Нұсқаулар:
1. Егер үйіңізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.
2. Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған немесе қатты қорқытқан
болса онда 102-ге қоңырау шалыңыз.
3. Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау
шалыңыз.
4. Сізге кез келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.
5. Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру.
Соңғы ойын «Әртүрлі жағдайлар» (балалар қандай қызметке қоңырау шалу
керектігін және ондай жағдайда балалар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіруі
керек:
1. Есікті бейтаныс адам қақты (102).
2. Әжем ауырып қалды (103).
3. Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр (101).
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104, 112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы,
өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін
ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
111
1. Бекіту. Өзіндік жұмыс. Тапсырманы орындаңыз. Суреттің астына қызмет
нөмірін жазыңыз.
2. Қорытынды. Рефлексия.
Менде смайликтер бар: көңілді және көңілсіз. Тапсырмалары қиын емес балалар
көңілді смайликті таңдайды, ал тапсырмаларды орындау қиынға соғатындар көңілсіз
смайликті алады.
Достарыңызбен бөлісу: |