186
№ 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ
ТЕЛЕФОНДАРЫ»
Сабақтың мақсаты: қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен
сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.
Негізгі міндеттер: төтенше жағдайларды
шақыру ережелерін бекіту
қарапайым және төтенше жағдай арасындағы айырмашылық ұғымын бекіту.
Материалдар мен ресурстар:
Сынып сағаты тақырыбындағы видео;
Шұғыл қызмет нөмірлері бар карточкалар;
Рольдік ойынға арналған телефондар.
Сабақтың барысы
1. Кіріспе (2 минутқа дейін)
Бейне ролик қарау:
https://youtu.be/qfY3NzKvrnw?si=Ie_ekiYUXRV_qDPC
Естеріңізге сала кетейік, оператор оқиға туралы хабарды қабылдағанда, бұл
ақпаратты тиісті шұғыл қызметтерге жеткізу керек. Қызметтердің жұмыс уақыты:
ТӘУЛІК БОЙЫ. Телефон шотында ақша болмаса да,
барлық ұялы байланыс
операторларына қоңырау шалу ТЕГІН.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104,112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
Достарыңызбен бөлісу: