Жеке үй тапсырмасы



бет5/10
Дата28.03.2023
өлшемі54.01 Kb.
#471280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жүрек қан тамырлар аурулары

Болжамы. Перикардиттің болжамы, шүбәлі, жарақатсыз түрінің барысы, негізгі аурудың жайына байланысты болады. Ірі қарада өтетін жарақатты перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға бағытталынады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жиналған жалқықты кетіру үшін несепті шығаратын дәрі-дәрмектер, иодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Иодты препарат ретінде ірі малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға 0,2-1 грамнан береді.
Натрийдің кофеин-бензоатын немесе натрийдің кофеин-салицилатын тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қаралар мен жылқыларға 3-8 г., ұсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5г.
Глюкозаны аузы арқылы беруге де болады, бірақ 30-40% ерітіндісін қан тамыры арқылы берген пайдалы, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 30-150 г., ұсақ малдарға 10-30 г., иттерге 2-8 г., түлкілер мен қарсақтарға 2-5 г. Көп жағдайларда антибиотиктер немесе сульфаниламидтерді қолданған жақсы әсер етеді.
Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.
Сақтандыру шараларының мағынасы басты ауруларды дер кезінде емдеп жазуға бағытталған. Ірі қараларда жарақаттан пайда болатын перикардитті сақтандырудың маңызы өте зор, ол үшін төмендегідей әрекеттер жасалуы керек: а) малмен жұмыс істейтін адамдардың арасында түсінік-насихат жұмыстарын жүргізу; б) сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан өткізу; в) сыммен байланған тең шөптерді арнайы құралдармен мал қораларда емес, арнаулы жерде шешіп, сымдарды шашпау; г) малды байлайтын шынжырлар үзілген жағдайда оларды жалғау үшін сымды қолданбау; д) темір-терсектермен былғанған жерлерге малды шығармау және жаймау; е) жемірліктің себебінен түрлі бөтен өткір темір-терсек заттарды жалатып жұтқызбас үшін малдарды минералды-витаминді азықтармен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
7
ж) қала маңындағы және басқа да жарақатты перикардит жиі кездесіп тұратын шаруашылықтарда барлық сиырлардың тақия қарнына сопақша магнитті енгізіп, оларды Меликсетянның магнитті зондымен немесе оқтын-оқтын Коробов пен Телятниковтың магнитті зондтарымен қайтадан шығарып тазалап тұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет