63
тепкіш сорапты қондырғылар (ЭБОС) – орташа жəне жоғары өнімді
ұңғымаларға арналған. Қалған қондырғылар (УГПН, УЭВН, УЭДН, УСН)
белгілі категориялы ұңғымаларға арналған, жəне өндіру ұңғымаларының
қоры бойынша да, мұнай өндіру көлемі
бойынша да ҰШС мен ЭОС
қондырғыларына бақталас бола алмайды.
Олай болса ұңғымаларды төмен, орташа жəне жоғары өнімді деп
бөліп қарастыралық. Ұңғымалардың өнімділік топтары бойынша, негізінен
сұйықты көтеру деңгейіне байланысты, яғни сұйықты көтеру деңгейінің
жоғарылауына байланысты көптеген терең
сорапты қондырғыларда өнім
беру тез төмендеп кетеді (бұл жағдайда сорапты қондырғының өнім беру
мүмкіндігіне байланысты, ұңғыма өнімділігі де төмендейді). ҰШСС жəне
ЭБОС қондырғылары үшін сұйықты көтеру деңгейінің ара қатынасы
гипербола теңдеуімен өрнектелуі мүмкін:
Q = A/H, (4.1)
мұндағы
Q — қондырғының берілісі (ұңғыма өнімі), м
3
/тəу;
Н — сұйықты көтеру деңгейі, м;
А — тұрақты сандық мəн, м
4
/тəу өлшенеді жəне практикалық жолмен
алынады.
Берілген тəуелділік беріліс пен сұйықтың деңгейі бойынша
шектелген аралықта қолданылуы мүмкін. Сонымен ҰШСС үшін осындай
шектеулер тереңдік сораптардың плунжеріне жер бетіндегі жетек
(тербелмелі
қондырғы)
арқылы
ілгері-кері
қозғалыс
жасауда
қолданылатын, штанг тізбегінің
нақты жұмыс жасау қабілетіне, ал ЭБОС
үшін шығарылатын батырмалы ортадан тепкіш сораптардың Q—Н
сипаттамалары бойынша шартты түрде негізделген. Шындығына келгенде,
əртүрлі терең сорапты қондырғылар үшін сұйықтың беріліс жəне көтерілу
деңгейі бойынша шектеулер де əртүрлі болады. Осы себептен, əр түрлi
терең сорапты қондырғылары үшiн төмен, орташа жəне жоғары өнімді
ұңғымалардың аралық шекаралардың бiр мəндi болмауынан қашу
мақсатында, ҰШС қондырғылары үшін
ұңғымалардың қаралатын
дəрежелерiне бөлiнуді жүргіземіз.
Бұдан шығатыны, (4.1) тəуелділігі келесі аралықтар қолданылатын
болады: беріліс бойынша Q ≤100 м
3
/тəу, көтерілу деңгейі бойынша
Н≤3000м.
Қазіргі таңда шағарылатын ҰШС қондырғыларына 4·10
4
м
4
/тəу
болатын А тұрақты шамасын қолдануға болады, жəне осы мəндерді
пайдаланып орташа жəне жоғары өнімді
ұңғымалардың ара қатынасын
анықтауға болады:
Q = 4·10
4
/H (4.2)
(4.2) өрнегін пайдаланып қолдану шектерiне сүйене отырып, жоғары
өнімді ұңғымаларға көтеру деңгейіне тəуелсіз, 100 м
3
/тəу жоғары өнімі
бар, жəне көтеру биiктiгіне тəуелсiз 3000 м-ден жоғары ұңғымалар жатады.
64
Өнімділігі төмен ұңғымаларға көтерілу биіктігі 3000 м –де өнімділігі
5,0 м
3
/тəу – тен аспайтын ұңғымалар жатады. Жоғары немесе төмен емес
өнімділіктегі ұңғымалар орташа өнімдегі ұңғымаларға жатады.
Сұйықты көтеру биіктігі бойынша ұңғымалар келесі топтарға
бөлінеді:
1. Терең емес — сұйықты көтеру биіктігі 450 м дейін.
2. Орташа тереңдіктегі — сұйықты көтеру биіктігі 450 ÷ 1350 м
дейін.
3. Терең — сұйықты көтеру биіктігі 1350 м жоғары.
4.1 − суретте əртүрлі топтардағы ұңғымалардың өнімі жəне сұйықты
көтеру биіктігі бойынша аймақтары мен шекаралары көрсетілген.
4.1 − сурет. Əртүрлі топтардағы ұңғымалардың өнімі жəне сұйықты
көтеру биіктігі бойынша аймақтары мен шекаралары
1 —төмен жəне орташа өнімділіктегі ұңғыманың шекарасы; 2 —
орташа жəне жоғары өнімділіктегі ұңғыманың шекарасы; 3 — терең
жəне орташа тереңдіктегі ұңғыманың шекарасы; 4 — терең емес жəне
орташа тереңдіктегі ұңғыманың шекарасы.
65
Техникалық-экономикалық есептеулер, сонымен бiрге ҰШС жəне
ЭОСҚ қондырғыларын тəжiрибеде ұзақ қолдану, терең сорапты
қондырғыларды келтiрiлген облыстарда қолдану жеткiлiктi негізделген екi
қорытындыларды жасауға мүмкiндiк болып табылатынын көрсеттi:
1. Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғылар негізінен,
өнімділігі
төмен жəне орташа, сонымен бірге терең емес жəне орташа тереңдіктегі
ұңғымаларды пайдалануға арналған. Дегенмен, өнімділігі жоғары жəне
терең ұңғымаларды пайдалануда рентабелді болып қала алады (белгілі
аралықта).
2. Батырмалы электрортадан тепкіш сорапты қондырғылар, негізінен
өнімділігі орташа жəне жоғары, тереңдігі əртүрлі ұңғымаларды
пайдалануға арналған.
Ұңғымаларды штангалы ұңғымалы сорапты қондырғылармен
пайдалану жайында толығымен қарастыралық.
Достарыңызбен бөлісу: