«Жеміс шаруашылығы» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс-7: Телітушіні өсіру технологиясы, телітушілерді тұқымынан өсіру



бет24/49
Дата27.01.2022
өлшемі293.91 Kb.
#454887
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
4 дәріс

Дәріс-7: Телітушіні өсіру технологиясы, телітушілерді тұқымынан өсіру.

1. Тұқымды және телімді дайындау жұмыстары.

2. Тұқымдарды стратификациялау.

3. Өсіндімен көбейтілген телітушіні өсіру.

4. Телітушілерді қазып алу, сұрыптау және көму.

Тұқым дайындау және оны егуге ыңғайлау. Тұқым алу үшін жемістерді аналық-тұқымдық екпелерден, өндірістік бақтардан және ормандардан жинайды. Тұқымдардың араласуын болдырмас үшін әр текті, түрді, сұрыпты жеке жинайды және өңдейді. Пісіп-жетілген, бірқалыпты дамыған, ауруларға шалдықпаған және зиянкестер зақымдамаған жемістер алынады. Антипканың, шомырттың, магелаб шиесінің сүйектерін піспеген, бірақ түсі күреңденген жемістерден дайындайды; тәттішиенің, шиенің және шабдалының сүйектерін – орташа және кеш мерзімде піскен жемістерінен, себебі ерте піскендері көбі жетілмеген тұқым береді. Аз мөлшерлі тұқым дайындағанда бөрікбастың шеттеріндегі, жарық пен жылудың жақсы режимінде өскен және жоғары сапалы тұқым қалыптастыратын жемістерден таңдайды.

Тұқымдарды жемістерінен консервілейтін және шарап ашытатын зауыттарда тек салқын тәсілмен босатып алады. Өріктің, шабдалының және алхорының сүйектерін қолмен босатады. Ірі алмалардың өзегін тіледі және тұқымын ұнтағышпен босатады. Шекілдеуіктілер мен сүйектілердің уақ жемістерінен тұқымды негізінен, оларды шырынға өңдегенде алады.

Шекілдеуіктілердің тұқымында қоспаның 5% артпағаны, ұсақ сүйектердің 2 және ірілердің 1%-дан аспағаны жөн. Алынған тұқымдардың өнгіштігін сақтау үшін, оларды 10-11% ылғалдылыққа дейін құрғатады. Оңтайлы құрғату температурасы (оС): шекілдеуіктілерде – 35, сүйектілерде – 20-25. Одан төмен температурада құрғатқанда зең пайда болады және тұқымның тіршілікке бейімділігі нашарлайды. Жоғары температура да қауіпті, себебі ол ұрықтық опат болуына жетелейді және тұқым өнгіштігін жоғалтады. Арнаулы машиналарда тазаланған тұқымдарды желдетілетін үй-жайда 1-5оС сақтайды; шекілдеуіктілерді – қапқа салып іліп қояды (сыйымдылығы 15-20 кг), сүйектілерді – жәшікте).

Тұқымдарды стратификациялау. Жеміс өсімдіктерінің тұқымдарына бір ерекшелік тән: толық пісіп жетілген жемістерден алынған және сол күзде себілген олар көктемде өскін береді, ал көктемде себілгенде өскін бермейді. Тұқымдар көктемде өскін беруі үшін олар жиналғаннан кейін жеткілікті ылғалдылықта, температурада және оттегі болғанда, пісіп-жетілуі қажет көрінеді. Тұқымдар мұндай факторлар кешенін өсу-дамудың табиғи жағдайында, күз-қыс кезеңінде жапырақ немесе қар астында қалған жемісте табатын көреді. Тұқымды егуге дайындау үшін, оларды стратификациялайды (қиын өскіндейтін ағаштардың, бұталардың, кейбір дәрілік өсімдіктердің тұқымдарын, олардың өсуін жеделдету үшін дымқыл құмда, шымтезекте 1-5оС температурада немесе қар астында ұстау).

Тұқымды стратификациялау – олардың көктеуін жеделдету үшін себер алдында дайындау тәсілі. Негізінен қиын көктейтін тұқымдарға (алма, алмұрт, шие және т.б) қолданады. Тұқымдарды дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен, шымтезекпен, мүкпен кезектестіріп қабаттастырады да, сосын төмен температурада және ауа жететіндей етіп ұстайды. Тұқымды стратификациялағанда ең қолайлы жағдай қалыптасады және табиғидан айырмашылығы, тұқымдардың тыныштық кезеңін немесе жинағаннан кейін пісіп-жетілуін бақылайтын жағдай туындайды. Стратификациялау кезеңінде тұқым табиғи жағдайдағыдай тыныштық күйден бірте-бірте тіршілік әрекетіне өтеді. Тұқымның қабығы ісінеді және микроағзалардың әсерінен жұмсарады, өткізгіштігі артады, тұқымның зат алмасуы күшейеді. Күрделі, май-ақуыз және көмірсулы кешеннің қордағы қоректік заттары ферменттердің ықпалымен қарапайымдыларға ыдырайды және жеңіл сіңіріледі. Жасушаға су мен қоректік заттардың өтуі ұрық көлемін ұлғайтады және ұрықтық тамыршаның өсуіне ықпал жасайды. Тұқымды стратификациялағанда қолданылатын құм су мен ауаны жеңіл өткізеді, тұқымнан жеңіл бөлінеді, тұқым көңезденбейді, бұл себу жұмысында өте маңызды, бірақ ол ауыр, тез тығыздалады және құрғайды. Ағаш үгіндісі, шымтезек, мүк борпаңдау, су сыйымдылығы молырақ және жақсы ауаланады. Тек шымтезектің қоңыр түсі тұқымды ажыратуды және бөліп алуды қиындатады. Стратификациялағанда тұқымның 1 бөлігіне төсемнің (субстраттың) 3-4 бөлігін алады, қоспаны жақсылап сулайды, араластырады, жәшікке былай салады: шекілдеуіктілердің тұқымдарын 25-30 см қалың емес, сүйектілердікті – 50-60, бұталардыкін – 30-35 см (салқын орларда) және 50 см (жылы орларда), жәшіктерді жертөледе 3-5оС ұстайды. Стратификациялау кезінде белгіленген температураны ұстап, құрғауына немесе зеңденуіне жол бермейді. Табиғи әр сапалылығына және бір текті болмауына, жиі шығу тегі буданды болғандықтан тұқымдарды дайындау сипаты бірдей болмайды. Тұқымдарды стратификациялаудың соңына қарай (тұқымның 3-5 % тұқым жарған кезде) температураны 0-1оС дейін төмендету, олардың біркелкі жаппай көктеуіне ықпал жасайды. Сондайды, қаптағы субстратсыз тұқымды мұзға 1-2 см қалыңдықпен жайып, төсегенде немесе тұқым салынған жәшікті қар астына көмгенде байқауға болады. Тұқымдардың үлкен тобын, әсіресе сүйектілердің, ұзындығы әртүрлі, ені 1 м, тереңдігі 60-70 см, қабырғалары тақтайлы орларда стратификациялайды. Қысқа қарай орларды топырақпен жабады.

Әртүрлі дақылдар мен түрлердің тұқымдарының стратификациялау кезінің ұзақтығы бірдей емес. Жеміс өсімдіктерінің тұымдарының шығу көлемі, стратификаттау кезінің ұзақтығы және себу мөлшері (В.И.Якушев бойынша)


Телітуші

Жеміс массасынан тұқымның шығымы, %

Стратификация-лаудың ұзақтығы, күн

Сеппе көшет мектепшесіндегі тұқымның себу мөлшері, кг/га

1

2

3

4

Алма:

мәдени ормандық

алхоры жапырақты сібірлік


0,1-0,6

120-130

30-40

0,4-1,0

120-130

30-40




0,3-1,0

до 110

15-20




2,5-5,0

60-70

10-15




Алмұрт:

ормандық


уссурийлік

0,6-1,0

120-130

30-40

1,0-1,2

90-100

20-25

Мұртын жара бастаған тұқымды, өсіп кетпеуі үшін себуге дейін 0о-да ұстайды.

Тұқымның сапасын анықтау. Тұқым сапасы олардың себуге жарамдылығын анықтайды. Жеміс тұқымдарының тазалығын, өміршеңдігін тіршілікке қабілетін және себуге жарамдылығын анықтайды. Тұқым тазалығы – алынған үлгіге (сынамаға) пайызбан көрсетілген таза тұқымның саны. Астық дақылдарынікі сияқты көкөніс дақылдарының да өнгіштігін көктетіп анықтайды. Жеміс өсімдіктерінің тұқымы тыныштық кезеңінен өткеннен кейін ғана көктейді, сондықтан олардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды.

Жеміс шаруашылығында тұқымның тіршілікке қабілеттілігін сезім мүшелерімен (органолептикалық), бояумен және жеделдете көктеумен анықтайды. Тұқым сапасын сезім мүшелерімен олардың сыртқы белгілері бойынша анықтайды. Тіршілікке қабілетті тұқымдардың тұқым жарнақтары ақ болады. Сасық иісті, тұқым жарнақтары күңгірт, сарғылт тұқымды тіршілікке қабілетсіз деп санайды.

Тұқымды бояу (В.И.Пискарев әзірлеген) өлі жасушалардың органикалық бояулармен, мысалы, индигокарминмен көгілдір (көк) түске боялуына негізделген. Бояр алдында сүйектілерді сүйегінен ажыратып тұқымын тәулік бойы суық суда ұстайды. Содан кейін иненің ұшымен тұқымның қабығын қырынан жарып кең жағына қарай сыпырады. Қабықсыз тұқымды үш қайталамада жүз-жүзден 2-3 сағатқа 0,1-0,2 %-ды индигокарминнің (тұқымның бір бөлігін алып) ерітіндісіне салады. Үш сағат өткеннен кейін ерітіндіні құйып алып, ұрықты сумен жуады және талдайды. Сау тұқымдар боялмайды, ал тіршілікке қабілетсіздері көк (көгілдір) түске боялады. Анықтауға алынған тұқымға пайызбен көрсетілген, боялмаған тұқым саны, оның өміршеңдігін көрсетеді.

Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін жеделдете көктету әдісімен анықтағанда тұқымды жоғарыдағыдай дайындайды (М.А.Соловьева әзірлеген). Аршылған ұрықтарды петри табақшасындағы зарасыздандырылған дәкенің үстіне орналастырып, әйнекпен жауып, 20-25оС жылылықта ұстайды. Көктетуді 15-18 күндей жүргізеді, сосын санайды. Тіршілікке қабілеттілерге тіршілік белгілері барларды жатқызады (алғашқы ұрық тамыршаларының болуы, алмада – дән жарнақтарының жасылдану деңгейі бойынша).

Себуге жарамдылығын (тұқымның себу мөлшері осы көрсеткішіне байланысты) тазалық көрсеткішін тұқымның тіршілікке қабілеттілік көрсеткішіне көбейтумен тауып, пайызбен көрсетеді.

Телімді дайындау. Сеппе көшет мектепшесі үшін топырақты дайындауды әр га 40-50 г көң (60-90 кг әсер ету заты бойынша РК қоса) енгізіп, 35-40 см тереңдікке сүдігер жыртудан бастайды. Ерте көктемде ылғал жабу, тырмалау, 8-12 см культивация жүргізу. Топырақ отырған (шөккен) болса 12-15 см тереңдікке тырмалаумен бірге қайтадан жыртады.

Себу. Себуге тек тіршілікке қабілетті тұқымдар қолданылады. Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарының алдын ала стратификацияланған тұқымы көктемде себіледі. Тұқымды қолмен немесе механизм көмегімен себеді. Шекілдеуіктілердің, сондай-ақ шиенің, тәттішиенің тұқымдарын, тереңдікті шектегіштері бар көкөніс немесе жеміс тұқымсепкіштерімен (СПН-4, СПН-8) себеді. Сүйектілердің ірі тұқымдарын (шабдалы, өрік, алхоры) орман (ЛС-4) тұқым сепкіштермен, мақта, жүгерісепкіштерімен де себуге болады. Стратификацияланған тұқымдардың сусымалдығын жоғарылату үшін оларды күн көзінен таса жерде 1-2 сағ құрғатады және құмнан тазартады. Қатарларды анықтырақ ету үшін тұқымдарға астық дақылдарының (арпа, сұлы) немесе көкөніс дақылдарының (ақсүттіген) тұқымдарын із көрсеткіш ретінде қосады (сәйкесінше 3 және 0,02 кг/га есебімен).

Себу сұлбасын топырақтың өңдеу және сеппе көшеттерін қазып алу тәсіліне қарай белгілейді: қатараралықтары 60-70 см бір ізді (1 га 250-300 мың өсімдік орналастырылады), таспа арақашықтығы 60-70 см қос ізді, ал таспадағы іздердің арасы 20-40 см (1 га 400-500 мың өсімдік). Екпе көшеттердің бір қалыпты өсуі үшін 100-120 см2 қоректену алаңы қажет.

Себу мөлшерін тегіне, түріне, тұқымның шамасына, себуге жарамдылығына, танаптық өнгіштігіне және себу сұлбасына байланысты анықтайды.

Шекілдеуіктілердің тарамдалған тамырлы телітушісін алу үшін кейбір тұқымбақтарында оларды көшіріп отырғызу жүргізіледі. Мұндайда тұқымбақтарда тұқымдарды жиілетіп (300 г/1м2), қатарлап немесе шашып себеді, қалыңдығын 0,5-1 см етіп шымтезекпен жабындайды. Сеппе көшеттерді, жиі 1-2 нағыз жарпырақ кезеңінде 70х20х5-6 см сұлбасымен көшіріп отырғызады. Көшіріліп отырғызылған сеппе көшеттерді жабындайды, бірнеше рет суландырады. Шашақты тамыр жүйесін қалыптастыратын шекілдеуікті тектестерді көшіріп отырғызбайды, себебі олар онсыз да шашақ тамырларын қалыптастырады.

Сеппе көшеттерді өсіргенде топырақ бетін қарашіріндімен, шымтезекпен, ағаш үгіндісімен жабындау өте тиімді. Жиі тұқым себумен бірге жабындау үшін ағаш үгіндісі қолданылады. Ол үшін тұқымсепкішке қосымша шанақ жасайды. Бір гектарға 15 т ағаш үгіндісі шығындалады.

Егістік телімді күтіп-баптау егін көгі шыққанша және көктегеннен кейін топырақ қабыршағын қопсытудан басталады. Өскін (көк) қою болса 1-2 жапырақ кезеңінде бірінен-бірінің қашықтығын 2-3 см етіп сиретеді. Сирету кезінде ең әлсіздері аластатылып, ең мықтыларын қалдырады.

Сеппе көшеттерде шашақты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін 3-4 жапырақ пайда болған кезде арнаулы пышақпен (ПКС-0,45; ПКС-0,9) 8-10 см тереңдікте тамырды кеседі.

Одан әрі топырақты мұқият өңдеуді, арамшөптермен, зиянкестермен жүйелі күресуді жалғастырады, сондай-ақ суландыру және үстеп қоректендіруді қоса.

Суландыруды топырақтың танаптық су сыйымдылығы 75-80 %-ға төмендегенде бастайды. Маусым бойы 5-6 рет суландырады. Қатараралықтарға суландырғаннан және жаңбырдан кейін 2-3 см тереңдікке, ал көшеттің өсу барысында 8-10 см культивация жүргізеді. Қатар бойындағы топырақты қол құралымен қопсытады немесе симазин (4 кг/га) гербицидімен өңдейді.

Сеппе көшеттерді, өсуін үдету үшін NРК мөлшесін 20 кг/га алып үстеп қоректендіреді. Кейін NРК мөлшесін 30 кг/га жеткізеді. Бірінші үстеп қоректендіруді өсімдіктің биіктігі 8-10 см жеткенде жүргізеді, екіншісін – 15-20 тәуліктен кейін. Үстеп қоректендіруді суландыратын суды жас қи төгілген ор арқылы жіберіп те жүргізуге болады.

Сеппе көшеттер өсу кезеңінің басында зиянкестермен (сымқұрттармен, зауза қоңызының құртымен жапырақ битімен), аурулармен (ақұнтақпен) зақымдалады, ал ересек өсімдіктер тазқотыр ауруына шалдығады. Өсімдіктердің зиянкестер мен аурулармен жаппай зақымдануын болдырмау үшін қорғау шараларын алдын ала, зиянкестердің, аурулардың пайда болуына дейін жүргізу керек.

Жылуы тапшы және топырағы құнарсыз аудандарда тұқымдық телітушілерді қорғаулы жерлерде (пленкалы жылыжайда) өсіреді. Қопсытылған топыраққа қалыңдығын 4-7 см етіп шіріген шымтезек төгеді. Тұқымды ашық жерге қарағанда 15-20 тәулік ертерек, бірінен-бірін 15-20 см етіп 1 м ендікте таспалап себеді. Бір шаршы метрге 120-130 сеппе көшет отырғызады. Жаз бойы сеппе көшетті суландыруды, топырақты қопсытады, үстеп қоректендіреді, аурулармен және зиянкестермен күрес жүргізеді. Жылы күндері жылыжайды желдетеді. Пленканы, өсімдіктердің өсуі аяқталғанда, оларды табиғи жағдайға бірте-бірте бейімдей отырып, ашады. Бір га пайдалы жерден стандартты 500-600 мың телітуші алынады.

Өсіндімен көбейтілген телітушіні өсіру

Телітушіні өсінді жолымен көбейтуді клонды телітушілердің аналығында сабақтамалармен (көкжиектеп, тіктеп), қалемшелермен (жасыл, ағаштанған, тамыр) жүргізеді. Аналық болмаса жаңа бойшаң емес телітушілерді жеделдетілген тәсілмен – көзсабақтаумен көбейтеді. Ол үшін тұқымбақтың бірінші танабындағы тұқымдық телітушіні екі көзшемен көзсабақтайды: жоғарғысына мәдени сұрыптікімен, төменгісіне – бойшаң емес телітушінікімен. Екінші танапта төменгі көзшенің көзсабақтамасын доғалап иеді және топырақпен жабады (көмеді). Күзге қарай иілген көзсабақтың астыңғы жағында тамырлар пайда болады. Сабақтаманы аналық тұқымбақ немесе көшеттердің бірінші танабын салуға бөліп алады. Жоғарғы көзшеден біржылдықты өсіреді (12-сурет).

Телітушілерді қазып алу, сұрыптау және көму

Сеппе көшеттерді қазып алу – соңғы және өте жауапты жұмыс. Сеппе көшеттерді, өсімдіктер өсуін тоқтата бастағанда және өркеннің сүрегі жетілгенде, өсінді кезеңінің соңында, қыркүйектің аяғында – қазан айының басында қазып алады. Жасыл жапырақты телітушілер көмбеде құрғайды, ал қыста қар астында жапырақтарын зең басады. Егер топырақ құрғақ болса, қазып алар алдында өсімдіктерді суландырады.

Сеппе көшеттерді соқалармен (ВНП-2), сымды транспортеры бар қазып алғыш машинамен (ВМ-1,25), сондай-ақ қолмен қазып алады. Алдын ала, 15-20 тәулік бұрын өсімдікті дефолианттармен (кальцийдің хлорат – хлоридтың 0,1-0,2 %-ды ерітіндісімен немесе магний хлоратының 0,3 % ерітіндісімен) бүркеді. Дефолиант болмаса қазып алар алдында екпе көшеттердің жапырағын қолмен мытиды (жұлады).

Қазып алу кезінде сеппе көшеттердің тамырларының едәуір бөлігінің жоғалуына байланысты, сеппенің топырақ үстілік жүйесін 25-30 см биіктікте трактор шөпшалғысымен шауып алады. Қазып алу кезінде сеппенің тамыр жүйесінің ұзындығы 20-25 см кем болмауын қадағалайды.

Қазып алынған телітушілерді сұрыптарға топтайды, тұқымбақтың бірінші танабына отырғызады немесе көктемде отырғызу үшін көмбеге көмеді. Көмбеге су жиналмайтын, тышқан індерінен алысырақ жерді таңдайды. Топырақты жыртады, телімді орамдарға бөледі. Көмуді тереңдігі 20-25 см атыздарға жүргізеді. Өсімдіктерді атыздарға жұқалап, оңтүстікке бағыттап көлбеулетіп сұлата орналастырып, борпаң топырақпен жабады. Көмбені суландырады, тышқаннан қорғау үшін, шеттерінен тереңдігі мен ені 40-50 см ор қазады. Орды жүйелі түрде қардан тазартып отырады.

Тоңазытқыштарға, жиі қыста телуге пайдаланылатын телітушілер сақталады. Телітушілерді 50-100-ден бауға байлап, дымқыл құммен, мүкпен немесе ағаш үгіндісімен араластырып, жәшікке немесе қат-қабаттап орналастырады. Тоңазытқышта температура – 2оС-дан +2оС-ға дейін болады, салыстырмалы ылғалдылық – 85-95 %.

Телітушілерді жеміс және жидек өсімдіктерінің отырғызылатын материалдарына салалық стандарттар қоятын талапқа сай сұрыптайды. Телітушілерлдің сапасы тамырларының саны, олардың ұзындығы және сүңгекшіктерінің жуандығы бойынша анықталады.

Шекілдеуіктілер мен сүйектілердің тұқымдық телітушілерін екі тауарлық сұрыпқа бөледі. Бірінші сұрыпқа, ұзындығы 15 см кем емес және тамыр мойнының диаметрі 7 мм кем емес үш тарамды тамырлы 1-2 жылдық сеппе көшеттер, екінші сұрыпқа, ұзындығы 15 см кем емес, тамыр мойнының диаметрі 5 мм кем емес үш негізгі тамырлы 1-2 жылдық сеппе көшеттер жатады.

Сүйекті дақылдардың бірінші сұрпына, ұзындығы 15 см, тамыр мойнының диаметрі 6 мм кем емес, түк басқан, тарамдалған немесе кіндік тамырлы бір жылдық сеппе көшеттер, екінші сұрпына тамыр мойнының диаметрі 4 мм кем емес бір жылдық сеппе көшеттері жатады.

Сүңгекшесінің диаметрі 3 мм кемдері (оларды жетілдіру үшін мектепшеге дейінгі телімге отырғызуға болады), сондай-ақ сүңгекшелері қисайған, жалаңаш кіндікті тарамдалмаған тамырлы немесе карантинді аурулармен және зиянкестермен зақымдалуының ізі бар сеппе көшеттер жарамсыз саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет