Желтоқсан



бет10/22
Дата24.08.2022
өлшемі442 Kb.
#460029
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
серуен қыс - копия

Зерттеу жұмысы
Құстар ізін қарау. Оларды қарға мен жануарлар (мысық, ит) іздерімен салыстыру. Қандай айырмашылығы бар?
Еңбек
Ойын алаңын қардан тазалау.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Қимылды ойын
«Ұшты-ұшты».
Мақсаты:аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу
Жаттығу ойындары «Қапшықтағы жемді жеткіз».
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру
Халық болжамы: Құстар асыға қоректенсе ауа-райы бұзылады.

Қаңтар
Серуен №2
Боранды күнді бақылау
Мақсаты: желді күнгі қардың қозғалысы туралы түсінік беру.
Бақылау барысы
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Жерді тырнап, бұтаны ырғап,
Шөпті сипап, ұшады зырлап,
Жанын қинап, ұлиды зарлап. (боран)


Көркем сөз «Ақ боран» Ә. Табылды
Ақ көрпесін жапты да, Ақ боран-ау, ақ боран,
Аяз кенет аптыға, Алай-түлей соқ боран.
Айналаны үрледі, Ақ қар ұшып үйрілсін,
Ақ бораны гуледі. Ауламызға үйілсін.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймын шаттана.
Тәрбиеші сұрақтары:

  • Қалай ойлайсыңдар, боран дегеніміз не? (қатты соққан желдің әсерінен ұшқан қардың бір-біріне араласуы)

  • Мұқият қараңдаршы қар не жағдайға ұшырап жатыр? (қарлар желдің бағытымен ұшып жатыр)

  • Боран кезінде неліктен күртік қар пайда болады? (қатты желдің әсерінен араласып ұшқан қарлар, алдында кездескен кедергінің әсерінен бір жерге жиналады, сондықтан күртік қар пайда болады)

  • Қалай ойлайсыңдар, боран болғаны жақсы ма, әлде жаман ба? (ағаш түптері жалаңаштанып қалуы, содан үсікке ұшырауы мүмкін, жиналған қарға малтығып, жүру қиындайды)

Зерттеу жұмысы
Келесі күні ауланы қарау. Түбі ашылып қалған ағаш түптерін іздеп табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет