Және оның қасиеттері, жіктелуі. Ақпараттық жүйе және оның құрылымы



бет2/5
Дата17.10.2023
өлшемі31.41 Kb.
#480924
1   2   3   4   5
Дәріс1 АЖ негіздері (1)

Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі
мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды

қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады.
Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  1. жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;

  2. берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы;

  3. тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;

  4. берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.

Барлық жүйе әр түрлі бұзылулардан, санкцияланбаған қол сұғудан, шектеулерден және жүйенің сапалық мазмұнын жақсарту арқылы қорғалуы тиіс. Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы – ақпараттық ресурс.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады.
Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат.
Ақпаратты-есептеу жүйесі бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.
Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.
Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады:
Схема1. Ақпараттық жүйе құрылымы

Мұндағы: 1-техникалық жабдықтау, 2-математикалық жабдықтау, 3-программалық жабдықтау, 4-ақпараттық жабдықтау, 5-құқықтық жабдықтау, 6-лингвистикалық жабдықтау, 7-ұйымдастырумен жабдықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет