46
3.2.Газлифті ұңғымаларының конструкциялары
Нақты жағдайда газлифтілі ұңғыманың
жұмысын бірінің ішіне бірі
орналасқан екі құбыр жасайды, яғни ұңғымаға түсірілген бірінші (сыртқы)
жəне екінші (ішкі) құбыр қатарын түсіру. Құбырдың сыртқы қатары үлкен
диаметрлі болады (73÷102 мм) жəне ол бірінші түсіріледі (3.2-сурет, а).
Екі қатарлы көтергіш құбырдың басқа түріне металл шығынын
азайтып үнемдеу үшін, біржарым қатарлы көтергіш құбырды қолдануға
болады жəне ол бірінші қатардағы құбырдың соңғы жағы (башмактан
төмен) кіші диаметрлі құбыр болып келеді (б-суреті). Бұл құбырдың
конструкциялық металл сыйымдылығын азайтады жəне
келетін ағынның
жылдамдығын жоғарылатады, бірақ екінші қатарлы құбырдың тереңдігін
арттыруға кедергі жасайды.
Бір қатарлы көтергіш құбырда (в-суреті) газ құбыр аралық
кеңістікпен беріледі де, газсұйық қоспасы құбыр ішімен жоғары
көтеріледі. Нақты сұйық деңгейі көтергіш құбырдың башмагында
тұрақталады.
Сұйық деңгейі бұл жағдайда жоғарыда болмайды, себебі газ сорапты
компрессорлық құбырға берілмейді жəне ол башмактан төмен де
болмайды, себебі ол жағдайда сорапты
компрессорлық құбырға сұйық
келмейді. Бір қатарлы құбырда батырылу жəне сұйықтың динамикалық
деңгейі болмайды, ал көтергіш құбырдың башмагындағы гидростатикалық
қысымы газ қысымымен алмастырылады. Сонымен қатар в-суретінде
ұңғымаға жалғанған пьезометр (4) көрсетілген. Осындай пьезометрде
жұмыс қысымына сəйкес келетін нақты динамикалық деңгей қалыптасады.
Бір
қатарлы көтергіштің кемшілігі, түп пен башмак аралығында
келетін ағынның жылдамдығының төмен болуы жəне түсіру тереңдігі
газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алумен жəне
ұңғыманың өнімділік
коэффициентімен анықталады. Бірақ та, құбырды түсіруде немесе
тереңдікті өзгертуде оңай болады. Соған байланысты бір қатарлы көтергіш
құбырдың – жұмыс тесігі бар түрі де кездеседі (г-суреті).
Керекті диаметрлі бір қатарлы құбыр ұңғыма түбіне дейін түсіріледі,
бірақта ол башмактың (сорапты компрессорлық құбырға газ енетін жер)
орналасатын өлшенген тереңдігіне дейін түсіріледі жəне оған 5÷8 мм-лік
екі-төрт тесігі бар жұмыс муфтасы орнатылады. Тесіктердің қимасы
керекті мөлшердегі газ көлемін өткізе алатындай болуы қажет.
47
3.2-сурет. Газлифтілі көтергіштің схемасы:
а- екі қатарлы көтергіш; б – біржарым қатарлы көтергіш; в – бір
қатарлы көтергіш; г – бір қатарлы көтергіш жұмыс тесігі бар.
Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар екі
түрге бөлінеді:
- ашық түрдегі қондырғы (қосу
клапаны бар немесе жоқ, пакерсіз
сорапты компрессорлық құбыр тізбегі);
- жабық немесе жартылай жабық түріндегі қондырғы (қосқыш
клапаны, кері клапаны жəне пакері бар сорапты компрессорлық құбыр
тізбегі).
Ұңғымаға газды беру бағытының тəуелділігіне байланысты
сақиналы жəне орталықтан газ беру жүйесі болып бөлінеді.
Бірінші
жағдайда сығылған газ құбыр аралық кеңістікке
беріледі, ал газсұйық
қоспасы құбырдың орталық тізбегімен көтеріледі. Бұл жүйе сақиналы деп
аталады. Ал екіншісінде, сығылған газ орталық құбыр тізбегімен беріледі
де, ол орталықтан газ беру деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: