Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарландыру



жүктеу 26.89 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі26.89 Kb.
Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiнің 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарлайды.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктер, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi аккредиттеуге жатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу жөніндегі комиссиясының мәжілісі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс, 9-қабат мекен-жайы бойынша 2014 жылғы 30 қаңтарда болады.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне 2014 жылдың 27 қаңтарына дейін (№810 кабинет, тел 749552, 749292) мынадай құжаттарды ұсынады:



  1. бекітілген үлгідегі өтiнiш;

  2. салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

  3. бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

                                   Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң


                                     бiрлестiктерiне аккредиттеу
                                         жүргiзу ережесiне
                                            N 1 қосымша
                                  Кiмге ___________________________
                                        (орталық мемлекеттiк және 
                                  _________________________________
                                  жергiлiктi атқарушы орган басшысы-
                                  _________________________________
                                         ның лауазымы, Т.А.Ә.)
                                  Кiмнен __________________________
                                          (бiрлестiк басшысының
                                  _________________________________
                                         лауазымы Т.А.Ә.)
                                  Деректемелер:
                                  _________________________________
                               (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
                             Өтiнiш
   ______________________________________________________________
   (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
 
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу
құқығын тану үшін _______________________________________________
                                (бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.
      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
      1. ________________________________________________________
      2. ________________________________________________________
      3. ________________________________________________________
      4. ________________________________________________________
      5. ________________________________________________________

      М.О. _________            _________________________________


            (қолы)             (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      "___"______ 200__ жыл


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет