Жеке тапсырма



бет2/5
Дата24.06.2022
өлшемі376.17 Kb.
#459453
1   2   3   4   5
Жеке тапсырма (1)

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ
1.Теориялық бөлім
Жылу желілері
Жылумен қамту жүйелері негізгі буынының бірі болып жылу желілері саналады. Жылу желілері жылу көзінде өндірілген жылутасымалдағышты ғимаратардың жергілікті тұтынушыларына тасымалдайды. Тұтышылардың жалпы жылу жүктемесіне байланысты жылу көзінің түрі (ЖЭО немесе АҚ) таңдалады жəне қаланың жел раушанына қатысты ауа бассейнін қорғау шартымен жылу көзінің орны қабылданады.
ылу желілерін жобалау үшін:
- қала аудандарының бас жобасы және құрылымының сипаты;
- жергілікті топографиялық шарттары;
- жерасты және жер бетіндегі басқа инженерлік желілер мен құрылымдарының орналасуы;
- жер қасиетінің сипаттамасы және олардың тереңдігі;
- жер суының тұру биіктігін және т.б. анықтайтын мәліметтер қажет.
Осы мәліметтер дайындалғаннан кейін жылумен қамтуды жобалау кезінде бірінші кезекте жылу көзінен тұтынушыларға дейін жылу желілерінің өтетін жолы (трассасы) қарастырылады. Жылу желілерінің трассасы инженерлік жүйелеріне берілген техникалық кешенінің қызыл сызығына параллельді, жасыл алаң мен жол жүрісі аймағынан бөлек қарастыру керек. Құбырларды трамвай сызықтарынан, электрлік темір жолдарынан, тұрақты тоқтан, сорғыш кабельдерден жəне шатасқан тоқ құбырларымен қақтығыспас үшін аулақ салу керек.
Жылу желілерінің трассасын таңдауда: жылумен қамту жүйесінің сенімділігі; мүмкін болатын бұзылулар мен апаттарды жедел жою; қызмет көрсетуші жұмысшылардың қауіпсіздігі; жылу желісінің ең аз ұзындығы мен оны құрастыру жұмысының минимальді көлемі сияқты негізгі шарттарға көңіл аудару керек.
Сулы жылу жүйелері құбырлар диаметрлері жəне тағайындалуы бойынша: магистральді жəне ажыратылатын болып бөлінеді.
Магистральді жүйеге жылу көзінен жылу қабылдайтын аудандарды байланыстыратын құбырлар қарайды. Магистральді жылу желілері конфигурациясы бойынша жəне есептік негізі мен пайдалануына байланысты радиалды жəне шеңберлі болады.
Жылу желілерінің сұлбалары мен құрылымы
Жылу желілерін жобалау инженерлік табыстары бойынша құбырлардың трассасын қабылдаудан және сұлбасын таңдаудан басталады. Жылу желілерінің сұлбасы жылумен қамтудың беріктігін,жүйенің маневрлігін, пайдалану ыңғайлығын және экономикалық тиімділігін анықтайды. Ірі жылумен қамту жүйелерінің құрылымы жылудың бірнеше көзінен қарастырылады, сондықтан орташа және кішкентай жүйелерден біршама ерекшеленеді. Казіргі кезде қолданыстағы жылу желілері құрылымын: радиалды және шеңберлі деп екі түрге бөлуге болады (6.1-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет