Бұл өлеңінің тақырыбы: Әже бейнесін ашу болса, идеясы- әр отбасындағы тәрбиенің басы әже,
яғни қарт адамның орны ерекше екенін дәріптеу.
Өлең - көптеген компоненттерден құралатын бір тұтас шығарма.
Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ. Мағжан Жұмабаевтың «Әже» өлеңі үлкен 2 шумақты
болып келеді, яғни өлең 2 бөлімнен тұрады. Өлеңнің бірінші бөлімі 12 (он екі) жолдан, яки 12
тармақтан тұрады. Ал екінші бөлімі 24 тармақтан тұрады. Мазмұн жағынан бірінші бөлімде әженің
түр-тұлғасын, бет-бейнесін аша келсе, екінші бөлімде әженің іс-әрекетіне (оның ішінде ұршық
иіруі, жүн түтуі, ертегі айтуы) тоқталады.Тармақ дегеніміз- өлеңнің әр жолы. Өлеңде барлығы –
36 тармақтан тұрады. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бұл өлең 2 бунақты болып келеді
Өлеңнің бірінші тармағы:
Сығырайған көзі //көрінбей
Томар-томар// былшықтан,
Отырса,// бойы аспайды
Қолындағы //ұршықтан.
Алдындағы //көженің
Көрінбес беті// қылшықтан.
Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. «Әже» өлеңі 7-8 буынды.
О/тыр/са, бой/ы ас/пай/ды 8
Қо/лын/да/ғы ұр/шық/тан. 7
Ал/дын/да/ғы кө/же/нің 7
Кө/рін/бес бе/ті қыл/шық/тан. 8
Мағжан Жұмабаев поэзиясында 7-8 буынды өлең өлшемдері көптеп кездеседі. «Әже» өлеңінен басқа
«Қысқы жолда», «Толқын» өлеңдері де 7-8 буынды, 2 бунақты болып келеді.
Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі.
«Әже» өлеңінде алғашқы бөлім басы ЕРКІН ұйқасқа құрылса
Сығырайған көзі көрінбей а
Томар-томар былшықтан, б
Отырса, бойы аспайды в
Қолындағы ұршықтан. б
Алдындағы көженің г
Қалған тармақ ұйқасы а –б- а - б болып, ШАЛЫС ұйқасқа құрылған.
Жерде жатқан жүнді алып, а
Қайта-қайта түтеді. б
Су сепкендей сап болып, а
Тоқтайды сонда жөтелі. б
Ол ақынның қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен үндесетінін
көруімізге болады. Абайдың 7-8 буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа
құрылған. Мысалы:
Желсіз түнде жарық ай - а
Сәулесі суда дірілдеп. – б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп. – б
Сол сияқты мына өлеңінде де:
Ғашықтық іздеп тантыма - а Аз күн әуре несі іс? - б Өзіңнің қара артыңа, - а Өткен өмір бейне түс. - б.
Бұдан біз академик, жазушы Зейноола Қабдоловтың «Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының,айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі –Мағжан Жұмабаев»,- деген пікірін түсінгендей боламыз, шынында да Мағжанның Абайдай сезініп, Абайдай ойланып,ол кісіні айрықша бағалағанын мына шумақтарынан көреміз. «Алтын хакім Абайға» өлеңінде:
«Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес»
Достарыңызбен бөлісу: |