Желтоќсанныњ жиырма екісі


Тілдік теория тұрғысынан талдасақ



бет6/7
Дата14.05.2024
өлшемі1.09 Mb.
#501006
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
М.Жұмабаев Әже

Тілдік теория тұрғысынан талдасақ:
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып
бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Су сепкендей сап болып,- басылу, баяулау, тыйылу.
Ту арқаңнан өтеді.- өнменіңнен өтеді, оқтала, тесіле қарайды.
Өлеңде әженің ертегі айту барысында автор сөзі мен төл сөз берілген:
Ал кіріссе ертекке,
Басы қалт-қалт етеді: (Автор сөзі)
«Ертек-ертек, ерте екен…» – (Төл сөз)
Аузы балп-балп етеді. (Автор сөзі)
«Ерте, ерте, ерте екен…– (Төл сөз)
Тыңда енді ал, шырақ!
…Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат…»
Сонымен қатар автор сөзі мен төл сөзіне байланысты тыныс белгілер де сақталған.Мысалы,
автор сөзі төл сөздің алдына келіп, автор сөзінен кейін қос нүрте қойылып, төл сөздер тырнақшаға
(«-»)алынған. Ал автор сөзі төл сөзден кейін келіп,төл сөзден кейін қабаттасқан тыныс белгісі (... -)
қойылған. Көп нүктенің (...) қойылу себебі, ережеге сәйкес ой ақталмаған сөйлемге қойылады.
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
Шолжақ – шолжаң,еркелеу деген мағынада
Нағыз әже қайда?
Қорытынды:
  «Әженің» тәлім-тәрбиелік мәні де, негізгі идеясы да-сәбиді өскенде ел адамы болуға, ерлікке,
мықтылыққа, қайраттылыққа баулиды. Бүгінгі таңда жас ата-аналарымыз қазіргі сәнге, заманға
еріп, мазмұны жоқ,сапасыз шетел әндерін айтып бала санасына сіңіреді. Мұны біз қай-қай
жерлерден де болашақ аналардың құлақта музыка тыңдайтын құрылғыны салып алып, әндетіп
жүретінін де көріп жатамыз. Нәрестелі болғаннан кейін де аналарымыз,әйтеуір, бала тезірек
тыныш ұйықтасын деп құмырсқаша қаптаған шетел әндерін ұялы телефоннан тыңдатып
қоятыны немесе бала ұйықтатып отырып, бір көңілі ғаламтордағы «Ватсап», «Инстаграм»,
«В контакте» тағы басқа тұнып тұрған әлеуметтік желілердің қойнауынан шыға алмауы да
жасырын емес. Сонымен қатар, өсіп жатқан кішкентай сәбилеріміз де телефондағы неше түрлі
шетелдің видеолары мен мультфилмдері арқылы өзін жұбатады, тіпті жұбатады демейік
балаларымыз соның кесірінен агрессивті, ашушаң болып өсіп келе жатыр. Бұл баршамыздың,
болашақ ұрпағымыздың тәрбиесіне зор әсерін тигізері хақ. Кінәні өзімізден іздеуіміз қажет.
Себебі бала тәрбиесі артта қалып жатқан заманымызда әжелеріміздің тәрбиесі, өнегесі бізге
ауадай қажет. Сол олқылықтарды жою үшін әжелеріміз немере құлағына өзінің өнегелі ақыл-
кеңестерін айтып, таңғажайып ертегілерімен ұйықтатып отырса, болашақ ұрпақтарымыз ел
адамы, елдің тізгінін ұстайтын ұрпақ болып шығар еді. Сондықтан «Әже – ақылдың кені,
өткеннің шежіресі», «Ата өнері – балаға мұра», - дейді данагөй бабаларымыз. Расымен де дөп
айтқан. Үлкен кісілердің әңгімелерін тыңдасаң, көп мағлұмат алғандай боласың. Олардың
сөздері кітаптағы сөздермен пара-пар. Бұрында не болғанын, қалай болғанын көз алдыңа
елестетесің. Сондай әсерлі, әдемі етіп жеткізеді. Құдайға шүкір, балаларына – балым, ботам,
құлыным, айналайын деп отырып, тәлім-тәрбиесін, ертегісін айтып отыратын әжелеріміз
баршылық қазынасы сарқылмаған қарттарымыз баршылық. «Көп жасағаннан емес, көп
көргеннен сұра» деген бар емес па?! Яғни, осы орайда, ата-әжелеріміздің ғана қоғамға ашық
жол сілтей алып, дұрыс бағыт беріп, айтқан ақыл-кеңесімен, ертегісімен жөн бере білетінін
біледі.
Ұсыныс:
Осы тұста мен ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, жас болсам да елімнің әже тәрбиесін көрген жарқын болашағы ретінде төмендегідей ұсыныстарымды жеткізгім келеді:
-Мағжан атамыздың «Әже» өлеңін дәріптеп, оқулықтарға енгізіп, насихатталса;
  • Ұлттық дәстүріміздің өзегі әже берген тәрбиеде екендігін ұғындыру мақсатында газет-журналдар беттерінде, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияласақ, себебі қазіргі таңда көп қарттарымыз газет-журнал оқиды, жастарымыз әлеуметтік желіде көп отырады.М.Жұмабаевтың өлеңімен танысады.

  • Сол арқылы, үйдегі әжелеріміз ұл-қыздарына, немерелеріне «Әже» өлеңін башылыққа алып,
    Мағжан атамыз бейнелеген әже сынды өнегелі әңгімелерін, ертегілерін үнемі құлағына алтын сырға етіп құйса



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет