№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»
Сабақтың мақсаты: балаларды төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне
шұғыл қоңырау шалуды үйрету.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй
қалыптастыру.
Мақсат қою.
Әр адамның өмірінде көптеген кездейсоқ сәттер болады. Үйде
немесе
мектепте болған кезде біз қиын уақытта кімге жүгіну керектігін білеміз – ол біздің
ата-анамыз, педагогтеріміз, достарымыз. Бірақ үлкен қалада жалғыз жүргенде
әртүрлі қауіп-қатерге кезігуің мүмкін. Қауіп-қатер барлық жерде:
қоғамдық
көлікте, театрда, көшеде болуы мүмкін. Бұл жағдайда
біз кімнің көмегіне сене
аламыз?
1.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
Құтқару қызметі мамандықтарының суреттері бойынша «Қызмет нөмірін
атаңыз» ойыны.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104,112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
Достарыңызбен бөлісу: