«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет10/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Дидактикалық ойындар 
Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету: 
Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). 
Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер». 
Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын 
білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін 
мекенжайлары бар карталарды пайдаланады. 
Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте 
сақтауды үйрету: 
Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар 
екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665» 
Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды 
сұрайды. 
Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу. 
Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады. 
 
«Хат жолда» ойыны 
Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» 
(ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын 
немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді. 
«Телефон» ойыны 
Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай 
немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше 
тізбек бойынша сыбырлап айтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек. 


Бекітуге арналған тапсырмалар: Бекіту үшін мекенжай мен телефон 
нөмірлері жазылған карточкаларды тарату. 
Пайдалы сілтеме: 
 
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
 


№ 5 САБАҚ. «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»
 
 
Ұзақтығы: күні бойы 
Топ: ересек (4 жастағы балалар) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет