«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет73/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Қоғамдық көлікте. Егер сіз қоғамдық көлік ішінде ұмыт қалдырылған 
немесе иесіз затты тауып алсаңыз: 
1) Айналаңыздағы адамдардан сұрап көріңіз. Бұл заттың кімдікі екенін 
анықтауға тырысып көріңіз. 
2) Егер заттың иесі анықталмаса, бұл зат туралы жүргізушіге айтыңыз. 
Тұрғын үйдің кіре берісінде. Егер үйіңіздің кіреберісінен белгісіз зат тауып 
алсаңыз: 
1) Көршілерден сұраңыз, бұл зат соларға тиесілі болуы мүмкін. 
2) Егер заттың иесі анықталмаса, дереу құзырлы орындарға хабар беріңіз. 
Мекемелерде. Егер сіз мекемеден белгісіз зат тауып алсаңыз: 
1) Дереу анықталған зат жөнінде мекеме әкімшілігіне немесе мекеме 
күзетшісіне хабарлаңыз. 


5. Бекіту 
Жұптық жұмыс. Күдікті затты анықтаған жағдайда не істеу керектігі 
жөнінде қасындағы оқушыға әңгімеле. 
6. Қорытынды. Рефлексия. (2минут) 
Күдікті зат – бұл………… 
Күдікті зат анықталған кезде қандай нөмірлерге телефон шалу қажет? 
Телефон жоқ болса, не істеу керек? 
Күдікті затты ұстауға, ішін ашып қарауға бола ма? Неге? 
Күдікті затты тауып алғанда не істеу керек екенін ата-аналарыңа 
әңгімелеңдер. 
Пайдалы сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=CIucCpDxhZA&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- 
IEuEG9KjOrJzvPM
 
2) Белгісіз заттың табылған уақыты мен орнын жазып алыңыз. 
3) Адамдардың күдікті заттан мүмкіндігінше алыс кетуін қадағалаңыз. 
4) Құзырлы орын өкілдерінің келуін күтіңіз, күдікті заттың орналасқан жерін 
көрсетіңіз, анықталған уақытын хабарлаңыз. 
5) Үрейленбеңіз. Жарылыс қаупінің мүмкіндігі жөнінде тек білуге тиісті 
адамдарға ғана хабарлаңыз. 


№ 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
 
– БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕР»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет