Жеке тапсырма


-сурет. Жылу желілерінің сұлбалары



бет3/5
Дата24.06.2022
өлшемі376.17 Kb.
#459453
1   2   3   4   5
Жеке тапсырма (1)

6.1-сурет. Жылу желілерінің сұлбалары: а) радиалды; ә) шеңберлі

Радиалды жылу желілерінде құбырлар диаметрі жылу көзінен бастап төмендейді, мұндай желілер түйық деп саналады. Бұл желілер арзан және пайдалану жағынан қарапайым келеді. Бірақ түйық жылу желілері резервтелменген, сондықтан олар қажетті сенімділікті қамтамасыз етпейді. Егер жылу көзін аудан орталығында орналасса, мұндай желілер кіші жүйелерде қолдануға болады.
Радиалды түрде жылу желілер құбырларының диаметрі Ду<700 мм- ге дейін магистраль деп қарастыруға болады. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінде сулы жылу желілерінің резервтелу қарастырылады, ол үшін беретін жəне қайтатын құбырлар арасында қосымша құбыр орнатылады, бұл арқылы тұтынушылар барлық жағдайда жылумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.
Шеңберлі жылу желілері бірнеше жылу көзі бар жағдайда қолданылады, тұтынушылар барлық жағдайда жылумен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Мұндай желілер өте қымбат, сондықтан тек үлкен қалалар үшін қарастырылады.
Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінің маңызды элементі болып жергілікті жылу тұтынушыларын жылу желілерінің қиылысуында орналастырылатын қондырғылар сеналады, олар əртүрлі категорияға бөлінеді. Мұндай қондырғыларда жылу желілерінің жəне жылу пайдалану жүйелерінің жұмысына бақылау мен оларды басқару жүргізіледі. Мұнда жылутасымалдағыш параметрлерінің өлшемдері – қысымы, температурасы өзгертіледі, ал кейде əртүрлі деңгейде жылу беру шығындары мен реттеуі жүргізіледі. Осындай қондырғылардан жылумен қамту жүйелерінің сенімділігі мен үнемділігі байланысты болады.
Жылу желілерінің қабылданған жүктемесіне сонымен қатар жылу жіберудің əртүрлі сапасына сəйкес жылу орындарының қондырғыларына:
- жеке ғимараттардың жылу пайдалануына қызмет көрсететін жергілікті жылу пунктері (ЖЖП);
- тұрғын ғимараттарының бір тобына қызмет көрсететін топтық немесе орталық жылу пунктері (ОЖП);
- тұрғын аудандағы (кварталдағы) барлық ғимараттарға қызмет көрсететін аудандық жылу пункті (АЖП) қатысты түсініктері қолданылады.
Бір ғимараттың немесе оның жартысының (ірі ғимараттарда) тұтынушыларын жылу желілерінің жүйесіне қосылатын қондырғылары жергілікті жылу пунктіне (ЖЖП), барлық қалған ғимараттардың санына қарамастан қызмет көрсететін жылу орындары орталық жылу пунктіне (ОЖП) жатады.
Ірі және орташа жылумен қамту жүйелерінің иерархиялық құрылымы болуы керек, негізінде екі деңгейде қарастырылады.
Төменгі деңгей жылутасмалдағышты жеке жылу пунктеріне тасымалдайтын таратқыш желілерді құрайды.
Жоғары деңгей жылу көздерін ірі аудандық жылу пунктерімен (АЖП) қосатын магистральді жүйелерді құрайды, олар жылутасымалдағышты төмен деңгейлі желілер бойынша таратады және оларда дербес гидравликалық және температуралық тәртіптерді қамтамасыз етеді. Жылу желісінде жылутасымалдағыш әртүрлі жылу көздерден әр температурамен берілуі мүмкін, бірақ олар тарату жүйелерінің температурасынан аспауы тиіс. Барлық жылу көздеріне паралельді қосылған магистральді жылу желісінде әр жылу көздері резервті және оның жеке элементтері жұмыс істемеген жағдайда тұтынушыларға жылу беруді қамтамасыз етеді, отын үнемдеу мақсатында олардың арасындағы жүктемені жақсылап бөлуге мүмкіндік береді.
ЖЭО-дан үлкен жылу қуаттылығының құрамына қазіргі уақытта магистральды жылу желілерінде орналасқан суқыздырғыш қазандары қосылады. Жылу желілерінің екі иерархиялық деңгейі бар ірі жылумен қамту жүйесінің бір сызықтық принципиальдық сұлбасы көрсетілген (6.2-сурет). Қазандық резервті болуы мүмкін немесе жылу жүктемесінен шектен тыс асқанында пайданылады.
Қалалардағы аудандық суқыздырғыш қазандары ЖЭО-да жылдам жүктеу үшін қажетті жылу тұтынушылардың бастапқы кешенін жылумен қамтамасыз етеді. Жылумен қамту жүйесінде магистральды желілер мен тарамдардағы АЖП-дағы сорғыштарымен гидравликалық байланысы толық жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет