Желтоќсанныњ жиырма екісі



бет5/7
Дата14.05.2024
өлшемі1.09 Mb.
#501006
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
М.Жұмабаев Әже

Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айту. «Әже» өлеңінде қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездеседі. Анафора –өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Эпифора -өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан.
Көжесін қойшы, кеңесін
Тыңдамай үйден кім шыққан?!
Ал кіріссе ертекке,
Басы қалт-қалт етеді:
«Ертек-ертек, ерте екен…» –
Аузы балп-балп етеді.
«Ерте, ерте, ерте екен…
Тыңда енді ал, шырақ!
Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын
екінші бір нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым.
Теңеулер көбінде -дай/дей -тай/тей жұрнақтары арқылы жасалады.
Су сепкендей сап болып,
Тоқтайды сонда жөтелі.
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі
түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.
Өлеңде ақын эпитетті молынан қолданған, мысалы:
Сығырайған көзі көрінбей
Томар-томар былшықтан,
«...Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат…»
Тыңдап отыр тентектер
Алма беті албырап,
Риторикалық сұрау (лепті сұрау) — ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын
нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық,
шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.
Көжесін қойшы, кеңесін
Тыңдамай үйден кім шыққан?!
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді 
ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан.- бұл жерде «К» дауыссыз дыбыстарынан басталғанын көрсек,
«...Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат…»- мына жерде «С» дауыссыз дыбысынан басталғанын көреміз.
Ассонанс (фр. assonance, лат. assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың
үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық
бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,- «А» дауысты дыбыстарының қайталануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет