Желтоқсан



бет20/22
Дата24.08.2022
өлшемі442 Kb.
#460029
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
серуен қыс - копия

Ақпан
Серуен №5
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты :
— ағаштар туралы білімдерін молайту;
— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы
Қар жамылды бақтарым
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желекті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомып теректің,
Ақ шалыпты самайын.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

  • Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??

  • Күзде қандай болды?

  • Қазіргі бейнесі қандай?

  • Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?

  • Айналадағы ағаштар бейнесі қандай?



Зерттеу жұмысы
Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру
Еңбек
Жолды қардан тазалау.
Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.
Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»
Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.
Жаттығу ойындары Секіру
Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру


Халық болжамы. Ит қарға аунаса, қарлы боран болады.
Мысық қабырғаны тырналаса, бұрқасын боран болады.



Ақпан
Серуен № 6
Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты::

  • Табиғат өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Қыс аяғындағы табиғат көрністерін (су тамшылары, қардың жібуі т.б.) көре білуге баулу.

  • Өлең жолдарындағы қыс көрністері туралы бейнелеуді таба білу туралы білімдерін бекіту.

Бақылау барысы
Оңтүстіктен жел соқты. Ол өзімен жылылық ала келді. Түс кезінде төбелерден су тамшылары көрінді. Көктемнің жақын қалғаны табиғатта біліне бастады.
Ақпан қыстың соңғы айы. Ақпан айында күн ұзара бастайды. Күннің шуағы молаяды. Үй шатырларынан мұз сүңгілер пайда болады. Ақпанда жылылық сезіледі. Күртік қарлар аласара бастайды.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Мұздан шеге қатырдым. (сүңгі)
Балаларға сұрақтар

  • Қыста неше ай бар?

  • Қыс айларын ата?

  • Қыстың ең соңғы айы қай ай?

  • Ақпан айында табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Мұз сүңгілері қайдан пайда болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет