шақырамын (көршісіне телефон соғады), «Анам ваннада, кішкене күте тұрыңыз».
4-
топ: Бала гипермаркетте адасып қалады. Ол не істеуі керек?
Жүгіріп анасын іздейді.
Адасқан жерінде тұрады.
Полиция қызметкеріне көмекке жүгінеді.
«Сенің анаңды жаңа ғана көрдім, жылап, сені іздеп жүр» деген бейтаныс
адамға еріп кетеді.
Қасында өтіп бара жатқан адамнан жақын жердегі полиция бөлімшесіне
апаруды өтінеді.
Сатушыдан көмек сұрайды.
Қасынан өтіп бара жатқан адамнан полиция бөлімшесіне
телефон соғып,
оның адасып қалғанын және қай жерде екенін хабарлауды өтінеді.
Жағдаяттар қарастырылып, талқыланып, дұрыс шешімі таңдалады.
3.
Қорытынды. Рефлексия (2минут).
-Бүгінгі сабақтан қандай маңызды нәрсені түсіндіңдер?
Үйде өз іні-қарындастарыңа бейтаныс адамдармен сөйлесу тәртібін
түсіндіріңдер.
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=36
№ 6 САБАҚ. «ВИРТУАЛДЫ ДОСТАРДАН БОЛАТЫН ҚАУІПТЕН
ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: балаларды әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату.
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
-Қазір мен сендерге түрлі сөздер мен атауларды айтамын.
-Қандай сөздер мен атаулар сендерге таныс? Осы ойындар туралы не
білесіздер?
(«Көк кит», «Тыныш үй», «Мені 4.20-да оятыңыз», «Құс жолы», «Киттер
теңізі», U19, F57, «Жүгіру немесе өзіне өзі қол жұмсау», «Киттер жоғары қарай
жүзеді»).
-Бұл әлеуметтік
желідегі, кіруге тыйым салынатын ойындар.
Сабақтың мақсаты: әлеуметтік желілердегі қауіптен сақтануды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: