«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды шұғыл қызметтерге 
дұрыс және тиімді қоңырау шалуға, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпаратты 
беруге үйрету. 
Міндеттері: 
• Балаларды жедел қызмет нөмірлерімен (полиция, өрт сөндіру, 
жедел жәрдем, газ қызметі) таныстыру. 
• Төтенше жағдай кезінде телефон соғу нұсқауларының негізгі 
элементтерін көрсету. 
• Әртүрлі төтенше жағдайларда телефон соғу скриптерін әзірлеуге 
және есте сақтауға үйрету, жедел қызметтерге телефон соғу 
жаттығуларын жүргізу. 
Материалдар мен ресурстар: 
Шұғыл қоңыраулар мысалын көрсетуге арналған суреттер мен 
бейнелер. 
Шұғыл қызмет нөмірлері туралы жадынамалар және үлгі қоңырау 
скрипті берілген үлестірме материалдар. 
Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары 
немесе ойыншық телефондар. 
Ұйымдастырылатын іс-әрекет: 
Жедел қызметтерге телефон соғудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
«Есте сақта!» 
Өрт күзеті 
101 
Полиция 
102 
Жедел жәрдем 
103 
Төтенше газ қызметі 
104,112 
Бірыңғай құтқару қызметі 
112 
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен 
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық 
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, 
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне 
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін. 
 
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста 
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел 
топтарымен байланыста. 
111 
Қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету: 
• Сәлемдесу және таныстыру. 
• Оқиға мекенжайы мен орнын көрсету. 
• Жағдайды сипаттау (не болды, қандай қауіп бар, зардап шеккендер бар 
ма және т.б.). 


• Оператор сұрақтарына жауап беру.
• Оператор нұсқауларын орындау. 
Қоңырауға дейін және одан кейінгі тәртіп ережелерін талқылау:
• Оператор тұтқаны қойыңыз деп айтпайынша, телефонды қоймаңыз. 
• Оператордың нұсқауларын орындаңыз және мүмкіндігінше 
көмектесіңіз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет