4. Білімді бастапқы игеру және түсінгенін тексеру
- Неліктен көше иттері шабуыл жасайды деп ойлайсыздар? Көше иттері өз
беттерінше өмір сүреді, тамақ іздейді. Көше иттердің шабуылының ең айқын
себептерінің бірі – ойнауға деген ұмтылыс. Иттер жалығады, ойнағысы келеді,
әсіресе айғайлап, қол бұлғап, жүгіріп келе жатқан адам иттер үшін керемет
ойыншық. Әрине, әркім осындай ойынның барлық қауіптілігіне қарамастан, жол
бойында қуана-қуана жүретін иттерді кездестіреді. Өтіп бара жатқан көліктердің
артынан жүгіреді. Егер адам кездейсоқ иттер жүрген аумаққа тап болса, онда
жануарлар бөтен адамды қуып жіберуге тырысады. Көше иттері шабуылының
тағы бір себебі – бұрынғы кек. Адамдар қанша рет таспен немесе таяқпен ұрғанын,
оларды қаншалықты жиі ұрып-соғып, мазақ еткенін елестету қиын.
Есіңде болсын!
- жалғыз келе жатқанда ит алдыңнан шықса, басқа (қарама-қарсы)
жаққа бұрылуға тырысыңыз, айқайламаңыз;
-ересек адамдарға қарай сабырлы түрде жақындауға тырысыңыз;
-егер кенеттен ит кішкентайларға жасырынып (жақындаса), бұл туралы
ересектерге тез хабарлаңыз;
-иттерді ызаландырмаңыз.
Тыйым салынады:
- итке таяқ, бұтақ лақтыруға, қол бұлғауға; айқайлауға;
- жейтін азығын тартып алуға.
Көшеде жануарларды байқасаңыз ата-анаңызға хабарлаңыз, кеңес алыңыз
немесе ветеринарлық ауруханаға хабарласып, апарыңыз.
5.
Бекіту
- Сіздердің үстелдеріңізде әрқайсысында екі жартыға бөлінген қағаз парақтары
бар екі бағанға жауаптарды жазып, сұраққа жауап беріңіз, өзіңіздің қазіргі және
ересек болған кездегі әрекеттеріңізді жазыңыз. Көшеде қаңғыбас жануармен
(мысық, ит) кездескенде не істейсіз?
6.
Қорытынды. Рефлексия
Білдім. Білемін. Білгім келеді .
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=9xvc5ySjiXU&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS
-IEuEG9KjOrJzvPM&index=27
|