Жеке табыс салығы есебі мен есептілігi


Жеке тұлғаның салықтық шегерімдері



бет2/4
Дата13.10.2023
өлшемі2.34 Mb.
#480685
1   2   3   4
жтс3120

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдері
346-бап. Стандартты шегерімдер
Мұндай жеңілдік мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасының біріне жасалады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасының бірі жұмыс орнынан алатын жалақыдан ұсталатын жеке табыс салығынан босай алады. Бірақ, жеңілдік жасалатын бір жылғы еңбекақы мөлшерінде шектеу бар, бұл сома 882 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни, Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағына сәйкес, ерекше баланың ата-анасының бірі күнтізбелік жылда 2 338 182 теңгеге дейінгі еңбекақысының жеке табыс салығын төлемеуіне болады.
Ол үшін ерекше баланың ата-анасының осы жеңілдікті қолданбақ болған бірі жұмыс орнының басшысына өтініш жазуы керек.
Ескерту – ерекше баланың ата-анасының бірінен жұмыс орнына өтініш жазған күннен бастап алған айлығының жалпы сомасы 2 338 182 теңгеден асқанша жеке табыс салығы ұсталмайды. Ал жалақысының көлемі осы сомадан асқан күннен бастап жылдың соңына дейін ол салықты бұрынғыша төлейді. Келесі күнтізбелік жылдың басында жаңадан тағы өтініш жазу қажет болады.
Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет