Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев
Жауа-жауа, қар жауып көп,
Шұқырларға толады.
Иығыңа қонады кеп,
Мойныңа да қонады.
Жауып бітер қарды тосып,
Үйіңе де сыймайсың,
Табиғаттың ақ көрпесін
Басуға да қимайсың
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?
Аяқ астында қар неге сықырлайды?
Қар неге ұлпа болады?
Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)
Зерттеу жұмысы
Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық).
Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму.
Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту
Қимылды ойын
«Ыстық-суық».
Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге үйрету
Жаттығу ойындары
Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету
Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
Желтоқсан
Серуен №5
Ауладағы ағаштарды бақылау
Мақсаты :
— ағаштар туралы білімдерін молайту;
— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы
Қар жамылды бақтарым
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желекті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомып теректің,
Ақ шалыпты самайын.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??
Күзде қандай болды?
Қазіргі бейнесі қандай?
Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |