыт
бірнеше ондық сағатпен өлшенеді.
Реттеу қисықтарын жəне индикаторлық қисықты тұрғызу үшін,
ұңғыманың төрт жұмыс режимін ауыстыру қажет. Қалыптасқан жұмыс
режиміне көшкеннен кейін, лубрикатор арқылы ұңғыма түбіне тереңдік
манометрін немесе басқа аспаптарды түсіреді, ал жер бетінде мүмкін
дəлдікпен шығымды, өнімнің сулануын, құрамындағы құмды жəне ұңғыма
өніміндегі қатты бөлшектерді, газ факторын, немесе жай газдың
шығымын, буферлі жəне құбыраралық манометр көрсеткіштерін
(амплитуда, арматура мен манифольдтың діділдеуі) өлшейді. Алынған
нəтижелер бойынша реттеу қисықтар деп аталатын, яғни өлшенген
көрсеткіштердің штуцер диаметріне тəуелділіктерін тұрғызады (2.9-сурет).
2.10-сурет. Фонтанды ұңғыманың реттеу қисықтары.
d —штуцердің диаметрі; 1— р
с
– түптік қысым, МПа; 2 — Г
0
— газ
факторы, м
3
/м
3
; 3— Q — ұңғыма өнімі, м
3
/тəу; 4 — Δр — депрессия,
МПа; 5— П — сұйық құрамындағы құмның мөлшері, кг/м
3
; 6 — n —
ұңғыма өніміндегі судың мөлшері, %
35
Реттеу қисықтары берілген ұңғыманы игерудің технологиялық
нормаларын жəне оның тұрақты жұмыс режимін анықтау үшін бір негіз
болып табылады, мысалы:
- жіберілмейтін түптік қысым Р
с
қанығу қысымынан Р
нас
төмен
болмау керек Рс ≥0,75Р
нас
;
- минимальды газ факторына немесе оның белгілі шамадан аспайтын
мəніне сəйкес келетін режимді қалыптастыру ұңғы сүзгісінен тыс қабатта
кавернаның пайда болмауы үшін шығатын құм мөлшерінің күрт артуын
болдырмауға сəйкес келетін режимді қалыптастыру;
- ұңғыма өнімінде судың пайыздық мөлшері күрт артуын
болдырмауға сəйкес келетін режимді анықтау;
- шегендеу бағанасының бүгуі мүмкін болатын,қысымды ұңғы
түбінде болдырмау;
- буфер немесе құбыраралық кеңістікте қысымды арматура жəне
жалпы жер бетіндегі қондырғының беріктігі жəне сенімділігі жағынан
қауіпті мəнге ие болатын қысымда режимді болдырмау;
- ұңғыма буферіндегі қысым мұнайгаз жинау жүйесі лақтырынды
манифольдтық қысымнан төмен болатын режимді болдырмау;
- үздіксіз фонтандау үрдісін бұзатын бүлкілдеу пайда болатын
ұңғыманың жұмыс режимін болдырмау;
- дренаждаудың активті үрдісі кезінде ең үлкен қабат қалыңдығы
немесе ең үлкен өнімді қабатшалар саны алынатын режимді қалыптастыру.
Ол ұңғыма жұмысының əртүрлі режимінде ағын профилін, тереңдік өнім
өлшегіш көмегімен түсіру арқылы анықталады.
Берілген ұңғыма жұмыс режимі қалыптасқаннан кейін, оны кейін
ұстап тұруды ұқыпты бақылайды.
Əсіресе, ұқыпты бақылау жоғары шығымды фонтанды ұңғымалар
үшін қарастырылады. Арматураның периодты бақылауы кезінде
жалғасуындағы саңылаусыздығының бұзылуы, қондырғы элементтерінің
қауіпті дірілі, манометр көрсеткіштерінде жазылады. Ұңғыманың қалыпты
жұмысынан ауытқуы буферлі жəне құбыр сыртқы қысымның аномальды
өзгеруі, мұнай шығымының өзгеруі, сулануы, құм мөлшері жəне т.б.
бойынша білуге болады.
Мысалы: буферлі қысымның төмендеуі кезінде, құбыраралық
кеңістікте қысым артқанда, СКҚ ішкі бетінде парафиннің немесе
минералды тұздардың қауіпті қабаттануын көрсетеді. Буферлі қысым жəне
құбыраралық қысым бір уақытта төмендесе, ұңғыма түбінде құм
тығынының немесе ауыр минералды қабат суының түппен СКҚ башмак
арасында жиналуын көрсетеді. Осы аралықта шығатын ағынның аз
жылдамдығы белгілі шарттарда түптік қысымның артуына алып келеді.
Буфердегі қысымның түсуі жəне шығымның осы кезде көбеюі, штуцердің
желінгенін жəне оны өзгерту қажет екенін көрсетеді. Штуцердің ластануы
немесе манифольдта жəне лақтырынды шлейфте парафиннің қабаттануы,
36
жəне сол кезде шығымның азаюы буферлі жəне құбыраралық қысымның
үлкеюіне алып келеді.
Мұнай ұңғымаларын фонтанды əдіспен пайдаланудың негізгі
артықшылықтарына:
- сенімділік, ұңғыманы пайдалану коэффициентінің жоғары болуы,
жөндеу
аралық
кезеңнің
ұзақтығы,
ұңғымада
жылжымалы
қондырғылардың болмауы;
- ұңғыманы пайдалануда электр энергиясын қажет етпеуі;
- ұңғыма түбіне дейін қондырғыларды түсіріп ұңғыманың жұмысын
жəне қабаттың параметрлерін өлшеуге мүмкіндіктің болуы;
- ұңғыма жұмысының параметрлерін сағалық немесе түптік
штуцердің (реттегіш) көмегімен реттеудің мүмкіндігі;
- басқа пайдалану əдістерімен салыстырғанда қызметкерлердің аз
болуы.
Пайдаланудың фонтанды əдісінің негізгі кемшілігі, ол ұңғыма
түбіндегі салыстырмалы жоғары қысымды ұстап тұру жəне сұйықтың көп
мөлшерде сулануы бұл əдістің қолдану аумағын шектейді.
Фонтанды əдісті қолдану аумағы келесі шартпен анықталады:
фонтанды ұңғыманың өнімі қабаттан сұйықты алудың технологиялық
мөлшерінен аз болмауы керек. Керісінше жағдайда фонтанды ұңғыманы
механикалық пайдалану əдістерінің тиімдісіне ауыстыру қажет, осыдан
кейін технологиялық тиімділік емес, сонымен қатар экономикалық
тиімділік те алынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |