Және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы


Жалпыға бірдей сайлау құқығы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата01.11.2022
өлшемі200.05 Kb.
#463770
1   2   3
Сайлау құқығы — Уикипедия (1)

Жалпыға бірдей сайлау құқығы
Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары
тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген
өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент,
Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау
құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа
толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы;
• бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның
Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық
шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат
тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін
меңгерген әрі 
Қазақстанда
 кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы
болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда
көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар
шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-
бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және
сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке
ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық
жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын
азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі
бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға
және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер
соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда 
тергеу изоляторлары
мен
уақытша ұстау изоляторларында
сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған
адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар
сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір
сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын


куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау
құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет