2.1.2-практикалық жұмыс. Білім беру ұйымында оқытудың кредиттік- модульдік технологиясы қолданылады ма? Олай болса, ол қалай көрінеді? Егер жоқ болса, онда қандай білім беру технологиялары қолданылады? Жауабын негіздей отырып жазыңыз
Колледжімізде 2021 жылдың қыркүйегінен бастап кредиттік- модульдік оқыту технологиясы қолданыста. Осы оқыту технологиясы бойынша биылғы жылы қабылданған мамандықтар бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жасалды. Ерекшелігі бағалау жүйесінде өзгерістер бар, яғни баллдық көрсеткіштің сипаттамалары, олар : 0-49% - «2»; 50-69% - «3»; 70-89%- «4»; 90-100% - «5».
2.1.3-практикалық жұмыс. Әдебиеттерді, интернет дереккөздерін талдаңыз және «ТжКОБ ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясының негізгі аспектілері» тақырыбына эссе жазыңыз
Жаһандану үдерісі жағдайында қысқа мерзімде әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу және халықаралық білім стандарттарына жақындату міндетін жүзеге асыру үшін еліміздің білім беру жүйесі кредиттік технологияны енгізумен қатар, отандық озық тәжірибе мен дәстүрлі тұлғаның мүддесі мен қаблетін ескере отырып, білім беру мекемелерінде қолдану, жетілдіру әрбір маман міндеті.
Кредиттік- модуль жүйесінің айрықша белгілері ол:
-Оқу жоспарында көрсетілген пәндерден әрбір студент өзі оқитын пәндерді таңдап, өзінің оқу жоспарын құрады;
- Таңдауға көмектесуге оқу процесіндегі академиялық кеңесшілерді (тьютор, жетекшілерді) тарту;
-Әр пән бойынша оқытушылар мен студенттердің жұмсаған еңбегін бағалау үшін сынақ бірлігі (кредит) жүйесін енгізу;
-Студенттердің оқытылатын пәнді меңгеруін бағалау үшін баллдық рейтинг жүйесін қолдану.
Болон декларациясында қарастырылғандай, кредиттік-модульдік жүйе негізінен дербес білім алуға баса назар аударатын екі функцияны орындайды:
-біріншісі студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етеді, яғни бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына кедергісіз, еркін ауысуды (оқуға немесе жұмысқа көшуге);
-екіншіден, студенттің таңдаған бағыты немесе мамандығы бойынша оқуы үшін кредиттік- оқу жүктемесі нақты есептеледі. Кредит көлемі студенттің өзі таңдаған бағдарламаны қаншалықты меңгергенін көрсетеді.
2.1.4-практикалық жұмыс. Білім беру ұйымының қызметін талдаңыз және осы білім беру ұйымында академиялық дербестікті енгізу мүмкіндігін бағалау бойынша SWOT-талдау картасын дайындаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |