және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет42/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
МОРФ КИТАПП

Вентральды узын байлам соңғы көкірек омыртқаларының дене- леріндегі вентральды қыр бойымен қүйымшаққа дейін созылып, олар- ды езара вентральды жағынан байланыстырады.
Жотаустілік байлам — көкіреқ бел омыртқаларының және қүйымшақтың жоталық өсінділерінің үстінде жатып, оларды байланы- стырып түрады.
Омыртқа бағанасының краниальды бөлігінде желке — 1і£. писһе — орналасқан. Ол эластикалық (серпімді) дәнекер тканінен түзілген. Өзінің серпімділік қасиетінің арқасында жануарлардың басы мен мой- нының көтерілу кезіндегі қозғалысьга қамтамасыз ететін бүлшықеттерге жәрдем береді. Желке екі бөліктен: арқаншадан — йпиісиішп писһе және пластинкадан — Іатіпа писһе — түрады. Жел- кенің арқанша белігі жотаүстілік байламның мойындағы жалғасы бо- лып табылады. Ол шүйде сүйегіне барып бекиді. Желке пластинкасы мойын омыртқалардың жоталық өсінділерінен басталып, желкенің арқанша бөлігіне жалғасады.
Үй жануарлары арасында желке ірі қара малда, үсақ малда және жылқыда жақсы жетілген.
Омыртқа бағанындағы қүйымшақ омыртқалары синостоз арқылы байланысқан.
Атлант-білік буыны — агіісиіаііо аііапіоахііагіз — бірбілікті, қарапайым буын. Ол атланттың каудальды буын ойысы мен білік омыртқаның тісше өсіндісіндегі вентральды буын бетінің байланысуы нәтижесінде түзіледі. Аталған буын ауыз омыртқтасы (атлант) мен бастың бір біліктің бойымен оңға және солға айнала қозғалуын қамтамасыз етеді.
Қабырғалар байланысы
Қабыргалардың жоғарғы бастары омыртқалармен буын, ал төменгі үштары шеміршек ткані арқылы төссүйекпен байланысады.
Қабырға-омыртқа буындары — агіісиіаііо созІоѵегіеЪгаІез — қабырғалар мен көкірек омыртқаларының байланысынан түзіледі. Өз кезегінде ол екі буыннан түрады.

    1. Қабырга басының буыны — аііісиіаііо саріііз созіае — қабырға басы мен омыртқа денесіндегі ойысының байланысуынан түзіледі.

    2. Қабырга-көлденеқ өсінді буыны — агіісиіаііо созіоігапзѵегзагіа' — көкірек омыртқасының көлденең өсіндісі мен қабырға төмпегінің байлаңысынан қүрылады. Аталған буындарда қабырға басын омыртқа ойысымен жалғастыратын буынішілік және қарсы жақтың қабырға бастарын өзара байланыстырып түратын байламдар болады.

Төссүйек пен стернальды қабырғалар шеміршектері аралығында төс-қабырға буындары — агіісиіаііо зіегпосохіаііз — болады.
Төссүйегі шеміршектері өзара синхондрозбен жалғасады. Ірі қара және үсақ малдарда, шошқада төс түтқасы оның денесімен буын арқылы байланысады.

Алдықғы аяқ сүйектерінің байланысы



  1. Иық буыны — агіісиіаііо һитегі — жауырынның буын ойысы мен тоқпан жіліктің басының қосылысынан түзілген. Бүл қарапайым, кепбілікті буынға жатады. Буыңды сыртынан буын қапшығы қаптайды.

  2. Шынтақ буыны — аііісиіаііо сиЬіІі — қүрылысы жағынан күрделі, қозғалысы жағынан бірбілікті буын. Ол тоқпан жілік пен шынтақтың, тоқпан жілік пен кәрі жіліктің және кәрі жілік пен шынтақтың проксимальды үштарының байланыстарынан пайда болған. Шынтақ буынында буын қапшығынан басқа латеральды және медиальды бүйір, сүйекаралық және көлденең байламдар бар.

Алдыңғы аяқ басы буындары — агіісиіаііо тапиз — бірбілікті бірнеше буындардан қүралған.

    1. Тізе буыны — агіісиіаііо сагрі — күрделі, бірбілікті буын. Бүл буьгады қүрауға кәрі жіліқ шынтақ, тізе және алдыңғы жіліншік сүйектері қатысады. Буын қапшығының сыртқы фиброздық жарғағы буынға ортақ болады да, ал синовиальды жарғақ буындасушы сүйек- тердің әрбір қатарына бекіп, бірнеше буын қуысын түзеді.

Буынның латеральды, медиальды үзын және қысқа бүйір байлам- дары болады. Бүдан басқа бүл буында проксимальдьт және дистальды қатарлардағы сүйектерді байланыстыратын қатараралық және бір қатардағы тізе сүйектерін өзара байланыстыратын сүйекаралық бай- ламдар болады.

    1. Түсамыс буыньі — агіісиіаііо теіасагро рһаіап^еа — қарапайым, бірбілікті буын. Ол алдыңғы жіліншіктің дистальды бөлігі мен түса- мыс сүйектің проксимальды үшын байланыстырып түрады. Буында буын қапшығы мен бүйір байламдар болады. Бүдан басқа осы аумақта орналасқан тиек сүйектерінің арнаулы байламдары да бар.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет