Жеке тұЛҒаның АҒымдағы шотын қосу шарты


-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет4/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#139666
1   2   3   4   5

21-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


    1. Клиент Банкке ақшаны Банкте ашылған өзінің бір Шотынан екінші шотына аударуына ұзақ тапсырма беруге құқылы. Банк Клиенттің нұсқауысыз үшінші тұлғалардың шотына аударым жасау мақсатымен ақшаны Шоттан Тараптардың қосымша келісімі бойынша алып алуы мүмкін.

    2. Клиенттің міндеттері:

      1. Осы арқылы Клиент оның валюталық Шоты бойынша жасайтын операциялардың барлығы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен немесе үшінші тұлға ретінде заңды тұлғалар арасындағы келісімшарттар мен шарттарды төлеумен байланысты емес екендігін растайды және кепілдік береді;

      2. Төлемнің ұлттық валютада да, шетелдік валютада дәлелділігін растайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес беру;

      3. Клиенттің шетел валютасындағы операциясының жүргізілуіне қатысатын шетелдік корреспондент банктің сұратуы бойынша Банкке мәліметтер, түсініктер немесе құжаттарды Банк белгілеген қажетті көлемде және мерзімде беру;

      4. Валюталық операцияны аяқтау үшін Банкте жоқ, бірақ шетелдік корреспондент банкке берілуге тиіс мәліметтерді, түсіндірулерді немесе құжаттарды беру туралы сұрату Банкке келіп түскен жағдайда Банк белгілеген қажетті көлемде және мерзімде Банкке мұндай мәліметтерді, түсіндірулерді немесе құжаттарды беру;

      5. Банк алдында несие берешегі болған жағдайда – банктік шоттардың басқа банктерде ашылғаны туралы ашылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Банкке хабарлау.

    3. Банктің құқықтары:

      1. Клиентті қосымша акцептеусіз Шот валютасынан өзге валютада Банкке түскен ақшаны операция жасалатын күні Банкте әрекет ететін бағам бойынша айырбастау;

      2. Қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында, сондай-ақ басқа банктен валюталық операцияны аяқтау үшін Банкте жоқ, бірақ шетелдік корреспондент банкке берілуге тиіс мәліметтерді, түсіндірулерді немесе құжаттарды беру туралы сұрату келіп түскен жағдайда, Клиенттен жүргізілетін операцияға қатысты қосымша ақпарат пен құжаттарды талап ету;

      3. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-на, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на ең аз көлемде қажетті болатын клиенттің дербес деректерін, клиенттің банктік құпиясын құрайтын, Банк аталған мемлекеттік кәсіпорынмен және «БЖЗҚ» АҚ-мен жасаған шарттар талаптарын орындау үшін қажетті болатын мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күнін, ЖСН нөмірін, ашылған шот/зейнетақы мен жәрдемақыларға арналған арнайы шот туралы мәліметтерді, сондай-ақ күні көрсетілген шығыс операциялары туралы ақпаратты) табыстау. Бұл үшін Клиент Банктің сондай мәліметтерді аталған үшінші тұлғаларға табыстауына Банкке өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Мұндай келісімді Клиент Банкке жазбаша түрде Банкте жеке өзі болған кезде, Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Өтінішке қол қою жолымен береді;

      4. Тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін аударатын ҚР арнаулы мемлекеттік органдарына Клиент туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шоттағы ақша қалдығы және/немесе ақша қозғалысы туралы ақпарат (оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат) беру және осы арқылы Клиент өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Бұл ретте Клиент банктік құпияны құрайтын мәліметтерді ашуға Банкке берген осы жазбаша келісімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Өтінішке қол қою арқылы, оның Банкке жеке өзі келген кезінде Банкке берілгендігін растайды.


3-бөлім. Карточканы шығару және қызмет көрсету

22-бап. Жалпы ережелер

    1. Клиенттердің Шоттарына карточкалар шығару Банктің бастамасы бойынша іске асырылады. Карточка Банктің меншігі болып табылады және онда көрсетілген ай мен жыл аяқталғанға дейін қолданылады. Мерзімі өткен карточкалар және қолданылу мерзімі әлі басталмаған карточкалар бойынша карточкалық операциялар жүргізілмейді.

    2. Карточкалық операциялар Банк банкоматтары арқылы ғана іске асырылады.

    3. Карточканы пайдалану тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Шартпен және Банктің ішкі ережелерімен реттеледі.

    4. Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, осы Шартқа қайшы келетін карточкалық операцияларды жүргізуден бас тарту бойынша сөзсіз және даусыз құқықты өзіне қалдырады.

    5. Клиент карточканы сақтауға және оны жоғалтып алуға немесе ұрланып кетуіне қарсы шаралар қолдануға тиіс. Карточканың жоғалуын немесе ұрланып кетуін (Клиент карточканың жоғалуына немесе ұрлануына қарсы қажетті шаралар қолданбаған жағдайда) Банк Клиенттің осы Шарт талаптарын бұзғаны ретінде қарастыруы мүмкін.


23-бап. Карточканы беру және сақтау тәртібі


    1. Банк дайындалған карточканы тікелей Клиентке береді. Карточканы алатын кезде карточка ұстаушы карточканың артқы бетінде арнайы сол үшін қарастырылған жолақта қол қояды.

    2. Карточканы басқа тұлғалардың пайдалануына беруге тыйым салынады. Уәкілетті емес тұлға ұсынған карточка алып алынады.

    3. Карточканың артқы бетінде кодталған ақпараты бар магнит жолағы орналастырылған. Магнит жолағындағы жазуларды бүлдіруі мүмкін және карточкалық операциялардың авторизацияның автоматтандырылған режимінде жүргізілмеуіне әкеп соқтыруы мүмкін мынадай жағымсыз факторлардың әсер етуіне жол берілмейді: электромагниттік жолақтар (дисплейлердің, магниттелген немесе магниті бар заттардың мәселен, кілттердің, сөмкелердің магнит замоктарының қасында болса), механикалық бүлінулер (сырылған, кірлеген, қызып кеткен, мәселен, күннің сәулесінен) және т.с.с.

    4. Карточканы футлярда немесе портмонеде сақтаған жөн, оны пайдаланған кезде күшті шамадан тыс қолдануға болмайды.


24-бап. ДСН-коды


    1. Клиентке карточка берілгеннен кейін ішінде ДСН-коды жазылған арнайы жапсырылған конверт беріледі. Оны алғаннан кейін, бірден конвертті ашып, оның ішіндегі ДСН-кодын есте сақтап алуға және ДСН-коды жазылған қосмыша парақ пен конвертті жойып тастауға кеңес беріледі.

    2. ДСН-коды Банк қызмтекерлеріне белгісіз және карточка ұстаушы оны пайдаланған уақытта конфиденциалды (құпия) ақпарат ретінде сақтауы тиіс.

    3. ДСН-кодының құпиялылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген ережелерді сақтаған жөн:

  • егер карточка ұстаушы ДСН-кодын әлде бір жерге жазса, онда карточка мен жазбаны бөлек сақтау керек;

  • әлде біреулерге банкомат клавиатурасында терілетін ДСН-кодының цифрлық комбинациясын қарап тұруына жол бермеу.

    1. ДСН-коды терілгенде банкомат дисплейлеріндегі цифрлар әдейі көрінбей тұрады, олар шартты белгілермен ауыстырылған. ДСН-кодын терген кезде қателік жібермеу өте маңызды. ДСН-кодын қатарынан үш рет дұрыс енгізбеген жағдайда (кез келген уақыт аралығында бір немесе бірнеше банкоматты пайдаланғанда) ДСН-кодын теру лимиті бітеді және карточкалық операцияның әрі қарай жүргізілуі мүмкін болмайды.

    2. Авторизацияның автоматтандырылған режимінде жүргізілген және ДСН-кодының терілуімен расталатын карточкалық операцияларды Банк карточка ұстаушы жасаған операциялар деп есептейді.

    3. Егер карточка ұстаушы ДСН-кодын ұмытып қалса, онда карточканы Банкке тапсырған жөн, себебі авторизацияның автоматтандырылған режимде карточкалық операцияларды жүргізу мүмкін болмайды.


25-бап. Қолма-қол ақша алу үшін карточканы пайдалану


    1. Банк карточкаға қызмет көрсетуді, тікелей бақылау құқығы бар Банктің банкомат желілерінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді және Банкке тәуелсіз себептер бойынша қызметтің көрсетілуі тоқтатылған жағдайда оны қалпына келтіру үшін қажетті шаралардың барлығын қолданады.

    2. Карточкалық операцияларды жүргізу үшін карточка ұстаушы өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде әрекеттерді іске асырады.

    3. Дұрыс ДСН-кодын теру карточка ұстаушының Шоттан карточкалық операция сомасын есептен шығаруға берген тапсырмасы болып табылады.

    4. Карточканы пайдалана отырып қолма-қол ақша алу Банктің қолма-қол ақшасын беру орындарында банкоматтардың көмегімен жүргізіледі.

    5. Қолма-қол ақша Шоттан карточка бойынша теңгемен беріледі.

    6. Карточкалық операция аяқталғаннан кейін және банкоматтан банкноттар алынғаннан кейін чек беріледі. Карточка ұстаушыға қатысты конфиденциалды ақпарат болғандықтан шығарылған чекті өзіңізбен бірге алып кетуіңізге және еш уақытта банкоматтың жанында қалдырып кетпеуге кеңес беріледі.

    7. ДСН-кодын дұрыс теру кезінде қолданыстағы карточка үшін карточкалық операция мынадай себептер бойынша ауытқуы мүмкін:

  • сұратылған сома банкомат кассеталарындағы банкноттармен берілмейді. Осы банкоматтың нұсқаулығында көрсетілген банкноттардың ең төменгі номиналына сәйкес келетін соманы сұрату керек;

  • сұратылған сома банкоматтың қолма-қол ақша беретін құрылғысының габариттерімен белгіленген бір реттік беру лимитінен асып кетуі. Сұратылған соманы бөліп, операцияны бірнеше рет қайталау керек;

  • сұратылған сома карточка ұстаушыға қолжетімді ақша сомасынан асып кетуі (Банктің комиссиялық сыйақысы сомасын ескере отырып, егер мұндай Тарифтермен қарастырылса). Аз сома сұратуға болады, оның мөлшерін Шоттағы ақша қалдығын басып шығару функциясы арқылы нақтылауға болады.

    1. Банкоматпен жұмыс істеген кезіңізде мынаны есте сақтағаныңыз жөн, егер карточка ұстаушы қайтарылатын карточканы немесе берілген банкноттарды 20 секунд ішінде құрылғыдан алып алмаса, онда қорғау жүйесі іске қосылады және карточка ұстаушының ақшасын сақтап қалу мақсатында банкомат карточканы немесе банкноттарды ішіне тартып алады және олар арнайы бөлімде сақталып тұрады. Мұндай жағдайларда карточканы оның ұстаушысына Банктің осы банкоматқа қызмет көрсететін бөлімшесі карточканың ұсталған себебін анықтағаннан кейін ғана қайтаруы мүмкін, авторизациялау фактісі бойынша Шоттан есептен шығарылған карточкалық операция сомасын (немесе оның алынбаған бөлігін) қалпына келтіру тек банкоматты қайта инкассациялағаннан кейін және карточка ұстаушы алмаған қолма-қол ақша сомасын анықтағаннан кейін іске асыруы мүмкін.

    2. ДСН-кодты дұрыс термегенде немесе сұратылған сома Шоттағы ақша қалдығынан асатын болса, онда банкоматтың дисплейіне тиісті хабарлама шығады және операция жүргізілмейтін болады.

    3. Банкоматта карточканың немесе қолма-қол ақшаның ұсталу себебін Банк карточка ұстаушы Банкке ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша өтініш білдірген күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықтайды.


26-бап. Өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қызметтер алу үшін

карточканы пайдалану


    1. Қызметтерді алу карточка бойынша автоматтандырылған операцияларды жүргізуге арналған банкоматтардың көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету режимінде карточка ұстаушы Клиентінің сұрауы бойынша іске асырылады.

    2. Карточкалық операция аяқталған соң чек беріледі, бұл чек Банктің қызметтерді алуға сұратуды қабылдағандығын растайды.

    3. Өзіне өзі қызмет көрсету режимінде карточкалық операция жасау кезінде Банктің Клиенттен алған сұрауы карточка ұстаушының қолымен куәландырылған қағаз тасымалдаушыда Банк алған құжатқа заң тұрғысынан ұқсас құжат болып саналады.

ДСН-кодты дұрыс теру кезінде қолданыстағы карточка үшін өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қызмет алу осы Шарттың 25.7. тармағында қарастырылған себептер бойынша іске асырылмауы мүмкін.

    1. Карточкалық операция қате жүргізілген жағдайда карточка ұстаушы Банкке өтініш білдіруі немесе осы Шарттың 27.5.тармағында көрсетілген телефондар бойынша Банкпен байланысуы тиіс.

27-бап. Карточканы оқшаулау

    1. Карточка ұстаушы рұқсат етілмеген карточкалық операция жүргізу кезінде қауіп туындаған жағдайда Банк карточканы уақытша оқшаулау құқығын өзіне қалдырады. Карточканы уақытша оқшаулау үшін негізді Банк өз қарауы бойынша белгілейді.

    2. Қандай да бір карточкалық операцияның легитимділік деңгейін анықтау үшін карточка ұстаушы Банкпен оперативті байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (карточка ұстаушының оған қатысуын немесе қатыспауын).

    3. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу Банкке (Банктің Байланыс орталығына немесе Банктің кез келген филиалына) карточканы оқшаулау талабымен (бұдан әрі – Талап) ауызша немесе жазбаша өтініш білдіру керек.

    4. Талапта карточка ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты және мүмкіндігінше мынадай қосымша ақпарат: оның туған күні, Шоттың құпия сөзі, карточканың нөмірі мен қолданылу мерзімі, сондай-ақ оқшаулау себебі көрсетіледі. Байланысу үшін мәліметтер – мекен-жай мен телефон нөмірі де көрсетіледі.

    5. Банктің Байланыс орталығының телефондары (Алматы қ.): +7 (727) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), телеграммалар үшін почталық мекен-жай: 050008, Алматы қ., Абай даңғ, 109 «В», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

    6. Карточканың оқшаулануы Банктің Байланыс орталығының Талабы құжаттамалық тіркелген сәттен бастап 6 (алты) сағат өткен соң күшіне енеді.

    7. Карточка ұстаушы карточканың оқшаулануы күшіне енгенге дейін іске асырылған карточкалық операциялар үшін жауапкершілік арқалайды және карточканың оқшаулануы күшіне енген сәттен бастап одан босатылады.

    8. Ауызша Талап карточка ұстаушы Банкке ауызша Талабымен келген сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде Банктің филиалы ұсынған карточка ұстаушының жазбаша өтінішімен расталады. Карточка ұстаушы көрсетілген мерзімде Банкке келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда ауызша Талабымен Банкке келген сәттен бастап үш саған өткеннен соң Банктің Байланыс орталығымен телефон арқылы қайта байланысады және бірінші мүмкіншілік болған кезде Банкке Талапты растайтын жазбаша өтінішті ұсынады.

    9. Банктің Байланыс орталығына телефон арқылы келіп түскен өтініштер кез келген мүмкін болатын даулы жағдайларды талдау үшін магниттік тасымалдаушыда тіркеледі.

    10. Банк филиалына Талап берілген жағдайда карточканың оқшаулануы карточка ұстаушының атынан осы филиал берген Талапты Банктің Байланыс орталығы тіркегеннен кейін күшіне енеді.

    11. Талап карточка ұстаушыдан шыққан болып есептеледі және Банк карточканы оқшаулау салдары үшін наразылықтарды қабылдамайды.

    12. Карточка ұстаушы карточка оқшауланғаннан кейін де карточканы сақтау кезінде салғырттық жіберген немесе ДСН-кодының құпиялылығын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ карточка ұстаушының құқыққа қарсы әрекеттері анықталған жағдайда карточка ұстаушыға ықпал етудің құқықтық тәсілдерін таңдау құқығын Банк өзіне қалдырады.

    13. Бұрын жоғалған деп танылған карточка табылған жағдайда карточка ұстаушы бұл туралы Банкті дереу хабардар етуге, содан соң карточканы Банкке қайтаруға тиіс.


28-бап. Карточканы ұстау/алып алу


    1. Карточканы ұстауды/алып алуды банкомат немесе Банктің қауіпсіздік қызметі іске асырады. Карточканы ұстаған/алып алған кезде (банкоматтың карточканы ұстап қалу жағдайларын қоспағанда) тиісті акт жасалады.

    2. Банк карточканың ұстау/алып алу себептерін карточка ұстаушы Банкке ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша өтініш білдірген күннен келесі жұмыс күнінен кешіктірмей анықтайды.

    3. Ұсталған карточканы қайтаруды Банк карточка ұстаушының жазбаша өтініші бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін тікелей карточка ұстаушыға іске асырады.


29-бап. Карточканың қолданылу мерзімі, карточканы пайдалануды

тоқтата тұру және тоқтату

    1. Карточкада оның қолданылу мерзімі (айы мен жылы) аяқталатын күні көрсетіледі. Карточка онда көрсетілген айдың соңғы күніне дейін қолданылады.

    2. Банк карточка ұстаушыға оқшаулаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, туындаған даулы жағдайлар реттелгенге дейін хабарлай отырып мерзімі өткен карточканы оқшаулауға құқылы.

    3. Пайдаланудан бас тартқан жағдайда карточка ұстаушы тиісті жазбаша өтінішімен Банкке жүгінуге және карточканы тапсыруға міндетті.


30-бап. Дауларды реттеу


    1. Карточка ұстаушы чекті Шоттағы ақша шығысын есепке алу және мүмкін болатын дауларды реттеу үшін сақтағаны жөн.

    2. Банктің карточка ұстаушыға Шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтері бар Шоттан үзінді көшірмелер беруі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Тарифтерді қоса алғанда Банктің ішкі ережелерімен белгіленген тәртіппен және мерзімде іске асырылады.

    3. Барлық даулар бойынша карточка ұстаушы жазбаша өтінішімен Банкке жүгінеді. Наразылық негізді болған жағдайда Банк Шоттағы карточкалық операция сомасын қалпына келтіреді. Банк Клиенттің жазбаша өтінішін қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Клиентке алдын ала жүргізілген тергеу нәтижелері мен түпкілікті тергеу мерзімдері туралы хабарлайды. Тергеу аяқталған соң, Банк Клиентке ақшаны өтеу туралы шешім қабылдаған жағдайда Клиенттің Шотына өтеуді 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырады.


31-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


    1. Клиент:

      1. карточканы осы Шарттың талаптарына сәйкес пайдалануға;

      2. Банкке осы Шартта көзделген тәртіпке сәйкес карточканы оқшаулау/оқшаулауды алу ауызша және/немесе жазбаша өтініш білдіруге;

      3. карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанда оны ауыстыру үшін Банкке келуге құқылы.

    2. Клиент:

      1. Банкке Шот бойынша банктік операциялар жасау мақсатымен келген кезінде жеке басты куәландыратын құжаттан басқа карточканы беруге;

      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және осы Шарттың талаптарын сақтауға;

      3. Банктің қызметтерін төлем жасалған күнгі Тарифтерге сәйкес төлеуге;

      4. карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу Банкке осы Шарттың талаптарына сәйкес карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша өтінішімен жүгінуге;

      5. карточканың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

    3. Банк:

      1. Клиенттің қосымша келімінсіз, Клиенттің Банкте ашылған Шотынан және/немесе кез келген банктік шотынан:

  • карточкалық операция сомасын (тек Шоттан алынады);

  • карточкаға қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлеу бойынша Клиенттің берешегін тікелей дебеттеу арқылы алып алуға;

      1. Клиенттің карточкалық операция жөніндегі наразылығын операция жүргізілген күннен күнтізбелік 45 (қырық бес) өткен соң, сондай-ақ карточканы пайдаланумен жүргізілген төлем рұқсат етілмеген болса қарастыруға қабылдамауға;

      2. карточканы мынадай жағдайда оқшаулауға (оның ішінде оны алып алу және Шарттан бас тарту құқығымен):

  • Клиент осы Шарт талаптарын бұзса;

  • Клиенттен карточканың жоғалғаны/ұрланғаны туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ Шотқа рұқсатсыз қол жеткізген кезде;

  • Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың шешімдері/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептісіз алып алуға құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары Банкке келіп түскен жағдайда;

  • алаяқтық операцияларды жүргізуге әрекет жасалса;

  • осы Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда;

      1. Алаяқтық операциялардың алдын алу және Клиентті Шотқа рұқсат етілмеген қолжеткізулерден қорғау мақсатында карточкалық операциялар түрлеріне және карточка бойынша қолма-қол ақша берудің ең жоғары сомасына шектеу қоюға құқылы.

    1. Банк:

      1. Шарт талаптарына сәйкес карточкаға қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге;

      2. Клиенттің бастамасы бойынша қызметтердің көрсетілуін тоқтатуға міндеттенеді.

    2. Банк мыналар үшін жауапкершілік арқалайды:

      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес – банктік құпияны жария еткені үшін;

      2. Өз кінәсінен жасаған рұқсат етілмеген шығыс операциясын іске асырғаны үшін, карточканың жоғалғаны, ұрланғаны немес рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы Клиенттің хабарламасы күшіне енгеннен кейін. Рұқсат етілмеген шығыс операцияларының іске асырылуымен байланысты болатын шығындарды Банк шығыс операция сомасын және рұқсат етілмеген шығыс операциясын іске асырғаны үшін комиссияны Шотқа қайтару арқылы өтейді.

    3. Банк: Клиент Банкке жоғалған/ұрланған карточканы оқшаулау туралы өтінішімен дер кезінде келмегені үшін жауапкершілік арқаламайды.

    4. Клиент мыналар үшін жауапкершілік арқалайды:

      1. жоғалған/ұрланған карточканы оқшаулау туралы өтінішімен Банкке дер кезінде келмегені үшін – Банкке келтірген шығынның толық көлемінде;

      2. Шоттағы ақшаның жұмсалуын жеткілікті бақыламағаны, осы Шарттың ережелерін сақтамағаны үшін – Банкке келтірген шығынның толық көлемінде;

      3. карточка ұстаушының кінәсінен Банк шеккен шығыстар мен сот шығсылары үшін, – Банкке келтірген шығынның толық көлемінде;

      4. Үшінші тұлғаларға карточканың, ДСН-кодының берілуіне байланысты Банкке/карточка ұстаушыға келтірілген шығын үшін, – Банкке келтірген шығынның толық көлемінде;

даулы жағдайларды және/немесе даулы жағдайларға қатысты құжаттарды (мысалы, қолма-қол ақшамен көрсетілген қызмет туралы чек) қарастыруға өтінішті Банктің сұратуы бойынша бермегені немесе дер кезінде бермегені үшін.
4-бөлім. Жәрдемақылар үшін арнайы шотты жүргізу

32-бап. Жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша

жүргізілетін операциялар

    1. Жәрдемақылар үшін арнайы шот ашылған кезде Банк Клиенттің пайдасына мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер түрінде ғана түскен ақшаны қабылдау бойынша міндеттемені өзіне қабылдайды. Ақша басқа қаржы көздерінен түскен жағдайда төлем құжаты бастамашыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларын, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау бойынша нұсқаулықтың 22-2.тармағына сәйкес қайтарылады.

    2. Жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша белгілі жұмыс тәртібі әрекет етеді:

Клиенттің және (немесе) үшінші тұлғалардың қолма-қол ақшаны жәрдемақы үшін арнайы шотқа салуына тыйым салынады;

жәрдемақылар үшін арнайы шотқа қолма-қол жасалмайтын ақша түсімдері осы Шарттың 32.1.тармағына сәйкес іске асырылады;

Клиенттің карточкалар базасындағы ағымдағы шотына аударымдарды қоспағанда, жәрдемақылар үшін арнайы шоттан қолма-қол жасалмайтын ақша аударымдарына тыйым салынады;

жәрдемақылар үшін арнайы шоттан клиенттің Банкте алынған заемдары бойынша және басқа екінші деңгейдегі банктер берген заемдар бойынша құн өндіру мүмкін емес;

жәрдемақылар үшін арнайы шот депозиттік және кредиттік шарттар бойынша есеп айырысуларға қатыса алмайды;

жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша Банк клиентке «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» өзіне өзі қызмет көрсету жүйесінің қызметтерін ұсынбайды;

жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша теңгені басқа валюта түріне айырбастау операциялары іске асырылмайды;

жәрдемақылар үшін арнайы шоттан заем берумен байланысты қызметтер бойынша комиссиялар мен сыйақыларды қоспағанда, Банк Тарифтерінде қарастырылған комиссиялардың барлығы ұсталуы мүмкін.



    1. Жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша шығыс операцияларын үшінші тұлғалар Клиент атынан берілген нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде ғана, сондай-ақ Клиенттің заңды өкілдері, қорғаншылары мен қамқоршылары қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет