29
2.6-сурет. Біртізбекті көтергішке арналған
төртжақты фонтанды арматура
1 – манометр; 2 –үш жүрісті жапқыш; 3 – буфер; 4, 9 –
ысырмалар; 5 – шыршаның төрт жақты құбыры; 6 – ауыспалы
катушка; 7 – ауыспалы втулка; 8 – құбыр басының төрт жақты құбыры;
10 –штуцер; 11 – тізбек фланецы; 12 –буфер.
Фонтанды арматуралар құрылысы мен мықтылығына байланысты
келесі топтарға бөлінеді:
- қысымы бойынша – 7 МПа-дан 105 МПа дейін;
- құбыр бағанының өткізгіш қимасының өлшеміне байланысты–
50÷100мм;
- фонтанды шыршаның құрылысы бойынша - төрт жəне үш жақты;
- ұңғымаға түсірілетін құбыр тізбегінің санына байланысты – бір
тізбекті жəне екі тізбекті;
- бекіткіш қондырғылардың түріне байланысты – ысырмалы жəне
бұрандалы.
30
2.7- сурет. Фонтанды арматуралардың типтік схемасы:
а,б – үш жақты арматуралар; в,г – төрт жақты арматуралар.
1 - манометр; 2 - манометрге арналған бекіткіш қондырғы; 3 –
манометрге арналған флянец; 4 – бекіткіш қондырғы; 5 - үш жақты
құбыр; 6 – дроссель; 7-құбыр басының ауыстырғышы; 8 – флянецті
жалғағыш; 9 – құбыр басы; 10-фонтанды шырша.
31
Құбыр басы кондуктор жəне пайдалану құбырларының ұштарын
біріктіру үшін жəне құбыраралық
кеңістікті саңылаусыздандырып, тізбек
басын жəне фонтанды шыршаны көтеруге, тірек қызметіне арналған.
Фонтанды арматуралардың шифрлары келесі түрде болады:
- АФТ-65Кр-140, үш
жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы
65мм,
бұрандалы, 14 МПа жұмыс қысымына арналған;
- АФК-50Кр-210 – төрт жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы
50 мм, бұрандалы, 21 МПа жұмыс қысымына арналған.
Фонтанды арматураның салмағы 3 тонна, биіктігі 4 м, ені 3,3 м.
Достарыңызбен бөлісу: