Мұнай кен орындарын игеру технологиясы - деп, мұнайды жер
қыртысынан өндіріп алу үшін қолданылатын əдістердің топтамасын
айтады.
Фонтанды пайдалану – деп, сұйықты көтеріп шығару тек қана қабат
энергиясының есебінен жүзеге асатын əдісті айтады.
Газлифті əдісі – деп, сұйықты қабаттан жер бетіне көтерілуін
башмак немесе клапан арқылы көтеру құбырларына сығылған газ айдау
көмегімен жүзеге асыратын мұнай ұңғымаларын пайдалану əдісін айтады.
Статикалық қысым - ұңғыма ұзаққа созылған тоқтаудан кейін бір
қалыпқа түскен кездегі ұңғыма түбіндегі қысымды айтады.
Статикалық деңгей – деп, белгілі шарт бойынша ұңғыма
тоқтағаннан кейін оған атмосфералық қысым əсер ететін сұйық бағанының
деңгейін айтады.
Динамикалық қысым – деп, ұңғыманың түп аумағында ұңғымадан
сұйықты немесе газды алу кезінде немесе ұңғымаға сұйық немесе газды
айдау кезінде қалыптасатын қысымды айтады.
Сұйықтың динамикалық деңгейі– деп, атмосфералық қысым əсер
етіп тұрған кезде (құбыр аралық кеңістік ашық болған кезде) жұмыс істеп
тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейін атайды.
Бастапқы қабаттық қысым – деп, игерудің басында барлау
ұңғымалар тобы бойынша анықталған қабаттық қысымды айтады.
Қабат режимі – деп, пайдалану жəне су айдау ұңғымалары
жүйесімен су айдау кезінде кеуекті қабатта байқалатын процестерді
анықтайтын барлық табиғи жəне қолдан жасалған факторлардың
жиынтығын айтады.
Ұңғыма – деп, жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары
көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр
пішінді тау-кен құрылыс орнын айтады.
Ұңғыманың конструкциясы - деп, диаметрлері мен ұзындықтары
əртүрлі жəне ұңғымаға бірінен кейін бірі тобымен түсірілетін бірнеше
шегендеу құбырларын айтамыз.
Бағыттаушы – бірінші түсірілетін құбырлар тізбегі, ұңғыманың
сағалық бөлігін бұрғылау ерітінділері шайып кетпес үшін бекітуге
арналған, сонымен бірге сұйықтың айналымын қамтамасыз етуге арналған.
Кондуктор – шегендеуші құбырлар тізбегі, ол тау жыныстарының
жоғарғы аралығын бөлуге жəне жер асты тұщы суларының қабатын
ластанудан саңылаусыздандыру үшін, қарсы лақтыруға арналған
қондырғыны жəне келесі тізбектерді орналастыруда монтаждау үшін
арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |