6-бап. Үшінші тұлғалар қызметтерін пайдалану
-
Банк Клиенттің нұсқаулары / өкімдерін орындау барысында өзінің міндеттемелерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың қызметтерін және мұнымен шектелмей, үшінші тұлғалардың қызметін пайдалану қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған жағдайларда осы Шартқа сәйкес Клиентке басқа қызметтерді ұсынуды қосқанда, пайдалануға құқылы.
-
Егер Банк осы үшінші тұлғаларды таңдауда қажетті деңгейде көрегендік жасаса, сондай–ақ осы Шарттың талаптарын бұзушылықта үшінші тұлғалардың кінәсі болмаған жағдайда, Банк осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі болып табылатын үшінші тұлғалардың қызметтегі кемшіліктері үшін жауапкершілік арқаламайды. Осыларға қарамастан, Банк Клиентке соңғысының көтерген шығындарын, егер ол үшінші тұлғалар қызметінің кемшілігінің салдарынан шығынға ұшыраса, орынды көмек көрсетеді.
7-бап. Хабарламалар
7.1.Осы Шартпен қарастырылған барлық хабарламаларды Тараптар жазбаша түрде орындайды, ескеретін жайт, осы Шартпен тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда.
7.2.Тараптар осымен Банктің Клиентке жіберілген жазбаша түрде рәсімделген кез-келген хабарламасын Клиент алған болып саналатынымен келіседі және растайды, егер ондай хабарламаларды Банк Клиентке келесі жолдардың біреуімен жіберген болғанда:
Электрондық поштамен;
Ұялы байланыс арқылы;
Ондай ақпараттарды Банктің филиалдарында/бөлімшелерінде веб-сайтындағы электрондық мекен-жайы www.halykbank.kz. бойынша орналастырылғанда.
7.3.Тараптар осымен Клиенттің Банкке жіберілген жазбаша түрде рәсімделген кез-келген хабарламасын Банк алған болып саналатынымен келіседі және растайды, егер ондай хабарламаларды Клиент Банкке келесі жолдардың біреуімен жіберген болғанда:
Банктің уәкілетті қызметкеріне қол қойдыру арқылы тапсыру арқылы;
Курьерлік қызмет немесе пошталық қызмет арқылы.
7.4.Хабарламаны адресаттың алған күні болып саналады:
тікелей немесе курьер қызметі арқылы жіберілген хабарламалар үшін – тиісті тұлғаның алғаны туралы қол қойған күні;
арнайы тапсырыспен жіберілген хабарламалар үшін – жіберілген күннен 3 (үшінші ( күнтізбелік күні (жіберу кезінде пошта ұйымының берген құжатындағы күні);
факс арқылы жіберілген хабарламалар үшін – факсимильдік аппараттың хабарламаны сәтті жібергені туралы үзіндісі және факс нөмірі болғанда, жіберген күні;
ұялы байланысын пайдалану арқылы электрондық пошта арқылы жіберілген хабарламалар үшін - хабарламаны жіберген күні ( жіберу туралы хабарламаның белгісі болғанда);
ұялы байланыс арқылы ( дауыспен жеткізу) хабарламалар үшін – қоңырау шалған күні және уақыты;
Банктің филиалдарында / бөлімшелерінде веб-сайтындағы электрондық мекен-жайы www.halykbank.kz. бойынша орналастырылған хабарламалар үшін - хабарламаны орналастырған күні.
7.5. Тараптардың біреуі екіншісіне хабарлама жіберетін (мысалы, тек қана ү», жұмыс мекен-жайының, телефон/ телефакс, электрондық поштасының және т.б.) байланыс деректерінің / деректемелерінің өзгерісі болған жағдайда, өзгерісі болған тарап ( 5 (бес) күнтізбелік күнінен кешіктірмей) дереу екінші Тарапты ол өзгерістер туралы хабарлама жіберуі керек немесе Банктің Байланыс - орталығы қызметіне қажетті хабарламаны, егер Банк Клиенттің ауызша хабарламасы жеткілікті деп санағанда, беруі керек.
7.6. осы Шартқа сай Клиент Банкке өзінің байланыс деректері / деректемелерінің өзгерісі туралы жазбаша хабарламаны жібермегендіктен, Клиенттің Банктің хабарламаларын оның деректерінің өзгеруіне байланысты уақытында алмағаны немесе алмау себебіне Банк жауапкершілік көтермейді.
7.7.осы Шарттың 20.5 тармағына сай Банк осы Шартқа және /немесе Тарифтерге өзгерістер енгізу құқығын пайдаланған жағдайда, онда Банк Клиентті ол өзгерістер туралы осы Шарттың 9.2 тармағында көрсетілген жолдардың біреуі немесе екеуі арқылы өзгерістер енгізілетін күннен 10 (он ) жұмыс күні бұрын хабардар етуі керек.
7.8. Тараптар осымен, Клиент хабарламаларды жіберу немесе алу үшін кез-келген оперативтік байланыс жолдарын пайдалану тәуекелін өз мойнына алуын растайды, бірақ онымен шектелмей, үшінші тұлғалардың кез-келген астарлы іс-әрекеттерін, оның ішінде алаяқтық, жіберілген ақпаратқа уәкілетсіз ену, сондай –ақ хабарламаны жіберу үшін пайдаланатын құралдар мен қызметтерін жеткізушілердің, оперативтік баланыс құралдарының жұмысындағы проблемалардың кесірінен ондай ақпаратты Банктің / клиенттің алуына дейін жоғалуы да кіретін тәуекелдер.
7.9. Банк хабарлама жібергенде хабарламаны жіберу / алу үшін пайдаланған кез-келген құралдардың оқаулары, бұзылуы үшін жауапкершілік көтермейді.
7.10. Банк Клиенттің оперативтік байланысы арқылы жіберілген хабарламасы нәтижесінде көтеретін кез-келген шығындары үшін, онымен қоса, бірақ шектелмей Клиенттің алмаған / уақытында алмаған хабарламасы нәтижесіндегі шығындары үшін, үшінші тұлғалардың қаскүнемдік істері нәтижесіндегі шығындар үшін, егер олар Банктің өз міндеттерін ұқыпсыз немесе әдейі істегені дәлелдемесе, жауапкершілік көтермейді.
8-бап. Шот бойынша үзінділер
-
Банк Клиенттің талабы бойынша оның Шоты бойынша дебеттік /кредиттік операциялары туралы ақпаратты үзінді түрінде электрондық жолмен және /немесе қағаз түрінде Клиент Банкке келгенде береді. Клиентке Шоты бойынша үзінділерді қолданыстағы заңнамаға сай талап етілетін басқа жағдайларда, ол ақпарат Банктің қалауы бойынша электрондық жолмен немесе арнайы қолына тапсырылады.
-
Клиенттің үзіндіні алуы Клиенттің Шоты бойынша операция жасалғаны туралы хабардар болуының дәлелі болып саналады да, Клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелі болып табылатын уәкілетсіз операциялар / олардағы қателіктер туралы Банктің Клиентке дереу хабарлама жіберуінің қажет болмауы болып табылады.
-
Егер ондай үзінді Клиенттің көрсеткен электрондық / пошталық мекен-жайы бойынша жетпей, Клиенттің электрондық / пошталық мекен-жайын дұрыс көрсетпегендіктен немесе Клиенттің ол мекен – жайда болмағандықтан Банкке қайтып келген жағдайда, онда Банк Клиенттің ол хабарламаларды алмағы үшін кез-келген жауапкершіліктен босатылады.
9-бап. Дауларды реттеу
9.1.Шот бойынша қателікпен жасалған операциялар бойынша Банкке Клиенттің шағымы операция жасалған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн арасында келіп түспеген жағдайда операция жасалған болып есептелінеді. Арифметикалық қателіктерді тапқан жағдайда Банк оларды көрсетілген мерзімде түзетуі тиіс.
9.2.Клиент Шот бойынша жасалған операциялардың негізділігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін Банктен талап етуге құқылы.
9.3.Шартты орындауға байланысты Тараптардың арасында пайда болған даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі, келісімге келмеген жағдайда қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте қаралады.
9.4.Клиенттің шағымы негізді болып саналған жағдайда Банк жасалған операцияға үйлестіруді, сондай-ақ пайда болған жағдайды реттеу үшін басқа да қажетті іс- әрекеттерді жасайды.
9.5.ақшаны жіберуші мен ақшаны алушы арасындағы өзара келіспеушіліктер Банктің қатысуынсыз өзара қаралады.
10-бап. Клиенттің беймәлім себеппен (хабар-ошарсыз) болмауы, қаза
болуы
-
Клиенттің беймәлім (хабар-ошарсыз) болуы /өлімі/ қаза болуы фактілерін дәлелдейтін құжаттардың тиісті түрде расталған көшірмелерін Банк алған жағдайда, осы Шарттың негізінде Банк Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға, сосын Шотты жабуға құқылы.
-
Қайтыс болған / қаза болғаны хабарланған Клиенттің шотындағы ақша Банктің ішкі саясатында, стандарттарында және процедураларында, қолданыстағы заңнамада қарастырылған құжаттар негізінде және мерзімінде Тарифтерге сәйкес Банктің комиссиясын шығарып алған соң Клиенттің мұрагерлеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті басқа тұлғаларға беруін іске асырады.
11-бап. Басқа ережелер
11.1. Клиент осымен Банкке өзінің кез-келген телефон соғу арқылы хабарласуы Банктің қалауы бойынша осындай мақсатпен пайдаланылатын жазып алушы құрылғылар арқылы автоматты түрде тіркелетінін түсінеді және келіседі.
11.2. Клиент осымен Шотқа есептелетін / есептелген кез-келген ақша Заңды жолмен алынғанын растайды және кепілдік береді және Банктің талабы бойынша Клиент ондай ақшаның шыққанын /алынғандығының, сонымен қоса Клиент үшінші тұлғалардың мүддесіне және тапсырысы бойынша Шотқа ақша салған / есептегені жағдайларында да заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды / басқа ақпараттарды Банкке ұсынуға міндеттенеді.
11.3. Клиент Банкті үшінші тұлғалардың мүддесіне және тапсырысы бойынша Шот бойынша жүргізілген кез-келген операция туралы ондай үшінші тұлғаларды сәйкестендіретін / куәландыратын құжаттарды бір мезгілде беру арқылы хабардар етуге міндеттенеді.
11.4. Тараптар осы арқылы қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда Шотта ақша болмауында, немесе Клиенттің Шарт бойынша талаптарды бұзғаны жағдайында, сондай-ақ Шартта, Банктің ішкі саясатында, стандарттарында және процедураларында қарастырылған басқа да негіздемелер жағдайында Шотты жабуы және Шартты бұзуы туралы жариялауға құқылы екенімен келіседі.
11.5. Осы шарттың ережелері жеке тұлғаның Банкте ашқан барлық Шоттарына таралады.
12-бап. Телебанкинг
12.1.Банк бекітілген тәртіпте Шот бойынша жасалған операциялар мен ақпаратты алу үшін телефон арқылы өзіне- өзі қызмет көрсетудің автоматтандырылған «Телебанкинг» жүйесінің ақпараттық -банктік қызметтерін ұсынады.
12.2.Клиент «Телебанкинг» жүйесінің қызмет көрсету талаптары туралы, көрсетілетін қызметтер тізімімен және жүйеге тіркелу ережесімен Банктің филиалдарындағы клиенттер үшін ақпараттар орналасқан жерде (ақпараттық тақтада), Банктің сыртқы сайтынан мына мекен-жайы бойынша: www.halykbank.kz. таныса алады. Банк Клиентті алдын ала хабарламай-ақ өз қалауы бойынша «Телебанкинг» жүйесі арқылы алатын қызметтер тізіміне өзгерістер енгізуге құқылы.
12.3.Клиентті «Телебанкинг» жүйесіне тіркеу кезінде сәйкестендіруді кодтық сөз арқылы іске асырады.
12.4.Клиентті «Телебанкинг» жүйесінде автоматты авторизациялау үшін оның сәйкестендіру параметрлері логин ( Шоттың соңғы 13 цифрлары) және пароль /жасырын сөзі (цифрлық код) болып табылады. Клиент өз паролін шектеусіз өзгертуге құқылы.
12.5. Клиент қызметті пайдалануда мыналарға міндеттенеді:
Шотына «Телебанкинг» жүйесі арқылы енуіне байланысты Банктің талаптарын орындау;
өзінің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлерін (логин, паролі) басқа тұлғаларға бермеу / таратпау;
«телебанкинг» жүйесіне бөтен тұлғалардың паролді рұқсатсыз пайдалануын болдырмау мақсатымен, паролді жариялағаны жағдайында дереу «Телебанкинг» жүйесінің телефоны арқылы паролді ауыстыру үшін « Банктің Байланыс Орталығының операторына шығу» менюді таңдау арқылы хабарласу. Олай істемеген жағдайда Банк Клиенттің пароліне рұқсатсыз енуді алған тұлғаларға пароль бойынша берілген ақпараттар үшін жауапкершілік көтермейді.
12.6.Банктің құқықтары:
Клиентке «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін мынадай жағдайларда тоқтата тұруға немесе тоқтатуға:
-
сәйкестендіру параметрлерін (логин, паролін) басқа тұлғаларға бергені туралы ақпаратты алғанда;
-
дұрыс емес паролін енгізуде 3 (үш) реттен артық терген жағдайында және клиент паролін ауыстырғанға дейін немесе дұрыс терілмеген паролдің есептегішін нөлге айналдырғанға дейін оны қауіпсіздік жүйесін бұзушылық ретінде қарау;
-
профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыру үшін «Телебанкинг» жүйесінің жұмысын тоқтату;
Клиенттің Шоттары бойынша үшінші тұлғаларға ақпараттарды беру бойынша және Клиенттің Телебанкинг жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлерін (Логин, паролін) бөтен тұлғаға жариялауы туралы шағымдарды қабылдамау;
12.7.Банк Телебанкинг жүйесінің қызметтерін бергенде , сондай-ақ Клиенттің тиісті сәйкестендіру параметрлерін енгізген соң телефондық тапсырысы негізінде Шоттың жағдайы туралы мәліметті беруде тиісті қызмет көрсетуге міндеттенеді.
12.8.«Телебанкинг» жүйесін пайдалануда Клиент Банктің қызметтерін Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай төлейді.
13-бап. Форс-мажор
13.1. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындауға мүмкін болмау себебі Форс-мажор жағдайларының салдары болып табылса, осындай Форс-мажор жағдайы туындаған Тарап үшін өз міндеттемелерін орындауы Форс-мажор жағдайы болған мерзімге, бірақ 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге тоқтатыла тұрады.
13.2. Форс-мажор жағдайлары Тараптар болжай алмаған және ырыққа көнбейтін, бірақ онымен шектелмейтін мынадай жағдайлар: мәліметтер базасындағы және электрондық (компьютерлік) желілердегі бұзылыстар, өрт, ядролық жарылыстың әсері, уландырғыш заттардың тасталуы, радиациялық немесе радиоактивті зақымдану, экологиялық апаттар, соғыс қимылдары, азаматтық соғыс, халық толқуы, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер, сондай-ақ табиғи апаттар салдарынан Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса немесе тиісінше орындай алмаса, онда олар жауапкершіліктен босатылады.
13.3. Форс-мажор жағдайының басталуы салдарынан Шартты орындау мүмкін еместігіне сілтеме жасаған Тарап оқиға басталған уақыттан бастап және Форс-мажор жағдайы тоқтаған уақыттан бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, жазбаша хабарламаны екінші Тарапқа жіберуге міндетті. Форс-мажорлық жағдайдың басталғаны туралы екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау осындай жағдайға ұшыраған Тарапты өз міндеттерін орындамауды немесе тиісінше орындамауды негіздеуде ары қарай осындай жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады, Форс-мажор жағдайы салдарынан ондай хабарламаны екінші Тарапқа жіберу мүмкін болмаған жағдайды қоспағанда.
13.4.Жалпыға белгілі сипаттағы Форс-мажорлық жағдайлары қосымша дәлелдемелер мен хабарламаларды талап етпейді. Басқа Форс-мажорлық жағдайларға қатысты дәлелдемелерді мүдделі Тарап ұсынады. Бұл ретте, Форс-мажорлық жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталғаны жеткілікті.
13.5. Форс-мажор жағдайлары аяқталған соң тиісті тарап Шарт бойынша өз міндеттерін орындауды жалғастыруы тиіс.
13.6. Егер мұндай жағдайлар 1 (бір) айдан артық уақытқа созылғанда, онда Тараптар өзара келісе отырып, осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі жалғастырудан бас тартуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап екінші Тарапқа ондай тоқтату болардан кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлама жіберуі керек .
14-бап. Конфиденциалдық
14.1. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы екінші Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпараттың конфиденциалдығын қатаң сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпараттың үшінші тұлғаларға берілуі, оның жариялануы немесе басқаша жария етілуі екінші Тараптың алдын-ала жазбаша келісімі алынғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты алуға тікелей уәкілетті етілген лауазымды тұлғалардың және органдардың талабы бойынша мүмкін болады.
14.2. Банк өз тарабынан Клиент пен Шотына қатысты ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолданады.
14.3. Егер конфиденциалдық Клиенттің кінәсінен ашылған жағдайда немесе конфиденциалдық ақпарат үшінші тұлғаларға белгілі болса, немесе басқа көздерден белгілі болғанда Банк жауапкершілік көтермейді.
14.4. Клиент осымен осы Шартта қарастырылған Шотты ашу, жүргізу және жабу мақсаттары үшін, операцияларды іске асыруда Банктің ақпаратты ашу деңгейін бекіткен тәртібін сақтау қажеттілігін анықтаған қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі саясаты, стандарттары мен процедураларының ережелеріне сәйкес ондай ақпаратты ашуды талап етуге құқылы, ал Клиент Банкке оның алғашқы талабы бойынша осы Шартта қарастырылғандай Банктің конфиденциалдық талабын сақтауымен Банк бекіткен мерзімде кез-келген ақпаратты беруге міндетті екендігімен келіседі.
14.5. Клиент Банкке осы Шарттың негізінде Клиентке /Шотқа /Шартқа қатысты кез-келген және барлық ақпаратты Клиенттің қандай да бір қосымша келісімінсіз конфиденциалдық негіздегі ақпаратты ашуға / беруге және үшінші тараптардың осы Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін орындауға өз келісімін береді, келесіні қоса, бірақ онымен шектелмей:
(а) Қолданыстағы Заңнамаға сәйкес ондай ақпаратты сұрауға уәкілетті мемлекеттік органдарға және / немесе басқа тұлғаларға;
(б) Клиенттің Жұмыс берушісіне (оның ішінде басшы қызметкерлерге, мамандар бөлімі мен бухгалтерия қызметкерлеріне) – СТН нөмірі туралы ақпаратты, сондай–ақ, егер Клиент еңбекақысын Шот арқылы алатын жағдайда оның еңбекақысын Шотқа есептеу үшін банктік құпия болып табылатын ашылған Шоттың нөмірі туралы ақпаратты беруге;
(в) Өтініште көрсетілген тұлғаларға;
(г) «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық» РМК-на ағымдағы шоттың/жәрдемақылық арнаулы шоттың бар екендігі және оның деректемелері туралы мәліметтер.
15-бап. Шартты бұзу. Шотты жабу.
15.1. Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзу және Шотты жабу туралы шешім қабылдауға құқылы, Шартты бұзуды қалаған Тарап екінші Тарапқа болжамдағы бұзу күнінен 5 (бес) Жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлауға міндетті. Бұл ретте Клиент Банктің алдындағы барлық міндеттемелерін дереу орындауы тиіс.
Клиент осы Шарттан бас тартқан жағдайда Клиент Шотты жабу туралы Банкке өтініш береді. Шот Клиенттің бастамасы бойынша Шотты жабу туралы өтінішке сәйкес, осы Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған жағдайда жабылады. Клиенттің Шотында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған мерзімнен жоғарғы мерзімде ақша болмаған жағдайда, Шот Банктің бастамасы бойынша жабылады.
15.2. Клиент пен Банк өздерінің барлық міндеттемелерін орындаған соң 3(үш) Жұмыс күні арасында Шоттағы қалдық ақша Клиентке қолма қол ақшамен беріледі, егер ондай іс-әрекет қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, немесе Клиенттің нұсқауы бойынша Банктегі немесе басқа банктегі шотына аударылады.
15.3. Шотты қолданыстағы заңнамамен немесе Қосу шартымен қарастырылған мерзімнен артық уақытта Клиенттің шотында ақша болмағанына байланысты Шотты жабу жағдайларын есепке алмағанда, осы Шот бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда жабуға рұқсат етілмейді.
2-БӨЛІМ. Жеке тұлғаның ағымдағы шотын жүргізу1
16-бап. Шот бойынша жүзеге асырылатын операциялар
-
Банк Шот бойынша келесі операцияларды және оған қызмет көрсету бойынша банктік қызметтерді іске асырады:
Клиенттің немесе үшінші тұлғаның Банк кассасы арқылы салған қолма-қол ақшасын Шотқа есептейді, тағы Шоттан Клиентке қолма-қол ақшаны береді;
Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған банктік шоттарынан аударған ақшасын, тағы да үшінші тұлғалардың Клиент пайдасына аударған ақшаны да Шотқа есептеп қабылдайды;
Шоттан ақшаны Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған банктік шоттарына, сонымен қоса Клиенттің үшінші тұлғаларының пайдасына төлемдік тапсырыстар бойынша аударады;
Шоттан ақшаны Клиенттің Банкте бекітілген банктік салым шарттары негізіндегі мерзімдік салымдарға аударады;
Клиенттің бекітілген үлгідегі өтініші бойынша валютаны конвертациялауды іске асырады;
-
Үшінші тұлғаларға, сондай–ақ қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте Клиенттің заңды өкілдері мен қамқоршыларына Шот бойынша операцияларды іске асыруға тек Клиенттің атынан нотариалдық куәландырылып берілген сенімхаттың негізінде ғана рұқсат етіледі.
Шот бойынша кіріс операцияларды үшінші тұлғалар сенімхатты ұсынусыз да іске асыруына болады.
Шот бойынша кіріс операцияларды үшінші тұлғалар сенімхатты ұсынусыз да іске асыруына болады. Бұл ретте Клиент - резиденттің валюталық шоттарын үшінші тұлғалар –резиденттердің шетел валютасымен толтыруы, егер операция Клиент атынан және нотариалдық куәландырылып берілген сенімхаттың негізінде болса немесе егер жасалатын валюталық операция Клиент пайдасына валюталық құндылық өтеусіз беру болып табылған болса ғана рұқсат етіледі.
-
Барлық төлемдер мен ақша аударымдарын іске асыруды қолданыстағы заңнама талаптарына, Шарт талаптарына және Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың нұсқауларының түсуіне қарай (күнтізбелік кезек), егер қолданыстағы заңнамада басқа жағдайлар қарастырылмаған болса, Банктің орындауына жатады.
-
Осы арқылы Тараптар Клиенттің кез-келген нұсқаулары, оның ішінде салық төлемдері және бюджетке міндетті басқа төлемдері бойынша барлық нұсқаулары тек операциялық күні бойы, егер Банктің ішкі құжаттарында басқасы көрсетілген болмаса, қабылданатынымен келіседі. Клиенттің операциялық күннен кейін жасалған нұсқауларын ( оның ішінде, Клиенттің электрондық байланыс және өзіне-өзі қызмет көрсету каналдары арқылы жібергендері де) Банк келесі операциялық күні қабылдаған болып есептеледі.
-
Клиент операциялық күн аяқталған соң Банкке жіберген нұсқаулары, оның ішінде салық төлемдері және бюджетке міндетті басқа төлемдері бойынша нұсқауларын ұсынуға байланысты барлық тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алады.
-
Төлемдер мен ақшаны аудару туралы нұсқауларды электрондық жолмен жібергенде, сондай-ақ, оларды қайтару туралы өкімдерін тиісті шартта қарастырылған тәртіпте және негізде іске асырады. Осы Шарт Банктің «Интернет-банкинг» жүйесі бойынша түскен төлем құжаттарын өңдеу мәселелерін, ондай шартта реттелмеген жақтарын реттейді.
-
Осымен Клиент Банк заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қатысты деп санаған төлем / ақша аударымына негіздеме болғанда Банктің көрсетілген төлем / ақша аударымына сараптама жасау үшін қажетті кез-келген қосымша ақпаратты талап етуіне құқылы екенін назарға алады және келіседі. Ондай ақпаратты Банк белгіленген мерзімде алмаған жағдайда, Банк Клиент пайдасына келіп түскен ақшаны қайтаруға немесе төлем құжатын акцепті түрде орындаудан бас тартуға құқылы.
17-бап. Банк ғимараттарында кассалық қызмет көрсету
-
Қолма-қол ақшамен операцияларға Банктің ұлттық және шетел валютасындағы банкноттар мен монеталарды қабылдауы, беруі, қайта санауы, ұсақтауы, айырбастауы, сараптауы, буып орауы, сақтауы және ақшаны Шотқа есептеуі жатады. Айтылған операциялар қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және процедураларымен қарастырылған тәртіпте операциялық күні іске асырылады. Ақшаны Шотқа есептеу Банктік операцияны жүргізу үшін қажет уақытты есепке ала отырып іске асырылады.
Клиент ағымдағы шотқа ағымдағы шот валютасынан басқа валютада қолма-қол ақшамен жарна енгізе алады. Банк ағымдағы шотқа жарна ретінде енгізілетін ақшаны операция іске асырылатын сәтте Банктің ақша айырбастау бөлімшесі белгілеген бағамдар бойынша және валюталар бойынша қабылдайды.
Ағымдағы шотқа шетел валютасында жарна енгізілген жағдайда теңгедегі қолма-қол ақша Банктің ақша айырбастау бөлімшесі операция іске асырылатын сәтте белгілеген шетел валютасын сату бағамы бойынша конвертацияланады.
Ағымдағы шотқа теңгемен жарна енгізілген жағдайда шетел валютасындағы қолма-қол ақша Банктің ақша айырбастау бөлімшесі операция іске асырылатын сәтте белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамы бойынша конвертацияланады.
-
Банк ақшаны қабылдап, бір талдап санауды және буып орауды орындаған соң нақты ақшаны Шотқа есептеуді іске асырады. Қолма қол ақшаны беруді Банктің кез-келген филиалында Шотта бар нақты ақшаның шегінде іске асырылады.
-
Клиент Банктің ішкі саясатына, стандарттарына және процедураларына сай анықтағандай қолма-қол ақшаны ірі мөлшердегі алатын болғанда, Клиент Банкті ондай операция жасардың алдында, егер осы Шартта анықталған тәртіпте басқа мерзім Клиенттің назарына жеткізілмеген болса, 48 (қырық сегіз) сағат бұрын ескертуі қажет.
18-бап. Шетел валютасымен операциялар
-
Клиенттің Шоты бойынша шетел валютасындағы операцияларды Банк қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі ережелеріне және осы Шартқа сай іске асырады.
-
Клиент шетел валютасындағы Шотты ашуға және жүргізуге байланысты тәуекелді өз мойнына алады, олар мемлекеттік органдарының шетел валютасына қатысты анықтаған шектеулері, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, валюталық бақылауды жүргізу немесе валюталық шектеулері, тағы да Шоттағы ақшаға тарайтын міндетті төлемдер мен салықтар болуы мүмкін.
-
Шетел валютасымен жасалатын операциялар қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және процедураларымен анықталған тәртіпте іске асырылады, валюталық Заңнамада тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасында шетел валютасымен өзара есеп айырысуды іске асыруға тыйымдар.
-
Егер Шотқа қолма-қол ақшасыз түрде келіп түскен валюта Шоттағы валютадан басқаша болғанда, Банк анықтаған ағымдағы айырбастау бағамы бойынша түскен ақшаны Шот валютасына айырбастайды. Клиент Банктің осы бағамын пайдалануына өзінің қосымша растауынсыз, сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді.
-
Шоттан халықаралық аударымдар жасаған жағдайда Клиенттің шетел валютасымен жасайтын операциясына қатысушы шетелдік банк - корреспонденттің сұранысы бойынша Банктің жасалатын операцияға қатысты және оған қатысушы тұлғалар туралы мәліметтер мен түсініктерді беруіне Клиент өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Валюталық операцияны аяқтау үшін қажет шетелдік банк –корреспонденттің талабы бойынша, жасалатын операцияға қатысты және оған қатысушы тұлғалар туралы мәліметтер мен түсініктерді беруі туралы Банктен тапсырыс келген жағдайда, Клиент ондай мәліметтер мен түсініктерді қажет көлемде Банк анықтаған мерзімде беруге міндеттенеді.
-
Клиенттің шетел валютасы Шотынан шетел банк- корреспонденті ақшаны аударуды жүргізгенде сол шетел мемлекетінің заңнамасы талаптарына жүгіне отырып, мыналарға құқылы:
- жасалатын операция туралы кез-келген қажетті қосымша мәліметтерді алу мақсатымен белгісіз мерзімге Клиенттің ақшасын аударуды тоқтата тұруға;
- шетел валютасындағы ақша аударымын аяқтаудан бас тартуға, ондай бас тартудың себебін нақтылаусыз, Банкке ақшаны қайтаруға;
- валюталық операция бойынша ақшаны белгісіз мерзімге оқшаулауға.
Жоғарыда көрсетілген себептердің негізінде шетел валютасындағы операцияның жүргізілуі мүмкін болмаған жағдайда Банк валюталық операцияға қатысушы шетел банк - корреспонденттерінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік арқаламайды.
-
Валюталық операция нәтижесінде Клиент пайдасына ақша түскен жағдайда, ол бойынша талап етіледі:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі, Банк Клиентті тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы ескертеді және тек аталған құжат ұсынылған соң түскен ақшаны Клиенттің Шотына есептейді. Клиенттің Банкке барлық қажетті құжаттарды ұсынғанына дейін Банк ақшаны транзиттік шотта оқшаулайды. Клиент ақшаны кез-келген шығыс операцияларына қолдануға құқығы жоқ;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарландыруы туралы куәлігі, Банк Клиентті алдын ала ол құжатты ұсынуы туралы ескерте отырып, хабарландыру туралы куәлікті ұсынусыз келіп түскен ақшаны Клиент Шотына есептеуге құқылы. Бұл ретте Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне хабарландыру туралы куәлікті ұсынусыз валюталық операцияның жасалғаны туралы хабарлама жібереді.
Клиенттің Банкке барлық қажетті құжаттарды ұсынғанына дейін ақшаны Банк Клиенттің Шотында оқшаулайды. Клиент ақшаны кез-келген шығыс операцияларына қолдануға құқығы жоқ. Клиент қолданыстағы заңнамада анықталған мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген хабарландыру туралы куәлікті ұсынбаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне хабарландыру туралы куәлікті ұсынусыз валюталық операцияның жасалғаны туралы хабарлама жібереді.
-
Клиент қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде валюталық бақылау мәселелерін реттейтін заңнаманы бұзушылықтар үшін жауапкершілік арқалайтыны туралы хабардар екенін растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |