861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулы етемін: «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»



жүктеу 95.5 Kb.
Дата26.02.2016
өлшемі95.5 Kb.




«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы

861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы



ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     
Қазақстан Республикасының
      Президентi                                        Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 7 қазан


№ 663

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң    

2013 жылғы 7 қазандағы

№ 663 Жарлығына   

ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентiнiң   

2009 жылғы 26 тамыздағы

№ 861 Жарлығымен   

БЕКIТIЛГЕН
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу
ҚАҒИДАЛАРЫ




  1. Жалпы ережелер

1. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;

2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;

3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.





  1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзiрлеу

3. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



  1. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді әзірлеу

5. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттiк өтінімдерді ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мыналар:

1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру арқылы өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражаттың игерілмеуіне әкеп соқтырған себептер;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылы үшін стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептер және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;

3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті берген қорытындылар мен ұсынымдар ескеріледі;

4) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстардың негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;

5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;

6) шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінетін, нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.

7. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.

8. Республикалық бюджет шығыстары базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарға бөлiнедi.

Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайларында басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.

Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және мемлекеттiң басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:

1) кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;

2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктердiң және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

9. Республикалық бюджеттің базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарының көлемiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негiзiнде Республикалық бюджет комиссиясы бөледi.

Базалық шығыстар, шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдерін қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемiнің негiзiнде айқындалады.

Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген елдiң даму басымдықтары, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторингi нәтижелерi, есептi қаржы жылында стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептер, нәтижелердi бағалау ескеріле отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлуге жатады.

10. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстары қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.

11. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша мұның алдындағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.

Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер үшiншi жылға ғана жасалады.

Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша мұның алдындағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жоспарланатын жоспарлы кезеңнің жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.

12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:

1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;

3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;

4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.

Республикалық бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдайды.

14. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізіледі.

15. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.


  1. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу

16. Республикалық бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджет жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлейдi және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынады.

18. Республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 71-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.

19. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:

1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын;

2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;

3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

4) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың соңғы есептi күнгi жай-күйi туралы деректердi;



5) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
_______________________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет