5-тарау. Кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері
25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері мынадай шамалардан төмен болмауы тиіс:
2010 жылғы 1 сәуірге дейін:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 350 000 000 (үш жүз елу миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге;
Заңның 6-бабының 3-тармағының 9) - 15) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар бойынша және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 000 000 (төрт жүз елу миллион) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдары үшін - 450 000 000 (төрт жүз елу миллион) теңге;
2010 жылғы 1 сәуірден бастап:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 420 000 000 (төрт жүз жиырма миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру
ұйымы үшін - 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңге;
Заңның 6-бабының 3-тармағының 9) - 15) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар бойынша және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 590 000 000 (бес жүз тоқсан миллион) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру
ұйымдары үшін - 540 000 000 (бес жүз қырық миллион) теңге;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 850 000 000 (сегіз жүз елу миллион) теңге;
Заңның 6-бабының 3-тармағының 9) - 15) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар бойынша және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 760 000 000 (жеті жүз алпыс миллион) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдары үшін - 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңге;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 1 100 000 000 (бір миллиард жүз миллион) теңге;
Заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар бойынша және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша лицензиясы бар сақтандыру
ұйымы үшін - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру
ұйымдары үшін - 780 000 000 (жеті жүз сексен миллион) теңге.
26-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН .
27. «Жалпы сақтандыру» саласында «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының мөлшері мынадай шамалардан кем болмауы тиіс:
2010 жылғы 1 сәуірге дейін - 900 000 000 (тоғыз жүз миллион) теңге;
2010 жылғы 1 сәуірден бастап – 1 080 000 000 (бір миллиард сексен миллион) теңге;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге.
28-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН .
6-тарау. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі
және кепілдік беру қорының нормативі
29. Егер төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері барынша төмен кепілдік беру қорынан төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері барынша төмен кепілдік беру қорына тең шекті құрайды.
30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингіне байланысты қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйақылары сомасына өсіріледі. Оларды есептегенде осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағалардың барынша төмен рейтингі қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдері Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру
ұйымдарына қайта сақтандыруға былай берілуі мүмкін:
1) тіркелген елдің уәкілетті органының тиісті лицензиясы (тіркелген) бар болса;
2) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 тіркелген, «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен бекітілген оффшорлық аймақтардың тізіміне енгізілмеген, Сақтандыруды Қадағалау Органдарының Халықаралық Қауымдастығының (IAIS) мүшесі болып табылатын елде (аумақта) тіркелген;
3) әр талап бойынша 176 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес сақтандыру сомасына және жыл ішіндегі барлық талаптар бойынша 263 000 айлық есептік көрсеткіш бойынша өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігі үшін сақтандыру шарты бар.
31. Нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерімен мынадай формула бойынша есептеледі:
НТҚМ
ТҚМЖН = ----------------- >= 1,
ТҚМБТМ
онда:
ТҚМЖН - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі;
НТҚМ - нақты төлем қабілеттілігі маржасы;
ТҚМБТМ - төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі бірден кем болмауы тиіс.
32. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер құнының есебіне, сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескергенде, мыналар кіреді:
1) ақша:
қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасының бір пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жолдағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі картшоттардағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
2) осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар - осы Нұсқаулықтың 4, 6-қосымшаларында көрсетілген көлемде;
3) осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 4) - 13) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары - осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген көлемде;
4) «Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акциялары – күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі баланстық құнның (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергендегі) жүз пайызы көлемінде;
5) материалдық емес активтер:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің он пайызынан аспайтын көлемде;
(6-ТАРМАҚША ЖАҢА РЕДАКЦИЯДА -01.01.2011ЖЫЛДАН БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ)(БІРАҚ ТА, БҰЛ ЖЕРДЕ ӘЛІ ЕСКІ РЕДАКЦИЯ)
6) қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, күмәнді борыштар бойынша резервті шегере отырып, сақтанушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары:
шарт талаптары бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек - алынатын ағымдағы сома мөлшерінің жүз пайызы көлемінде;
шарт талаптары бойынша мерзімі 90 күнге дейін өтіп кеткен берешек - алынатын ағымдағы сома мөлшерінің елу пайызы көлемінде;
7) «өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру
ұйымдарының сақтанушыларына беретін заемдары - негізгі борыш сомасының жүз пайызы көлемінде;
8) - ТАРМАҚША АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН .
9) қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар - жинақталған амортизацияны ескере отырып, баланстық құнның жүз пайызы көлемінде.
(ЕКІНШІ БӨЛІКТЕ СӨЗДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ – ОЛ 01.01.2011Ж. БАСТАП ЕНЕДІ)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапа және өтімділік жіктелімін ескергендегі активтер құнының есебіне шарттың талаптары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек, сондай-ақ ірі қатысушылардың, еншілес ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын немесе қомақты үлесі бар ұйымдардың, сондай-ақ өзге де аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді.
33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы күн сайын қайта сақтандырушының үлесін алып тастағандағы сақтандыру резервтерінің сомасына жоғары өтімді активтер құнының қатынасы ретінде есептелетін жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативін мынадай формула бойынша сақтайды:
ЖӨАҚ
ЖӨАЖН = --------------- >= 1,
СРС
мұнда:
ЖӨАЖН - жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативі;
ЖӨАҚ - осы Нұсқаулықтың 36-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтердің күнтізбелік күн соңындағы құны;
СРС - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды, сақтандыру резервтері жөніндегі есептілікті беру нысандарын және мерзімін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6293 тіркелген) сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесін алып тастағандағы сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтері сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық есеп беруді ұсынған күнге дейін пайдаланылады.
Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептегенде, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесінің сомасына «Standard & Poor's» агенттігінің «В-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі кіргізілмейді.
33-1. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептегенде, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесінің сомасына Қазақстан Республикасының резиденттері және Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мынадай жағдайлардың бірі болғанда кіргізілмейді:
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы «Standard & Poor's» агенттігінің «В-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ;
қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараты, оның ішінде қайта сақтандыру шартын жасаған күннің алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептілігі және оны тіркеген елдің уәкілетті органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейінгі соңғы есепті кезең ішінде төлем қабілеттігі маржасы (меншікті капиталы) бойынша талаптарын сақтауы туралы ақпараты жоқ;
сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валютасы бағамының өзгеру нәтижесінде асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түсуі;
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған қайта сақтандыру шарты ерікті жеке сақтандыру немесе қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіпіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерді тапсыруды көздейтін факультативті қайта сақтандыру шарты болып табылады;
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған қайта сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіпіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тәуекелдерді тапсыруын көздейтін факультативті қайта сақтандыру шарты болып табылады;
қайта сақтандыру шарты жауапкершіліктің он пайыздан аспайтын және сақтандыру сыйлықақының елу пайыздан астам көлемін тапсыруды көздейді;
қайта сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының халықаралық рейтингтік бағасы төмен не активтерінің немесе меншікті капиталының мөлшері қайта сақтанушыдан (цеденттен) қарағанда кем сақтандыру тәуекелдерін тапсыруды көздейді;
қайта сақтандыру шарты қайта сақтанушының (цеденттің) қайта сақтандыру саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) ережелеріне қайшы келтіріп жасалған;
қайта сақтандыру шартында қайта сақтанушыны (цедентті) және сақтандырылған тұлғаны қоспағанда, қайта сақтанушының (цеденттің) аффилиирленген тұлғасы және (немесе) сақтанушының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру сыйлықақының, пайданың және (немесе) қайта сақтандыру шарты немесе шарттар тобы бойынша қайта сақтанушының кірістері мен шығыстары арасындағы пайдалы айырмасының бөлігін алу туралы талабы бар.
33-2. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін факультативті қайта сақтандыру шарты болып қайта сақтандырушыда қайта сақтандыруды жабуы таралатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде қайта сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі, ал қайта сақтанушыда (цедентте) қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеу, сондай-ақ келісімде көзделген өзге міндеттемелерді орындау міндеті туындайтын талаптарға сәйкес қайта сақтанушы (цедент) және қайта сақтандырушы арасындағы келісім танылады.
33-3. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен төлем қабілеттілігінің нақты маржасының есебіне қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіпіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тәуекелдерді тапсыруын көздейтін факультативті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін кіргізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шартты жасаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарландыру мен факультативті қайта сақтандыру шартының көшірмесін, сондай-ақ қайта сақтандыруға тәуекелдерді тапсыру қажеттілігінің жазбаша негіздемесін ұсынады.
Уәкілетті орган хабарландыруды, факультативті қайта сақтандыру шартының көшірмесін, сондай-ақ қайта сақтандыруға тәуекелдерді тапсыру қажеттілігінің жазбаша негіздемесін факультативті қайта сақтандыру шартын және (немесе) уәкілетті орган сұратқан қосымша мәліметтерді берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен төлем қабілеттілігінің нақты маржасының есебіне факультативті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мынадай жағдайларда кіргізілмейді:
факультативті қайта сақтандыру шартын жасауы осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциялық нормативтердің бұзылуына әкеп соққанда не әкеп соғуына мүмкін;
сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға тапсыру қажеттілігінің негіздемесі жоқ болғанда;
сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелін өздігінен ұстап қалу мүмкіндігі болғанда.
34. Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің есеп айырысу мәніне қатыссыз жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі егер уәкілетті орган мынадай фактілерді анықтаған жағдайда орындалмаған болып есептеледі:
заңды күшіне енген белгіленген сот шешімі бойынша сақтандыру төлемдерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы және/немесе сақтандыру (шарт) ережесімен белгіленген мерзімде не сот шешімінде көрсетілген мерзімде уақтылы жүзеге асырмау;
сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту және/немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін негізсіз кеміту туралы заңды күшіне енген сот шешімі.
35. Уәкілетті орган "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге "Moody's Investors Service", "Fitch" және «A.M. Best» агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да мойындайды. Бұл ретте «A.M. Best» агенттігінің рейтингтік бағалары осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының мақсаттары үшін ғана пайдаланылады.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері немесе оларға сәйкес келетін, осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасында көрсетілген рейтингтер пайдаланылады.
36. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері жоғары өтімді активтер ретінде танылады:
1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының бір пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақшасы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары;
3) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін:
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар;
резидент емес бас банктерінде "Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банктер болып табылатын;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздары;
6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;
7) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) қаулысында (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің "В-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;
8) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:
қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктердің бағасының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) қолданылатын қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес жасайды;
қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізеді;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кем дегенде екі аяқталған қаржылық жыл үшін ұсынылған;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан көп немесе оған тең. Бұл ретте борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың бір жылындағы таза кірісі аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша соңғы екі жылдың әрбір жылы үшін негізгі қызметі бойынша сату көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;
борыштық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінде болуы кезінде осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иелігінен алу (табыстау) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмайды;
9) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында, сондай-ақ 8) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:
қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктердің бағасының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізеді;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін қаржылық есептілікті ұсынған;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған қаржылық үш жылдың бір жылында таза кірісінің болуы;
лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша соңғы қаржылық жыл үшін негізгі қызметі бойынша сату көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иелігінен алу (табыстау) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмайды;
10) шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздары;
11) шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
12) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
13) Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металлдары және металл депозиттері, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасына немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі металл депозиттері.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдары осы Нұсқаулықтың 6-қосымшаcында көрсетілген көлемде жоғары өтімді активтер есебіне енгізіледі.
37. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының айналысқа шығарған, «Standard & Poors» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарына орналастыра алады:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
2) Еуропалық қайта құру және даму банкі;
3) Америкааралық даму банкі;
4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
5) Азиялық даму банкі;
6) Африкалық даму банкі;
7) Халықаралық қаржылық корпорация;
8) Ислам даму банкі;
9) Еуропалық инвестициялық банк;
10) Еуразиялық даму банкі.
38. Осы Нұсқаулықтың 32 және 36-тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасын есептеу үшін мыналар ескерілмейді:
1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектеулі активтері (кепілге беру, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін және басқаларын орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану);
2) заңды тұлғалардың акциялары және Заңға сәйкес ірі қатысушылар немесе еншілес ұйымдар (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты үлесі бар ұйымдар) болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдары;
3) осы ұйымға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың шығарған бағалы қағаздары.
39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасын есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 32 және 36-тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалған «кері РЕПО» мәмілелері осы Нұсқаулықтың 41-тармағына сәйкес есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |