Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі-бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.
Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы.
Схема2.Техникалықжабдықтауқұрылымы. Техникалық
жабдықтау
ақпаратты дайындау, жинау және
тіркеу құралдары
ақпаратты өңдеу
құралдары
Ақпаратты
беру құралдары
Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.
Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады.
Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады.
Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.
Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.
Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.
Математикалық жабдықтау– ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы.
Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптарына келесілер жатады: