Жеке табыс салығы есебі мен есептілігi


-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім



бет3/4
Дата13.10.2023
өлшемі2.34 Mb.
#480685
1   2   3   4
жтс3120

349-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім
1. Салық кодексінің 349-бабына сәйкес, ипотека рәсімдеген азаматтар салықты аздау төлеу мүмкіндігі бар.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген азаматтарға салықтық жеңілдіктер бұрыннан қарастырылған. Енді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші деңгейлі өзге банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік берілетін болды.
Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар:
Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсаған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
ҚР Салық кодексi 347-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім
1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына жұмсалған, ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат.
3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім ерікті зейнетақы жарналарын төлеу күніне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады.
 
ҚР ҚР Салық кодексi 348-бап. Медицинаға арналған салықтық шегерім
1. Медицинаға арналған салықтық шегерім медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады. 2. Медицинаға арналған салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша қолданады. 3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады. Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы күнтiзбелiк бiр жылдағы жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет