Жеке тұЛҒаның АҒымдық банктік шотына қосылу шарты акционерлік Қоғам Еншілес Банк «Альфа-Банк»



жүктеу 270.87 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі270.87 Kb.






ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҒЫМДЫҚ БАНКТІК ШОТЫНА

ҚОСЫЛУ ШАРТЫ
Акционерлік Қоғам Еншілес Банк «Альфа-Банк», (Банк) және Жеке тұлға (Клиент), бұдан әрі «Тараптар» деп, ал жекелей – «Тарап» немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып, төмендегілер туралы Жеке тұлғаның ағымдық банктік шотына қосылу шартын жасады:
1 бап. Жалпы ереже
1.1. Клиенттің шотты(-тарды) ашуға арналған Өтінішке қойған қолы және Жеке тұлғаның ағымдық банктік шотына қосылу шартын (бұдан әрі - Өтініш) жасауы Клиенттің Шартты, сондай-ақ Банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережені (бұдан әрі – Ереже) толық көлемде, қандай-да бір ескертусіз және қарсылықсыз алғандығын, оқығандығын, түсінгендігін және қабылдағандығын куәландырады.

1.2. Клиенттің, егер Банкте Клиент қол қойған Өтініштің бір данасы болған жағдайда, Шартты оның алмағандығына/оқымағандығына/түсінбегендігіне/қабылдамағандығына дәлелдеме ретінде осы Шартта оның қолының жоқтығына сілтеме жасауға құқығы жоқ. Клиент Өтінішке қол қоя отырып, өзіне ағымдық банктік шотты (бұдан әрі – Шот) ашуға, жүргізуге, жабуға барлық шарттарды қабылдайды және осы Шартқа қосылады, сондай-ақ осы Шарттың барлық ережелерінің Клиенттің мүддесі мен өз еркін білдіруіне толық көлемде сәйкес келетінін куәландырады.

1.3. Банктің Клиенттен Өтінішті қабылдауы Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Өтініш Банк Өтінішке Өтінішті қабылдау туралы белгі қойғаннан кейін қабылданды, ал Шарт – жасалды деп саналады.

1.4. Осы Шарттың шарттарын Клиент басқаша емес, Шартта толықтай мазмұндалған шарттар ретінде қабылдауы мүмкін.

1.5. Егер Клиент осы Шартта көзделгендерден басқа, Банк көрсететін қосымша қызметтерді алғысы келген жағдайда, онда тиісті қызметтерді көрсетуге арналған жеке шартты жасау, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада және Банктің ішкі саясатында, қалыптары мен рәсімдерінде көзделген өзге және/немесе қосымша талаптарды сақтау талап етіледі.

1.6. Осы Шарттың әрекет етуі жеке тұлғалардың – жеке кәсіпкерлердің, жеке меншік нотариустардың, жеке сот орындаушылар мен адвокаттардың банктік шоттары бойынша Банктің операцияларды жүзеге асыру тәртібіне таратылмайды.


2 бап. Шарттың мәні
2.1. Банк Клиентке Өтініш негізінде және сондай-ақ үлгісі мен мазмұны қолданыстағы заңнамамен және Банктің ішкі құжаттарымен анықталған барлық құжаттардың тізбесін қабылдағаннан кейін валютада Ағымдық(дағы) шотты(тарды) (бұдан әрі – Шот) ашады.

2.2. Шарттың шарты Шартқа және Өтінішке сәйкес ашылған барлық Шоттарға таратылады.

2.3. Банкте Клиенттің Шоты бойынша ақша қалдығына сыйақы есептеу жүргізілмейді.

Банк Шоттың жүргізілуін жүзеге асырады, банктік операцияларды жүргізеді және ҚР қолданыстағы заңнамасына, Ережеге, Банктің өзге де ішкі құжаттарына және Шартқа сәйкес Шоттың тағайындалуы арқылы олар бойынша банктік қызметтерді көрсетеді.




  1. бап. Шот бойынша жүзеге асырылатын операциялар

3.1. Банк Шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік қызметтерді көрсетеді:

- Шотқа Клиенттің немесе басқа тұлғалардың (ҚР резиденттерінің және резиденттері еместердің) шотынан қолма-қол және қолма-қол емес жолмен түскен ақшаны теңгемен және/немесе шетелдік валютамен есептейді;

- Шотқа ақшаны мемлекеттік бюджеттен төленген жәрдемақы түрінде қолма-қол емес түскен және (немесе) әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан түскен әлеуметтік төлемді теңгемен есептейді;

- Шоттан төлемдерді және ақшаны аударуды жүзеге асыру Клиенттің, Банктің немесе Клиенттің өзге шотына басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың (ҚР резиденттерінің және резиденттері еместердің) шотына нұсқау бойынша Шотқа валютамен жүзеге асырады;

- Клиентке Шоттан Шот валютасы түрінде қолма-қол ақша береді;

- Клиенттің талабы бойынша Шот жөнінде көшірме береді;

- айырбастылымға Клиенттің берген өтінішіне сәйкес ақшасыз шетелдік валютаны сатып алу/сату операцияларын жүзеге асырады;

- Банктің ішкі құжаттарында және Ережеде көзделген өзге де іс-әрекеттерді.

3.2. Комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, Шот бойынша барлық шығыс операцияларын Банк Шоттағы бар сома шегінде жүзеге асырады.

Шот бойынша операцияларды тек қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиенттің атынан берілген нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде ғана үшінші тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда, Шотты басқаруға арналған сенімхатты тікелей Клиенттің өзі Банкке береді.

3.3. Шот бойынша кіріс операцияларын үшінші тұлғалар сенімхат берусіз жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда, Клиент-резиденттердің валюталық шоттарын үшінші тұлғалар-резиденттердің шетелдік валютамен толықтыруына тек, егер операция тиісті нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде Клиенттің атынан жасалған жағдайда немесе егер жасалған валюталық операция Клиенттің пайдасына валюталық құндылықтарды қайтарымсыз берген болып табылғанда ғана жол беріледі.

3.4. Барлық төлемдер және ақшаны аудару банктік операцияларды орындау үшін қажетті уақытты ескеру арқылы және егер қолданыстағы заңнамада өзге ештеңе көзделмесе, Клиенттен немесе үшінші тұлғадан (күнтізбелік кезектілік) нұсқау түсу тәртібімен Банктің орындауына жатады.

3.5. Шоттағы ақшаны басқару Клиенттің жазбаша нұсқаулары және/немесе «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» өшірілген мүмкіндігінің жүйелері бойынша алынған нұсқаулықтар арқылы жүзеге асырылады, бұл жағдайда, «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» өшірілген мүмкіндігінің құралы бойынша Клиенттің нұсқаулықтарды жөнелту/алу рәсімдері жеке шарттармен реттеледі. Шотты басқару туралы нұсқаулық Банк қолданатын стандартты бланктерде орындалуы тиіс. Клиент Банкпен келісім бойынша Банкке қолданыстағы заңнамада, Банк саясатында, стандарттарында және рәсімдерінде көзделген Клиенттің нұсқауын Банктің тиісті орындауы үшін қажетті барлық ақпараттың болу шартымен өзге түрде тапсырады. Мұндай жағдайда, Банк төлем құжатын қолданыстағы заңнамада талап етілген немесе Банк пайдаланатын үлгі бойынша дербес құрастырады.

3.6. Банк төлем құжаттарын орындау үшін мыналарды қабылдамайды:

- анық емес нұсқаулықты;

- толтырылмағандарды немесе Клиенттің атынан қол қойылмағандарды;

- түзетуді;

- қолданыстағы заңнаманы бұзатын операцияларды жүргізу туралы нұсқаулықты;

- қолданыстағы заңнамада көзделген мәліметтер жоқ нұсқаулықты;

- қарындашпен толтырылғандарды;

- қолданыстағы заңнамада немесе Банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге жағдайларды.

Банк мұндай төлем құжаттарын Клиентке қолданыстағы заңнамада көзделген рәсімдерді сақтай отырып қайтарады. Банк мұндай нұсқауларды орындаудан Банктің бас тартуына байланысты Клиент келтірген шығындар үшін жауапкершілікті көтермейді.

3.7. Банк Клиенттің нұсқауларын (төлем құжаттарын) ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзімде Банктің саясатына, стандарттары мен рәсімдеріне сәйкес акцептейді.

3.8. Банк төлемдер мен ақша аударуды Шотта бар сома шегінде Клиенттің нұсқауына сәйкес жүзеге асырады. Егер Шотта ақша жеткіліксіз болса, оның ішінде операцияны жүргізу үшін Банк Тарифтеріне сәйкес комиссияны есептен шығару үшін, Банк төлем құжаттарын Клиентке орындаусыз қайтарады, бұл жағдайда, Банк Клиенттің төлем құжаттарын (нұсқауларын) ішінара орындауды жүргізбейді.

3.9. Осы арқылы Тараптар Клиенттің барлық және кез-келген нұсқаулары (төлем құжаттары), оның ішінде салық төлемі және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша, егер Тарифтерде және Банктің ішкі ережесінде өзге мерзім көзделмесе, тек бір операциялық күн бойында (9:00 бастап 16:00 дейін) ғана қабылданады. Операциялық күннен (Клиент байланыстың электрондық арналары және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы берген нұсқауларды қоса алғанда) кейін Клиент Банкке берген нұсқауларды (төлем құжаттары), егер Банктің ішкі ережесінде өзге ештеңе көзделмесе, Банк келесі операциялық күні қабылдады деп саналады.

3.10. Клиент өзіне Банкке тапсырылатын нұсқауларға байланысты, оның ішінде салық төлемі және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша, операциялық күннің аяқталуы бойынша барлық тәуекелділік пен барлық жауапкершілікті қабылдайды.

3.11. Осы арқылы Клиент өзіне төлем құжаттарындағы деректемелердің қате көрсетілуіне байланысты барлық тәуекелділік пен барлық жауапкершілікті қабылдағанын мәлімдейді және кепілдік береді.

3.12. Төлемдер мен ақшаны аудару туралы нұсқауларды, сондай-ақ оларды кері шақыру туралы өкімдерді электрондық әдіспен тапсыру тиісті шартта көзделген тәртіп пен негізде жүргізіледі. Осы Шарт «Альфа-Клик» және/немесе «Альфа-Мобайл жүйелеріне қосылу туралы шартта ішінара реттелмеген «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» жүйесі бойынша түскен Банктің төлем құжаттарын өңдеу мәселелерін реттейді.

3.13. Осы арқылы Клиент төлем/ақша аудару анықталған кезде, оның заңсыз жолмен және лаңкестікті қаржыландырумен алған кірістерді жария етуге (ізін жасыруға) бағытталғанын болжауға Банкте негіздеменің болуын назарға алады және келіседі, Банк аталған төлемді/аударуды талдау үшін қажетті кез-келген қосымша ақпаратты және/немесе құжатты тапсыруды талап етуге құқылы. Мұндай ақпарат және/немесе құжат Банкте белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда, Банк Клиенттің пайдасына түскен ақшаны қайтаруға немесе төлем құжатындағы акцептен бас тартуға құқылы.

3.14. Шоттан ақшаны алу Банк үшінші тұлғаның талабын орындауға қабылдағанда және Клиенттің қосымша келісімінсіз орындалғанда, сондай-ақ Банк көрсеткен қызметтерге төлемді Клиент Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Клиенттің шотын тікелей дебеттеу жолымен төлегенде, қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің келісімімен жүргізіледі.

3.15. Клиенттің Шотынан ақшаны алу қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларда, сондай-ақ Шот бойынша операциялар тоқтаған және оның Шотындағы ақшаларды тәркілеуге қойған жағдайда, тек уәкілетті мемлекеттік органдар тапсырылған құжаттарды тиісті ретпен ресімдеген негізде ғана жүзеге асырылады, бұл жағдайда, Банк мұндай жағдайларға Клиент келтірген залалдар үшін жауапкершілік көтермейді.



4. Клиенттің валюталық операцияларын жүргізу тәртібі
4.1. Шот бойынша валюталық операцияларды жүргізуді Банк ҚР қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және осы шартқа сәйкес жүзеге асырады.

4.2. Шоттан халықаралық аударымдарды жасау кезінде:

- Клиент шетелдік валюта арқылы Клиенттің Банктік операцияларын жүргізуге қатысатын шетелдік банк-корреспонденттерге және операцияларға және оған қатысушы тұлғаларға мәліметтер мен түсініктерді Банкке тапсыруға өзінің шүбәсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді;

- Банктен Банк орналастырмайтын, алайда валюталық операцияны аяқтау үшін шетелдік банк-корреспондентке тапсыру талап етілетін мәліметтер, түсініктер мен құжаттарды тапсыру туралы сұраным түспеген жағдайда, Клиент Банкке мұндай мәліметтерді, түсініктемелер мен құжаттарды Банкте анықталған қажетті көлем мен мерзімде тапсыруға міндеттенеді.

4.3. Шетелдік валютада Клиенттің Шотынан ақшаны аудару бойынша операцияларды жүргізу кезінде шетелдік банк-корреспондент тиісті шетелдік мемлекеттің заңнамасы талаптарын басшылыққа ала отырып, мыналарға құқықты:

- Клиенттің ақша аударуын жасалатын операциялар туралы кез-келген қажетті қосымша мәліметтер алу мақсатында белгісіз мерзімге тоқтатуға;

- ақшаны Банкке қайтара отырып, осындай бас тартудың нақты себебінсіз, шетелдік валютада ақша аударуды аяқтаудан бас тартуға;

- белгісіз мерзімге валюталық операциялар бойынша ақшаны оқшаулауға.

4.4. Жоғарыда аталған себептер болғандықтан, шетелдік валютада операцияларды аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, Банк валюталық операцияларды жүргізуге қатысатын шетелдік банк-корреспонденттердің іс-әрекеті үшін жауапкершілік көтермейді. Банк осындай жағдайларда Клиент келтірген залалдар үшін жауапкершілік көтермейді, бұл жағдайда, Клиент Банкке төлеген комиссия төлемі Банкке қайтарылмайды.

4.5. Мыналарды алуға байланысты операцияларды жүзеге асыру кезінде:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен тіркеу куәлігін алғанда, Банк Клиентке тіркеу куәлігін тапсыру қажеттігі туралы мәлімдейді және төлемді және (немесе) ақша аударуды жүргізеді/оларға аталған құжатты тапсырғаннан кейін ғана Клиенттің Шотына түскен ақшаны есепке алады. Клиент Банкке барлық талап етілген құжаттарды тапсырғанға дейін Банк транзиттік шоттағы ақшаны оқшаулайды. Клиент кез-келген шығыс операцияларын жүзеге асыру үшін ақшаны басқаруға құқылы емес:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің хабарламасы туралы мәліметті алғанда, Банк төлемді және (немесе) ақша аударуды жүргізеді/оны тапсыру қажеттілігі туралы Клиентке алдын-ала ескерте отырып, хабарлама туралы куәлікті тапсырусыз Клиенттің Шотына түскен ақшаны есепке алады. Бұл жағдайда, Банк хабарлама туралы куәлікті тапсырусыз валюталық операцияны жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ақпарат жолдайды.

4.6. Клиент қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін, оның ішінде валюталық бақылауды реттейтін мәселелер туралы өзінің хабардар екендігін куәландырады.
5. Хабарлама
5.1. Осы Шартта көзделген барлық хабарламаларды Тараптар осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша түрде құрастырады.

5.2. Тараптар осы арқылы Клиентке Банктен кез-келген хабарламаның жазбаша түрде ресімделгеніне және Клиенттің алғандығына келіседі және куәландырады, онда мұндай хабарламаны Банк мынадай әдістердің бірімен Клиентке жолдайды:

- Банктің www.alfa-bank.kz интернет-сайтына ақпаратты орналастыру;

- Клиентке «Альфа-Мобайл» Мобильдік банк арқылы хабарлау;

- «Альфа-Клик» жүйесі арқылы Клиенттерге хабарлау;

- Клиенттерге қызмет көрсететін Банктің филиалдарына, қосымша кеңселеріне және басқа құрылымдық бөлімшелеріне хабарландыруларды орналастыру;

- Клиенттің көрсеткен мекенжайына/телефон нөмірлеріне пошталық жөнелтілім, байланыстың электрондық құралы арқылы немесе өзге әдіспен ақпараттық хабарламаны жолдау.

5.3. Егер Тараптардың біреуінде басқа Тарап хабарламаны (үй немесе жұмыс мекенжайы, телефакс/телефон, электрондық пошта мекенжайы өзгерісін қоса алғанда, алайда шектеусіз және т.б.) жөнелту үшін пайдаланған және/немесе пайдалана алатын оның байланыс мәліметтерінде/деректемелерінде қандай-да бір өзгерістер болған жағдайда, онда осындай өзгеріс қалыптасқан Тарап төменде көзделген шарттарды сақтай отырып, бұл туралы басқа Тарапқа дереу хабарлама жолдауы тиіс (барлық жағдайда да, осындай өзгеріс болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей):

- Банк Клиентке осы Шарттың 5.2 т. сәйкес бір немесе бірнеше әдістермен хабарлайды;

- Клиент Банкке жеке өтініш жасау және тиісті өтінішті толтыру арқылы Банкке мәлімдейді.

5.4. Банк осы Шартқа сәйкес Клиент Банкке жазбаша хабарламаған Клиенттің байланыс мәліметтерінің/деректемелерінің өзгеруінен болған хабарламаны Клиенттің алмағаны немесе өз уақытында алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

5.5. Егер Банк өзінің құқығын пайдаланған және осы Шартқа және/немесе Тарифтерге қандай-да бір өзгерістер енгізген жағдайда, онда Банк осы Шарттың 5.2 тармағында көзделген бір немесе бірнеше әдістермен олар іс-әрекетке енгізілгенге дейін кемінде 10 (он) күннің ішінде осындай өзгерістер туралы Клиентке хабарлауға міндетті.

5.6. Тараптар осы арқылы Шот(тар) бойынша Клиенттің өзіне хабарламаны жөнелту және/немесе алу мақсатында қандай-да бір шұғыл байланыс құралдарын пайдаланудың барлық және кез-келген тәуекелділігін қабылдағанын куәландырады (үшінші тұлғалардың кез-келген қасақана әрекетінің тәуекелдігін, оның ішінде алаяқтық, жөнелтілген ақпаратқа уәкілетті емес рұқсат, сондай-ақ хабарламаны, үшінші тұлғалардың өзге әрекетін беру үшін пайдаланылатын шұғыл байланыс құралдарының, қызметтер жеткізімшілерінің және қондырғылардың жұмысында туындаған мәселелерден Клиент/Банк оны алғанға дейін осындай ақпараттың жоғалуын қоса алғанда, алайда шектеусіз).

5.7. Банк оның көмегімен хабарламаның берілуі және/немесе алынуы тиіс кез-келген қондырғының ақаусыздығы және/немесе хабарламаны беру кезіндегі кез-келген үзіліс үшін жауапкершілік көтермейді.

5.8. Банк сондай-ақ Клиент хабарламаны алмау/өз уақытында алмау нәтижесінде, үшінші тұлғалардың қасақана әрекетінен туындаған Клиенттің шығындарын қоса алғанда, алайда шектеусіз, шұғыл байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарламаны жөнелтуге байланысты, егер тек мұндай шығындар Банктің өзінің міндеттемелеріне ұқыпсыздығын немесе қасақана орындамау нәтижесінен болғандығы дәлелденбесе, Клиент келтіруі мүмкін кез-келген шығындар үшін жауапкершілік көтермейді.
6. Шоттан көшірмелер
6.1. Банк Клиентке оның талабы бойынша «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» өшірілген мүмкіндік жүйесі арқылы электрондық әдіспен және/немесе операцияны жасау шаралары бойынша Клиенттің Банкте болуы кезінде қағаз нұсқада көшірме түрінде Шот бойынша дебеттік/несиелік операциялар туралы ақпаратты тапсырады. Белгілі мерзімде Банкке Клиенттің келуі кезінде көшірмелерді тапсыру (оның ішінде көшірмелер дубликатын) Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес жүргізіледі. Шот бойынша көшірмені электрондық мекенжайға жөнелту Банктің ішкі рәсімдеріне және қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

6.2. Егер көшірме Клиенттің көзделген электрондық мекенжайы бойынша Клиентке тапсыруға жатқан жағдайда, Клиенттің электрондық мекенжайының қате көрсетілуіне немесе осындай мекенжайдың құрсаулануына байланысты Банкке қайтарылады, Банк көшірмені Клиенттің алмауына байланысты кез-келген жауапкершіліктен босатылады.


7. Тапсырманың ұзақтығы
7.1. Клиент Банкке тапсырады, ал Банк Клиент таңдаған кезеңділік арқылы (күнделікті/ай сайын/тоқсан сайын/жыл сайын) осы Шарттың шартымен Клиенттің банктік шот/тарынан (бұдан әрі – есептен шығару шоты) ақша аудару, шетелдік валютаны қолма-қол ақшасыз айналдыру сияқты операцияларды жүзеге асыруға міндеттенеді. Операциялардың түрін және оларды орындау кезеңділігін Клиент «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтініште көрсетеді.

7.2. «Тапсырманың ұзақтығын» орындау күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, Банк операцияларды орындауды демалыс немесе мереке күндерінің келесі жұмыс күнінде жүргізеді.

7.3. Банк «Тапсырманың ұзақтығы» қызметтерін орындау үшін Клиент Банкке акцептсіз тәртіппен ақша алу құқығын береді.

7.4. Клиент Банкке Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес «Тапсырманың ұзақтығы» қызметін пайдаланғаны үшін комиссиялық сыйақы төлейді.

7.5. Банкке комиссиялық сыйақы сомасы акцептсіз тәртіппен «Тапсырманың ұзақтығы» қызметі бойынша операцияларды жүргізу («Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтініште көзделген) күні Клиенттің банктік шотынан есептен шығарылады.

7.6. Клиент «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне байланысты аударымдарды жүзеге асыру және «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтініштегі олардың банктік деректемелерінің дұрыстығы үшін Клиент ресімдеген және қол қойған «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтінішке сәйкес дербес толық жауапкершілік көтереді.

7.7. Тараптар «тапсырманың ұзақтығы» қызметі бойынша операциялардың мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайтыны туралы келісімге келді:

- егер есептен шығару шотында ақша жоқ болса немесе Банк Клиенттің нұсқауын (төлем құжаттарын) орындау үшін ақша жеткіліксіз болса;

- егер есептен шығару шотында шығыс операциялары тоқтатылса немесе уәкілетті органның және/немесе лауазымды тұлғалардың құжаттарына сәйкес ақшаға тәркілеу салынса;

- егер жүргізілген операциялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келсе.

7.8. Тараптар Клиенттің Банкке «Тапсырманың ұзақтығы» қызметінен бас тартуы туралы Өтініш жасаған жағдайда, Банктің Клиентке келесі жұмыс күні мұндай қызметтерді тоқтататынына келісті, бұл жағдайда Банк «тапсырманың ұзақтығы» қызметтерін көрсетуді «Тапсырманың ұзақтығы» қызметінен бас тарту туралы Өтінішті алған күні «Тапсырманың ұзақтығы» қызметін көрсетуді жүзеге асырады.

7.9. Егер Клиенттің шотында «Тапсырманың ұзақтығы» қызметі бойынша Банктің операцияларды орындауы үшін ақша жеткіліксіз болған және ақша «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтініште Клиент көрсеткен күннен кейін түскен жағдайда, онда Банк операцияларды Клиенттің шотына ақша түскен күннен кейін келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

7.10. Клиент «Тапсырманың ұзақтығы» қызметі бойынша өткізілген операциялардың Клиенттің кәсіпкерлік қызметпен, заңды тұлғалар арасындағы үшінші тұлға ретінде келісімшарттар төлемімен, тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асырумен байланысты емес екенін куәландырады.

7.11. Клиент АҚ ЕБ «Альфа-Банк» олардың талабы бойынша құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке «Тапсырманың ұзақтығы» қызметіне арналған Өтініш бойынша жүргізілген ақшаны аудару бойынша операциялар туралы ақпаратты тапсыруға рұқсат етеді.

7.12. Клиент АҚ ЕБ «Альфа-Банк» өзі туралы, оның ішінде қылмыскерлік жолмен алған (AML- рәсімдер) кірістерді жария етуге қарсы әрекет бағдарламасы шеңберінде банк-корреспонденттердің сұранымы бойынша банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға құқық береді.
8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8.1. Клиент мыналарға құқылы:

8.1.1. Шот(тар)тың жағдайы туралы толық ақпарат алуға.

8.1.2. Төлемдер мен Шот(тар)тан аударымдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыруға.

8.1.3. Шоттағы(тардағы) ақшаны жеке басқаруға, үшінші тұлғалар Шот(тар)ындағы ақшаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес басқаруға сенім білдіруге.

8.1.4. Төлем құжаттарында (аударымға арналған нұсқаулықта/тапсырмада/өтініште) валюталау күнін ағымдық жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетуге.

8.1.5. Мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделген төлем құжаттарын тапсыруға.

8.1.6. Шот(тар) бойынша қалдық ақша шегінде қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шартқа сәйкес енгізуге және алуға.

8.2. Клиент міндеттенеді:

8.2.1. Шот(тар)ты ашу кезінде құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Банк белгілеген тізбеге сәйкес тапсыруға.

8.2.2. Банкке ақшаны аудару туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген әдіспен тапсыруға.

8.2.3. Төлем(дік) құжатын(тарды) орындау үшін қажетті өзінің банктік Шот(тар)ындағы ақша сомасын қамтамасыз етуге және Банктің қолданыстағы Тарифтерінде көзделген комиссиялық сыйақыны алуға.

8.2.4. Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шот(тар) бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін төлем құжаттарын тапсыруға.

8.2.5. Шот(тар)дан ақша сомасын есептен шығару/есепке алу кезінде, сондай-ақ Шот(тар) бойынша ақпарат алу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын тапсыруға.

8.2.6. Клиент қате есептелген сома туралы білетін немесе білуі тиіс ақпаратты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке қате есепке қосу туралы мәлімдеуге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта белгіленген тәртіппен қате есепке қосылған соманы қайтаруға.

8.2.7. Банк тарифіне сәйкес Банк көрсететін қызметтер құнын төлеуге.

8.2.8. Банкке өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні бойында осы Шартта көзделген Клиенттің мекенжайының, пошталық деректемелерінің, телефондары мен өзге де мәліметтерінің өзгерісі туралы жазбаша түрде хабарлауға.

8.2.9. Банкке қылмыскерлік жолмен алған (AML- рәсімдер) кірістерді жария етуге қарсы әрекет бағдарламасы шеңберінде банк-корреспонденттердің сұранымы бойынша ақпаратты тапсыруға.

8.2.10. Шот(тар) бойынша кәсіпкерлік қызметті, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары мен адвокаттарының қызметін жүзеге асыруға байланысты емес операцияларды жүргізуге.

8.2.11. Рұқсат етілмеген есептен шығарудың /Шоттан ақша алудың алдын алу мақсатында Клиент Шот бойынша үшінші тұлғалар құқығымен бөлінетін операцияларды жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған Сенімхатты жеке тапсыруға немесе Шарттың 8.2.12 тармағына сәйкес Банкке мәлімдеуге міндетті.

8.2.12. Рұқсат етілмеген есептен шығарудың /Шоттан ақша алудың алдын алу мақсатында Клиент мынадай жағдайларда жазбаша өтініш тапсыру жолымен дереу Банкке жеке хабарлауға міндетті:

- Сенімхат бойынша Клиенттің Шот(тар)ын ашуға және/немесе басқаруға құқығы бар тұлғалар өзгерген кезде немесе олардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы;

- Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат жоғалған кезде.

8.2.13. Банкке, егер есептелген ақша сомасы көзделген жәрдемақы мен төлемдерге байланысты болмаған жағдайда, мемлекеттік бюджеттен төленген жәрдемақыны және (немесе) әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан төленген әлеуметтік төлемді есепке алу үшін ашылған Клиенттің шотына есепке алуды қарастыратын нұсқауды (төлем құжатын) тапсырмау, бұл жағдайда, Клиент Банктің акцептінде ақшаны мұндай есепке алуды қарастыратын төлем құжаттарына бас тартуға келіседі.

8.2.14. Тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмауға.

8.2. Банк мыналарға құқылы:

8.3.1. Клиентке мынадай жағдайларда Шот(тар)ты ашудан бас тартуға:

- Клиент Шотты ашу үшін қажетті құжаттар пакетін толық тапсырмағанда;

- Клиенттің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәліметтеріне сәйкес әрекетсіз салық төлеушілікке қатыстылығы;

- Клиентте банкілік шоттың ашылуы болғанда, оның ішінде жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат немесе жеке сот орындаушысы ретінде, оған салық қызметінің органдары инкассалық басқару немесе банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарғанда;

- Клиенттің лаңкестікті қаржыландыру жағдайына қатыстылығы;

- сондай-ақ заңнамада және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда.

8.3.2. Онда жеке басын куәландыратын құжат және ҚР заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарының талабында көзделген басқа да құжаттар болмаған жағдайда, Клиент жариялаған операцияларды жүргізуден бас тартуға.

8.3.3. Сенімхаттардың ҚР заңнамасына сәйкессіздігі жағдайында, шотты ашуға/шотты басқаруа арналған сенімхаттарды қабылдаудан бас тартуға.

8.3.4. Жүргізілген операциялар және Шотқа(тарға) қызмет көрсету бойынша комиссиялық сыйақы, банктік қызметтерді көрсеткені үшін Тарифтер көлемін дербес белгілеуге.

8.3.5. Себебін түсіндірусіз Клиентпен іскерлік қатынастарды белгілеуден бас тартуға, сондай-ақ шот бойынша Клиенттің операцияларын тоқтатуға және ҚР-ның 28.08.2009 жылғы №191-IV «Заңсыз жолмен алынған кірістерді жария етуге (ізін жасыруға) қарсы әрекет және лаңкестікті қаржыландыру туралы» Заңда көзделген негіздер бойынша шот жөнінде операцияларды жасау туралы Клиенттің өкімін орындаудан бас тартуға.

8.3.6. Мынадай жағдайларда Клиенттің нұсқауын орындауға қабылдамау: Клиенттің шоттағы(тардағы) ақша сомасын операцияны жүргізу үшін жеткілікті түрде қамтамасыз етпеуі және Банктің операцияны жасау кезінде Банк Тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақыны есептен шығару, операциялардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келсе, Клиент нұсқауды құрастыру мен тапсыру тәртібіне талапты сақтамаған кезде, сондай-ақ егер нұсқауда (төлем құжатында) жасанды көшірмелер белгілері болғанда.

8.3.7. Клиенттен қосымша ақпаратты және Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауды тексеру мақсатында жүргізілген операцияларға қатысты құжаттарды сұрауға.

8.3.8. Қолма-қол және қолма-қол емес ақшаны толықтыру бойынша операцияларды жүргізу үшін ағымдық шотты пайдалану, оның ішінде үшінші тұлғалардың, төлем карточкалары бойынша банктік шоттарды, сондай-ақ төлем карталары бойынша овердрафтарды және өзге қарыздарды есептен шығару.

8.3.9. Акцептсіз тәртіппен Клиенттің кез-келген Шотынан Банк көрсеткен қызметтер, Шотқа(тарға) қызмет көрсету, сондай-ақ Тарифтерге сәйкес Банк алдында туындаған барлық қарыздар үшін төлем шотына ақша алуға. Банк алдындағы қарыздар валютасынан айрықшаланатын қарыздарды өндіріп алған жағдайда, төлем күні Банк белгілеген бағам бойынша және айналым кезінде Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Клиенттің есебінен ақшаны айналдыру жүргізіледі.

8.3.10. Клиентке Банк Тарифтерінің өзгерісі, осы Шарттың шарты, сондай-ақ жаңа Тарифтер мен өзгерістерді енгізу мерзімі басталғанға дейін 10 (он) күннің ішінде Клиенттерге қызмет көрсетудің өзге де шарттары туралы хабарлауға.

8.3.11. Клиенттің Шот(тар)ына қате ақша есептеу дерегін анықтаған жағдайда, Клиенттің Шот(тар)ынан, Клиентке осы деректі хабарламай, акцептсіз тәртіппен ақшаны алу.

8.3.12. Клиенттің Шот(тар)ынан ақша алу туралы, осы деректі Клиентке хабарламай, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда нұсқауларды орындау.

8.3.13. Клиенттің Шот(тар)ы бойынша операцияларды тоқтату туралы, осы деректі Клиентке хабарламай, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда нұсқауларды орындау.

8.3.14. Клиенттің Шот(тар)ын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жабу.

8.3.15. Клиенттің қосымша келісімінсіз (акцептсіз) Шоттан ЗТМО артық есептеген ақшаны, ЗТМО ақшаны қайтару туралы тиісті талаптарын ұсынған кезде, Шотты тура дебеттеу арқылы ақшаны алу.

8.3.16. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған, ағымдағы шотқа ақша есептеуді қарастырушы төлем құжаттарының акцептіне, егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген жәрдемақылар мен төлемдермен байланысы жоқ болса, тыйым салу.

8.3.17. Ағымдағы шотқа ақша есептеуді қарастырушы, төлем құжаттарының акцептіне кәсіпкерлік іс-әрекеттерді, жеке нотариустың іс-әрекеттерінен, жеке сот орындаушысының және адвокаттың іс-әрекеттеріне тыйым салу.

8.3.18. Салық органдарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде, Клиенттің ашылған/жабылған банктің Шоттың ашылуы және/немесе жабылуы туралы хабарламаларын іске асыру.




    1. Банктің міндеті:

8.4.1. Клиенттің Шот бойынша операциялары жөнінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қалыпты құқықты актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес құпияға кепілдік беру.

8.4.2. Клиентке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қалыпты құқықты актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес кешенді қызмет көрсету.

8.4.3. Клиентке Банктің операциялық күнінде қызмет көрсету.

8.4.4. Клиенттің нұсқауы (төлем құжаты) бойынша Шот(тар)та қалған ақша қалдығы шегінде төлемдер мен аудармаларды өз уақытында және дұрыс орындау.

8.4.5. Клиенттің Шот(тар)ы бойынша ақшаның сақталуын және операциялардың құпиялығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қалыпты құқықты актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес қамтамасыз ету.


  1. Тараптардың жауапкершіліктері

9.1. Клиенттің қате нұсқауларын Банктің орындағаны туралы өз уақытында хабарламағаны үшін Клиент Банкке келтірілген нақты шығындарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

9.2. Банк Клиенттің нұсқауларын орындамағаны үшін, егер нұсқаулардың сомасы Банктің комиссиялық сыйақысын ескере отырып, Банктің Тарифтеріне сәйкес Клиенттің Шот(тар)ындағы ақша қалдығынан асатын болса, не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шарттың талаптарымен қарастырылған басқа негіздемелер бойынша жауап бермейді.

9.2.1. Банк Клиенттің алдында нұсқауларды (төлем құжатын) Клиенттің Сенімді тұлғасы орындаған жағдайда, сондай-ақ Клиент Шарттың 8.2.12. тармағын орындамаған кезде жауап бермейді.


9.3. Клиенттің Шот(тар)ына қате есептелген сомалар туралы Банкке уақытында хабарламағаны үшін Клиент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

9.4. Банк Клиенттің/Сенімді тұлғаның/Мұрагердің/басқа ресми өкілдің Шот(тар)ты ашуға және операцияларды орындауға берілген құжаттардың ҚР заңнамасына сәйкес түпнұсқалығына және нақтылығына жауап бермейді.

9.5. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындамағаны немесе тиісті жолмен орындамағаны үшін және еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) салдарынан пайда болған шығындарға, сондай-ақ электр қуатының өшуіне, байланыс желісінің зақымдалуына (істен шығуына), төлем жүйелерінің ретсіз жұмыс істеуіне және т.б. жауап бермейді.


  1. Дауларды реттеу

10.1. Клиент Шот бойынша орындалған операциялардың негізділігін растаушы құжаттардың көшірмелерін Банктің ұсынуын талап етуге құқылы.



    1. Шартты орындаумен пайда болған, кез-келген наразылықтар мен дауларды Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы реттеуге тырысады, ал келісімге келе алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте қарауға беріледі.

    2. Ақша жіберуші мен алушының арасындағы есеп-айырысулар бойынша өзара наразылықтарды Банктің қатысуынсыз, олардың өзі тікелей қарайды.

    3. Осы Шарт бойынша барлық даулар Тараптардың арасында келіссөздер арқылы реттеледі, ал келісімге келе алмағанда – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, сот органдарында.

  1. Хабар-ошарсыз жоқ болу, Клиенттің өлімі

11.1. Осы Шарттың негізінде, егер Банк Клиенттің хабар-ошарсыз жоқ болуы/өлімі/өлді деген хабардың нақтылығын растаушы құжаттың тиісті жолмен ресімделген көшірмесін алған болса, Банк осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу және Шотты ары қарай жабу арқылы Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

11.2. Өлген/өлді деп хабарланған Клиенттің Шотындағы ақша Банктің ішкі саясатына, қалыптары мен үрдістеріне сәйкес, қолданыстағы заңнамада белгіленген құжаттардың негізінде және мерзімде, Тарифтерге сәйкес Банктің комиссияларын шегере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өкілетті мұрагерлерге/басқа тұлғаларға беріледі.



  1. Жойылған қызмет көрсету жүйелері

12.1. Банк Клиентке жеке келісімнің талаптары мен тәртібімен қорғалған арна арқылы жойылған Шот/тар бойынша өздігімен операциялар жасау және ақпараттар алу үшін «Жеке тұлғаларға арналған «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» жүйелері арқылы жойылған қызмет көрсету жүйелерінің қызметтерін ұсынады.



    1. Қызмет көрсету талаптарымен, ұсынылатын қызметтердің тізімімен және «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» жүйелерінде тіркелу талаптарымен Клиент Банк филиалдарында клиенттерге арналған ақпараттарды орналастыру орындарында (ақпарат тақтайларында), www.alfabank.kz мекенжайы бойынша Банк сайтында таныса алады.

    2. Қызметтерді пайдалану кезінде Клиент «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» жүйелеріне қол жеткізуді ұсынумен байланысты Банктің талаптарын орындауға міндеттенеді.

    3. «Альфа-Клик» және «Альфа-Мобайл» жүйелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшері Тарифтерде беллгіленеді, оны Банк анықтайды және Банк Келісімдерге сәйкес біржақты тәртіппен өзгерте алады.



  1. Құпиялылық

13.1. Тараптардың осы Шартқа байланысты бір-біріне беретін кез-келген ақпараты, сондай-ақ Шартты жасаудың дерегі құпия ақпарат болып табылады және үшінші тұлғаларға екінші Тараптың алдын-ала берген жазбаша келісімін алмай таратылмайды.



    1. Банк Клиент пен Шотқа қатысты құпия ақпаратты қамтамасыз ету үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолданады.

    2. Банк Клиенттің кінәсінен құпиялылық бұзылған болса немесе құпия ақпарат үшінші тұлғаларға басқа қорлардан әйгілі болса не әйгіленсе, ол үшін жауап бермейді.

    3. Клиент осынысымен Шотты ашу, жүргізу және жабу мақсаттары үшін, осы Шартта қарастырылған операцияларды орындау үшін Банк ақпарат ашу үшін онда бекітілген деңгейді сақтау қажеттілігін белгілеуші, қолданыстағы заңнаманың, ішкі саясаттың, Банк қалыптары мен үрдістерінің ережелеріне сәйкес кез-келген ақпаратты ашуды талап етуге құқылы, ал Киент Банкке, оның бірінші талап етуімен, кез-келген ақпаратты, Банк белгілеген мерзімде, және Банктің осы Шартта қарастырылғандай, құпиялылық талаптарын сақтаумен ұсынуға міндеттенеді.

    4. Осы Шарттың негізінде Клиент Банкке құпиялық негізде, Клиенттің қандай-болмасын қосымша келісімінсіз, Клиентке/Шотқа/Шартқа қатысты барлық немесе кез-келген ақпараттарды үшінші тұлғаларға ашуға/беруге, және Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға, келесілерді қоса, бірақ олармен шектелмей:

(а) Мемлекеттік органдарға және/немесе қолданыстағы Заңнамаға сәйкес осындай ақпаратты сұрауға уәкілетті басқа тұлғаларға;

(б) Клиенттің жұмыс берушісіне (оның ішінде, басшылық етуші жұмысшыларға, кадр бөлімінің өкілдеріне және бухгалтерияға) – СТН/ЖСН нөмірі туралы ақпаратты, сондай-ақ Клиенттің Шот арқылы жалақы ақысын алған жағдайда жалақы ақысын есептеуге қажетті, банктік құпияны құрайтын, ашылған Шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

(в) Клиенттің нотариалды куәландырылған сенімхатта көрсетілген тұлғаларына;

(г) ЗТМО – Шот нөмірі, Шот бойынша ақша қозғалысы туралы және Шартта қарастырылған тәртіп пен талаптармен басқа мәліметтерді ұсынуға келісімін береді.





  1. Шартты бұзу. Шотты жабу

14.1. Клиент осы Шарттан бас тартқан жағдайда, Клиент Банкке Шотты жабуға өтініш береді. Шотты жабу Клиенттің ықыласы бойынша осы Шотқа орындалмаған талаптары болмған кезде, Шотты жабуға берген өтінішіне сәйкес орындалады. Оған сәйкес Клиенттің осы Шартпен байланысты барлық Шоттары жабылған жағдайда, Шарттың әрекет етуі тоқтайды.

14.2. Банктің ықыласымен Шотты жабу, егер басқасы ҚР заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылмаған болса, Клиенттің Шот бойынша ақшасы мен қозғалысы үш жылдан аса уақыт болмаған жағдайда, Шот жабылады. Оған сәйкес осы Шартпен байланысты барлық Шоттар жабылған жағдайда, Шарттың әрекет етуі тоқтайды.

14.3. Қолданыстағы заңнамада не Шартта қарастырылған жағдайлардан тыс, осы Шоттың орындалмаған талаптары болмаған жағдайда Шотты жабуға тыйым салынады.


15. Басқа ережелер
15.1. Клиент осынысымен Клиенттің Банкке телефон арқылы кез-келген өтініші Банктің қарауы бойынша автоматты түрде Банктің осы мақсаттарға қолданатын, жазба құрылғысының көмегімен тіркелуі мүмкін екендігін түсінеді және онымен келіседі.

15.2. Клиент осынысымен Шотқа салынған/есептелген барлық және кез-келген ақшаның заңды жолмен алынғандығын растайды және кепілдік береді және Банктің талап етуі бойынша мұндай Клиент Банкке үшінші тұлғаның тапсырысы және мүддесі бойынша Шотқа Клиент ақша салған/есептеген кезде, осындай жағдайларда, осы ақшаның шығу/алу заңдылығын растаушы құжаттарды/басқа ақпараттарды Банкке ұсынуға міндеттенеді.

15.3. Клиент Банкке үшінші тұлғалардың тапсырысы және мүддесі бойынша жасалған кез-келген операцияларды жүргізу туралы хабарлауға, сонымен қатар бір уақытта Банкке үшінші тұлғаларды сәйкестендіруші/куәландырушы құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.

15.4. Осынысымен Тараптар Банктің ішкі саясатында, қалыптарында, үрдістерінде және Шартта қарастырылған басқа негіздемелер бойынша, сондай-ақ Шарт бойынша Клиент міндеттемелерді бұзған кезде, не қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда Шартты бұзу және Шотты жабу туралы Банктің мәлімдеуге құқылы екендігімен келіседі.

15.5. Осы Шарттың ережелері Банкте ашылатын, жеке тұлғалардың барлық Шоттарына қолданылады.

15.6. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті жолмен орындамаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады, егер мұндай жағдайлар еңсерілмейтін күштер оқиғаларының туындауы салдарынан пайда болса, оның ішінде уәкілетті органдардың шектеулі-тыйым салынатын сипаттағы актілерін/шараларын қабылдауының нәтижесінде, бағдарламаны қамсыздандырудың істен шығуы, электр қуатының өшіп қалуы, байланыс желілерінің зақымдалуы және Тараптардың еркінен тыс басқа жағдайлардың әсер етуінен пайда болған жағдайларға жауап бермейді.


16. Қорытынды ережелер
16.1. Осы Шарт Тараптарға, сондай-ақ олардың құқық қабылдаушыларына және сенімді тұлғаларына міндетті.

16.2. Осы Шартта қолданылған, мақалалардың атаулары мен басқа тақырыптар жайлылық үшін қолданылады және қандай-болмасын шектеулері, сипаттамалары және/немесе аталған құжаттардың қандай-да ережелерінің талдамасын қамтымайды, сондай-ақ осы Шарттың мақалаларының орналасу тәртібі бір мақалалардың басқаларға қатысты артықшылықтарын куәландырмайды.

16.3. Егер осы Шарттың қандай-да бір немесе одан аса ережелері өз күшін жоғалтқан болса, жарамсыз немесе кез-келген байланыста заңмен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұл осы Шарттағы басқа ережелердің нақтылығы мен заңдылығын әлсіретуге немесе қандай-да жолмен әсер етпеуі тиіс.

16.4. Тараптың осы Шарттағы өз құқықтарының кез-келгенін орындамауы немесе уақытында орындамауы осындай құқықтан бас тарту ретінде есептелмеуі тиіс, сондай-ақ осындай Тараптың өзінің басқа құқықтарын орындауына әсер етпеуі тиіс. Барлық құқықтар, міндеттемелер сияқты осы Шартқа сәйкес бөлік болып табылады, тек басқа құқықтар мен міндеттемелерден тыс болмайды.

16.5. Банк осы Шарт пен Тарифтерге өзгерістер енгізу құқын өзіне қалдырады, сондай-ақ Клиентте Шот болумен байланысты Банк ұсынған жаңа қызметтердің салаларын кеңейтеді, және Клиентке осындай өзгерістер туралы осы Шарттың 5.2. тармағында қарастырылған тәртіппен хабарлауға міндетті. Осы Шарт пен Тарифтерге өзгерістер енгізгеннен кейін олар жаңа/өзгертілген редакцияда әрекет етуін жалғастыра береді.

16.6. Клиенттің Банкке осындай өзгерістердің күшіне ресми түрде ену кезінде дейінгі өзгерістерді ескере отырып, Шарттың, сондай-ақ Тарифтердің талаптарын қабылдамауы туралы өтінішін бермеуі, Клиенттің Шарттың жаңа редакциямен келіскендігін және оған қосылуын, сондай-ақ Банктің жаңа Тарифтеріне келісетіндігін білдіреді.

16.7. Клиент осынысымен Банктің бірінші талап етуі бойынша Банк белгілеген мерзімде ҚР қолданыстағы занамасында белгіленген нормалар және/немесе Банктегі барлық ережелерді сақтауға және орындауға Банктің мүмкіндігі болу үшін қажетті ақпараттарды және/немесе құжаттамаларды ұсыну және/немесе ұсынуды қамтамасыз ету.

16.8. Осы Шартқа қатысы бар барлық құжаттар Тараптардың таңдауы бойынша мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалған. Әр түрлі оқылымдар болған жағдайда орыс тілінде мәтіннің артықшылығы басым. Бұл ретте Өтініш, Клиенттің нұсқаулары Клиентке тиімді, кез-келген көрсетілген тілдерде Клиент толтыра және қол қоя алады.



16.9. Осы Шартта қарастырылмаған басқа барлық жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйенеді.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет